Қазақ тілі
4 –сынып
Мазмұндама
Өмір жасыңды ұзартқың келсе, ағаш ек!
Адам таза ауамен демалады. Адам демімен шыққан ауа қайтып жұтуға жарамсыздау болады. Біз үнемі тазасын жұтып, жарамсыз етіп отыратындықтан, егер таза ауа бір жақтан келіп тұрмаса, жер үстінде жұтуға жарамды ауа қалмас еді.
Сонда таза ауа қайдан келеді деп ойлайсыңдар? Дұрысы-таза ауа ешқайдан келмейді. Айналамыздағы ағаштар біздің демімізден шыққан жарамсыз ауаны жұтып, бірақ өзі үшін қажетті иісті ұстап қалып, онымен қоректенеді де, ауаны тазартып, қайтадан шығарады.
Үйіміздің айналасында, көшеде өсіп, жапырақ жайып тұрған ағаш неғұрлым көп болса, соғұрлым таза ауа да көп болады.
Таза ауамен демалған адамның дені сау, көңілі хош болып ұзақ өмір сүруіне мүмкіндік алады. Осы себепті бабаларымыз, «өмір жасыңды ұзартқың келсе, ағаш ек!» деген екен.
Жоспар:
Таза ауа
Таза ауа қайдан келеді?
Ағаш ек!
Достарыңызбен бөлісу: |