Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы 4-сынып Ақтөбе-2017 Қазақ тілі



бет6/10
Дата02.01.2022
өлшемі30.63 Kb.
#452014
түріМазмұндама
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
диктант жинағы 4

Қазақ тілі

4-сынып
Сөздік диктант №1

Тарбағатай, Сырдария, Амангелді, Бурабай, Абай, Ілияс, Шымкент, Мағжан, Барсакелмес, Ыбырай.


Сөздік диктант №2

Сүйкімді, туысқан, көлбақа, кемпірқосақ, құрбы-құрдас, киім-кешек, АҚШ, құмырсқа, ұмтылу,қолғанат.



Қазақ тілі Мәтінді көшіру

Пайдалы жәндіктер
Пайдалы жәндіктер қатарына жарғанат, үкі, бақа, кірпі жатады.Жарғанат бір түнде жүздеген қоңыздар мен инеліктерді жеп үлгереді. Ал олар ағаштың жапырағын , өсімдіктердің тамырын бүлдірді. Үкі бір түнде он-он бес тышқан ұстап жейді.Тышқандар-егіннің бірінші жауы.

Бақа адамға зиянды маса,шіркей, қоңыз сияқты жәндіктерді жейді. Ал кірпі тышқанмен, улы жыланмен қоректенеді.

Жарғанатты, үкіні, құрбақаны, көлбақаны және кірпіні қорғаңдар! Олар адамға өте көп пайда келтіреді. Олар-біздің досымыз . (68 сөз)
Қант

Қант жемістерде , бақша өсімдіктерінде болады. Әсіресе қызылшаларда қант көп. Сондықтан да ақ қызылшадан өндіріледі. Қант зауыттарында ыстық су толтырылған үлкен-үлкен он алты қазан болады. Тазаланған , жұқалап туралған қызылша осы қазандарға салынады. Осы кезде қызылшаның тәтті шырыны суға шығады. Тәтті су бір қазаннан екінші қазанға құйылып, үнемі араласып тұрады. Ақырында ең соңғы қазаннан қою қара күрең түсті шырын шығады. Ол сүзіледі, қайнатылады. Арнаулы машинаға құйылып, үлкен жылдамдықпен айналдырылады. Сол кезде қою шырыннан құмшекер бөлінеді. (73 сөз)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет