«Дінтану» Оқытушы үшін пәнінің оқу- әдістемелік кешені



бет2/8
Дата22.02.2016
өлшемі0.55 Mb.
#2082
1   2   3   4   5   6   7   8

Ригведа бойынша, ең басты қүдай - Аспан Дьяус қүдайы, қүдайлардың кесі, оның йелі - Жер Притхива қүдайы. Барлық қүдайлар осы екі қүдайдан тарады дейді. Ең атақты қүдайдың бірі - Индра әлемді үстап түрған, жындарға қарсы, данышпан және батыр, жылы мен жарықтың, жауын мен дауылдың қүдайы. Оның ерлігіне арналған 250 гимн бар. Тағы да, үй мен отбасының, бақыт пен денсаулықтың қүдайы - Агни. Оған арналған Ригведада 200 гимн бар

Брахман діні - бар әлемнің генетикалык, түп негіздік бастамасы және олардың соңы. Брахман екі түрлі болады. Бірінші түрі қозғалмайды, нақты өмір сүреді, бірақ жойылып кетуі мүмкін, ал екіншісі жойылмайды, өлмейді, қозғалыста болады және ақиқат. Бірінші брахман көп түрлі болса, екіншісі жеке түрлі болады. Брахман жрецтері әр түрлі дәлелдер аркасында Веданы өздерінің жағдайларына ыңғайлап, халық арасында үлкен авторитетке ие болады. Жрецтерге қүрбандық жасау ритуалына ақы төленеді. Ақыны алтын мен бүқа, ат және киіммен төлеуге болады. Олардың мүліктеріне ешкім тиісе алмайды, солардың арасында - патша да. Брахман жрецтерінің айтуы бойынша адамның үзақ жасауы тікелей қүрбандық жасау ритуалына байланысты, кім көп қүрбандық ри­туал жасаса, сол үзақ өмір сүреді дейді. Өмір кайталанып отырады, өлім ол басқа сапаға көшу деген сөз. Адам жанының әрбір нәрсеге айналып отыруы «кармага» байланысты, немесе қанша жақсылық және жамандық жасағанына байланысты.

Индуизм Веданың көптеген көзқарастарын сақтап, ары қарай дамыды. Мысалы, «карма» туралы, Веданың қасиетті екенін, «сансара» туралы, яғни, өмір жанының тоқтамауы, жанның бір денеден екінші денеге көшуі және т.е.с көзкарастары. Индуизм үнді халкы үшін қатардағы дін емес, ол өмір сүру формасы, этикалык, адамгершілік және жеке адамның өмір сүру мәні болып есептеледі. Индуизм діні Брахман дініне қарағанда өте қарапайым және түсінікті. Индуизм дінінің қүдайлары адамдардың мүсініне жақын және өмір сүру формасы да түсінікті. Осы дін бойынша үш қүдайдың барлығына сенім бар. Брахма, Шива және Вишну. Әрқайсысының өзінің мүсіні, мінезі және істейтін ісі бар. Брахма - бар әлемді жаратушы, барлық нәрсенің түп негіздік бастамасы, ең жоғары ақикаттың бірлігі, әр түрлі тірі нәрселердің негізі мен қозғаушы күші. Үнді халықтары көбінесе қалған екі құдайға шоқынады, Шива мен Вишнаға. Шиваөз мүсініне көптеген күдайларды ендіреді. Шива - қатал, қоркынышты қүдай. Оның үш көзі бар, денесіне жыландар жабысқан, мойнында бас сүйектері бар. Шива - өнер мен ғылым-ның, салтанатардың күдайы. Ол сонымен қатар, өлімнің, қиратудың, «бүзудың», өзгертудің қүдайы болып табыла-ды. Осымен бірге, еркек күшін беруші, балалар жасаушы болып бейнеленеді.Сол себептен бала таппаған әйелдер сол Шива храмына барып, бала сүрайды. Шива жын-сайтандарға қарсы, барлық тірі жанды сақтаушы және ойын-сауық, бидің қүдайы.

Үшінші қүдай мүшесін Вишну дейді. Вишну - адамдардың адал қамқоршысы, көмекшісі. Ол адамдарды зүлымдық пен қатыгездіктен қорғайды, оларды қауіп-қатерден сақтайды және адамдарға шындықты жариялап отырады. Ол әрдайым әр түрлі образдар арқылы көрінеді. Мысалы, ол тасбақаға айналып, қүдайларға сусын жасауды үйретеді, осының арқасында қүдайлар өлмейтін болады. Вишна тағы да аватарх кейпіне антроморфизмдік түрде көріне алады. Вишнаның аваторлық кейпіне айналуы негізінен он дейді. Алғашқы төртеуі жануарлар түрінде болады, бесіншісі аватара қортық дәуге айналады. Алтыншы Парашура әскери ерлік мүсініне айналған. Қалған төртеуі барлық индустарға мәлім қүдайлар «Рама, Кришна, Будда және Калка». Жетінші аватара Рамаяна эпосында Вишна Рамма батырына айналады. Индустар Раманы басқа батырларға қарағанда, үлгі есебінде көрсетеді. Оған адалдық, батырлардың үлгісі, дінге берілгендігі, мейірмандылық т.е.с қасиеттерді, адамгершілікті қосып көрсетеді Кришнаның образы мен идеясы соңғы индуизм тарауларына әсер етті.

XV-XVI ғ. Үнді елінің индуизм дінінен бөлініп шыккан діни ағым - Сикхизм. Сикхизм индуизм дінінің оппозициялық түрі деуге болады. Индуизм дінінің қол өнерімен сауда-саттық жасайтын бір топ адамдары үнді халқының кастаға бөлінушілігіне қарсы шықты. Оны басқарған Гуру Нанақ (1469-1538) деген адам. Ол үлы Моголовтарға қарсы күресіп, Солтүстік-Батыс Үнді мемлекетінде соғыс демократиялық ко­ғам қүрды. Сикхизм дінін екі діннің - индуизм мен ислам дінінің арасында қүрама дін деп айтуға болады. Дегенмен, ол дінді монотеистік дін деп айтамыз. Қүдай бір ғана, жалғыз, аты «Ек» деп аталады. Негізі діни кітап - «Грантх Сахиб» (қүдай кітабы). Қазіргі кезде Сикхтар Үнді мемлекетінің Пенджаб аймағында тұрады. Олар Пенджаб қүрамасын Үнділерден бөліп жеке Халистан мемлекетін қүруға армандайды. Сикхтер киелі Алтын Амритсара деген храмында өздерінің киелі кітаптарын сақтайды. Олар шаштарын алмайды, сакалдарын кеспейді, басына дөңгелек тақия киеді, ет жемейді, ішімдік ішпейді, темекі тартпайды. Әрбір сикхтер қарулы болып жүру керек. Олар өздерінің белдеріне кыска семсерін байлап жүреді де, әрдайым әр-бір сикхтер соғыска дайын болып жүру керек дейді.

Қытайдың ұлттық діндері:даосизм және конфуцианшылық.

Қытайлар да баска халыктарға үқсап, күдайлар мен рухтардың қүрметіне күрбандықтар шалды. Уақыт өткен сайын политеистік діни жүйелер генотеистік (бас қүдайлық) діни көзкарасқа ауысты. Рулық көп қүдайлардың ішінен ¥лы Қүдай Шанди аты аңызға айналды. Қытайлық үлы Қүдай Шанди өз халқының мүңын жоктайтын, жағдайын ойлайтын, камқорлық жасайтын және арғы ата-бабаларының, ата тектерінің негізін қалаушы ретінде қабылданады.



Даосизм б.д.д. VI-V ғғ. өмір сүрді. Даосизмнің негізін қалаушы Лао-Цзы б.д.д. VI ғ. өмір сүрген, өз өмірінде «Кәрі дана» деген атаққа ие болған. Бүл діни жүйе діннен гөрі философияға жақындау десек те бола-ды. Даосизм адамзатты табиғатпен бірлікке шақырады. «Кәрі дананың» негізгі идеялары «Дао дэ цзин» кітабында баяндалған. Оның айтуынша, барлық заттар өз «жолының» даоның арқасында туып дамиды. Дүниеде өзгермейтін нәрсе жоқ, сөйтіп, өзгеру үрдісінде олардың бәрі өзінің қарама-қарсы жағдайына көшеді. Дао болса, алғашқы бастама, алғашқы түп негізі және барлық қүбылыстардың, денелердің бірлігі, соңғы сатысы. Даоны барлық заттардың анасы және аспан аясындағы империяның анасы деп есептеуге болады. Барлық заттар даодан шығады да, даоға қайта оралады. Адамзат жерге, жер Аспанға тәуелді, Аспан даоны, ал дао табиғилықты қажет етеді. Олай болса, дао адамзат баласының тіршілігі мен бізді қоршаған жарық дүниенің дәнекершісі болып табылады. Сонымен дао жалпы дүниетанымдық ұғым.

Б.д.д. II ғ. даосизм діни көзқарасқа айналды. Лао-цзы б.д.д. 666 ж. үлы діни императорға айналып, оның қүрметіне көптеген храмдар салынады. Бара-бара даосизм көптеген секталарға айналады.



Конфуций діні. Қазіргі Қытай халқының ең беделді үлттық діні Конфуций ілімі болып саналады. Оның негізін қалаушы Кун-Фу-Цзы, яғни Кун - үстаз. Конфуций б.з.б. 551 ж. шамасында өмірге келген. Оның негізгі ілімі бізге өзінің шәкірттері Ман-Цзы және Сюн-цзыдың еңбектері арқылы жетті.

Жалпы конфуцийшылдық діни көзқарасты философиялық-этикалық ілім десек те болады. Кунфуцзыдың философиялық көзқарасы бойынша, «атты түзету» деген көзқарасын қарастырайық. Барлық заттардың, адамдардың аттары болу керек. Сол аттарына сәйкес мінездері болу керек, ат пен атағы сәйкес келуі керек: әке - әкеге, бала - балаға, билеуші - билеушіге сәйкес болып аттарына байланысты ғана емес, шын мәнісінде де қалулары керек. Билеуші - әке, халық оның балалары. Осы түрғыдан мемлекет басқарылу керек. Олай болса, «білу дегеніміз табиғатты емес, адамдарды танып білу». Қараңғы адамдар данышпандарға бағынуға тиісті. Олай болмаған күнде елде тыныштық болмайды. «Лун юй» деген Конфуций сөздерінің жинақ кітабы.



Жапонның ұлттық діні: синтоизм. Синтоизм - «синто қүдай жолы», б.д.д.УІ-УП ғғ. шығыс Кюсю аралында Жапонияда пайда болды.

«Ерте дәуірдегі жазу» немесе «Койки» деген кітаптағы аңыз бойынша, синтоизм дінінің шығуы туралы айтылады. Бүл әдеби жинақ б.з.д. 712ж. жазылған. Оның негізгі мақсаты император рухын халықтардың үстінен қарап, билеу күкығын бекітуге арналған.

Ертедегі аңыз бойынша,император рухтары Аматрерасу (Күн күдайы) күдайынан таралғандығын, қалған Жапон халыктары оларға бағыныштылығын көрсетуге тырысады. Ең негізгі синтоикалық храм Исэ деген қалада. Оны Исэ дзингу Аматерасу храмы дейді. Жалпы Жапония бойынша 110 мыңдай храмда-ры бар.

Еврейлердің ұлттық діні: иудаизм. Иудаизм б.з.д. XIII ғ. Еврей халқының арасынан шыққан дін. «Иудаизм» деген сөз Еврей тайпасынан шыққан Иуда руының атымен аталады. Иуда руы еврей халқының 12 рудан шыққан ең ірі және бірінші патшасы Давидтан таралған беделді ру болады. Олардың қүдайы Яхва (Найзағай қүдайы, от күдайы, су қүдайы) барлық рулардың қүдайы деп алынады да, монотеистік жеке, еврейлер Палестинаны жаулап алған соң, Яхва құдайының кұрметше Иерусалим храмын салады.

Жалпы иудаизм дінінің дамуын үш кезеңге бөліп көрсетуге болады. Бірінші, - Таураттың шығуы немесе оның басқа негізгі бөлімі - Көне өсиет (б.з.д. ХІІІ-ІІ ғғ.) - Танах деп иудейлер атайды. Танах болса 39 кітаптан тұрады. Танах Ескі өсиеттің негезі.Екінші кезең Иудаизмнің Талмуттық даму кезеңі деп айтамыз. Қүлиеленушілік дәуіріндегі еврейлердің өмірлері діни формада көрсетіледі. Б.д.д. 70ж. Рим империясының Палестинаны жаулап алуы, ондағы Иерусалим храмын бүзуы, еврей халықтарының қүлдыққа түсіп, өз елінен тарап басқа елдерге кетуі туралы айтылады.



Үшіншікезең, Иудаизмнің даму кезеңі; «модернизаторлық шағы». Қазіргі кезде Идаизмде әртүрлі ағымдар мен сектілер бар. Негізгі Иудаизм догмасы бойынша: Қүдай бір - Яхва, еврей халқы «Қүдайдың таңдаған» ерекше халқы, Яхва жерге қайтып келеді, жан мәңгі, ол дүниеде бар, Талмуд пен Танаха қасиетті кітап және т.б.

Иудаизмде діни табынушылық, әдет-ғүрыптар, мейрамдар өте көп. Діни регламенттер бойынша 365 іс-әрекетке тыйым салынады да, 248 іс-әрекеттерді істеуге шақырады. Иудей ораза үстау керек, баланы туған соң сегіз күннен кейін сүндетке отырғызу керек, балалық шаққа жету тойы, жерлеу т.с.с діни әдет-ғүрыптар бар. Мейрамның мейрамы - Пасха. Пасха мейрамы еврей халқының б.з.д.VII ғ. Ёгипёттен еврейлердің «шығуы» кезінен басталады, басқа әдет-жоралары бар. Иудаизм өзі басқа діндерден көптеген әсер алса да, ол дін христиан діні мен ислам дінінің шығуына, дамуына үлкен әсерін тигізді.



Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 4, 5, 6, 11, 13.

Қосымша әдебиеттер: 2, 4
4 Тақырып «Дүниежүзлік діндер. Будда діні».

Буддизм Суддхонаның баласы Сиддхартхи Гаутаманың ілімінен (б.д.д. 563-483 жж.) таралған дін деп есептеледі.Буддизм дінінің шығу себебі сол кездегі Үнді мемлекетінің әлеуметтік-экономикалық жэне мәдени дағдарысқа үшырап жатқан кезі болатын. Будда діні, оның негізгі идеалды қөзқарастары таптық қоғамның шығуына, дамуына жол беріп отырды. Сол кездегі рулық-брахман дініне оппозиция болған Будда діні варна-касталық бөлуге қарсы шығып, елдердің басын біріктіруге талпынды.

Будданың ашқан өмір ақиқаты немесе ілімінің негізі - «азап шегу-шілік», ол төрт игілікті ақиқаттан түрады. Бірінші ақиқат, өмір сүру азап шегу болып табылады. Екіншіакиқат, азап шегудің себептері адамның тілегі мен қүмарлығына байланысты болды. Үшінші ақиқат, азаптан құтылудың жолдары – құмарлықтан құтылу. Төртінші акиқат, тілектер мен қүмарлыкты шешу үшін адамдар Будда көрсеткен жолдармен жүрулері керек. Ол жолдар мыналар: Буддаға деген қалтқысыз наным, дінге нұқсан келтірмей дұрыс талаптану, тәртіпті болу, кісі өлтірмеу, адамдармен соғыспай жақсы қарым-катынаста болу, өзін-өзі үстау және аңдып жүру. Қысқаша айтқанда, нирванаға жету. Нирвана деп адамның ерекше жайын білдіретін бүтіндей тыныштыққа бөленіп, айналаны қоршағандардың бәріне енжар караушылықты атаймыз. Соған жеткен адам қайта туудан қуылып, азап шегушілік тоқталады. Нирванаға тікелей жетудің сегіз сатысы болады: түзу көзкарас, түзу батылдық, түзу сөз, түзу жүріс-тұрыс, түзу тұрмыс қалпы, түзу күш салу (өзін-өзі үстай білу), түзу ықылас, түзу жұмылдыру.

Гаутама діни көзқарасына брахманизм және джайнизм діндері үл-кен әсер етті. Бірақ ол өз діни жолын тапты. Өзінің қатаң таукуалық тәр-тіп жолында медитация әрекеті мен сергектенуге жетті немесе Будда атағын алды. Буддалық дәрежеге жеткен соң, ол әріқарай тауқуалық (мүғалім-монах) жүмысын жүргізе берді. Ол Сангха (монах ордені) де­ген қауым қүрды. Ол орден халықтардың садақалык, қайырымдылық көрсетудің арқасында өмір сүрді.

Сангха болса, Будда ілімін (Дхарма) халықтарға жеткізу үшін жүмыс істеді. Алғашкы Сангха бірте-бірте өсіп, дами отырып «Әлемдік» буддизмге айналды. Алғашқы б.з.д. 300 ж. Сангхи бір қалыпта дами отырып, одан бірнеше ағымдар бөлініп шығып, айрықша мектептерге айналды. Біздің заманымыздың жаңа дәуірінің басында Сангханың әр түрлі ағымдарынан екі үлкен мектеп пайда болды. Олар: Хинаяна(кіші күйме) және Махаяна (үлкен күйме). Хинаяна Тхеравада(ескі өсиеттік жол) көз-қарасын дамытты. Махаяна әлемге деген жаңа көзқарастыкпен дамыды.

Қазіргі кезде буддизмнің үш ағымы бар. Олардың діні, әдет-ғұрыптары, догмалары бір-бірінен айрмашылығы өте зор десек те болады. Бүл ағымдар: 1) Үнді-буддизмі - Тхеравада, немесе оңтүстік жэне шығыс-оңтүстік буддизмі. 2) Дао-буддизмі - махаянанемесе үлкен күйме, Қиыр Шығыс буддизмі. 3) Тантрикалық буддизм - ваджраянанемесе орта азиялық буддизм.

1.Тхераведа ағымы - (ескі жол) будданың салт жолы. Үстаздың бейнесін жай қүрмет етудің орнына тәңірге айналдырылған Буддаға табыну Үндіде етек алды. Мифтік аңыз есебінде Гаутаманың жүрген жерлері, айтқан сөздері барлығы киелі ретінде көрсетіліп, сол жолмен жүру керек дейді. Қатардағы буддистерді сергектену жолындағы жүмыс, жақсы жиған еңбегі бойынша бағалайды. Сол себептен Оңтүстік және Шығыс-Оңтүстік Азиядағы монастырдің рольдері биік болды. Осыған байланысты Тхеравада ағымы немесе хинояна (кіші күйме) үнді мемлекетінен басқа елдерге жақсы таралған жоқ. .

2. Махаяна ағымы (үлкен күме, үлы жол) - сергектенуге және нирванаға баратын жол, барлық адамға ашық, тек монах тәртібін сактау мен будда жолы және бодхисаттардың жәрдемі керек дейді. Сол себептен, бүл ағым бодхисаттарды пір тұтып, данышпандық рөлдерін өсіреді. Олар нирванаға қатардағы адамдарды жеткізуге жәрдем береді. Махаянада көптеген діни қауымдар пайда болды.

Жапониялық буддизмнің «Дзен» деген ағымы таралып, қатардағы будда адамдарының діні болды. «Дзен-буддизм» Шығыс Азияға таралған, жаңартылған түрі. Дзен-буддизм қос ағымдық сәулеленуді, ақиқатқа жетуді, саториді уағыздайды. Ішкі сезім, медитация арқылы сергектенуге, өмірдің шыңдығына жетуге болады дейді. Дзен - буддизмнің ирраци­онализмі мен интуитивизмі, оның экзотикалық ғүрпы, әсіресе, соңғы он жылда Батыс Европа және Америка философтарының назарын аударуда.



3. Ваджраяна немесе тантраяна ағымы (айрықша салт күймесі) б.ғ.д. II мыңыншы жылы шықты. Ол гуру (оқытушы, бастық) басшылығымен йогамен шүғылданады. Әрбір гуру өз әдістерімен йога жүйесін қолданады. Иоганы адамның ойын кірден тазарту, үяту деп түсіндіреді. Цзян хавай (1357-1419) қүрастырған Ламаизм ағымында әрбір гуру не­месе басшы тірі құдай есебінде қабылданады. Ламаизм иерархиялық шіркеу жүйесі мемлекет жүйесіне үқсас, Шыңғысхан жасап кеткен жүйе.

Ламаизм будда дінінен бөлініп шықкын ағым. Бүл ағым екі бөлшектен түрады. Ламаизмнің сырткы табыну тәжірибесі тхеравадаға үқсап, ішкі жақсы тәжірибе жинау, рухани оқу жүрегі немесе ваджараяна ілімі бойынша, адамның ақылы космостық Будда денесімен қосылуы. Рухани жүрек эр түрлі күрылымнан түрады, ваджараментеңестіріле отырып, мәңгілік символы - түрақтылық және бүзылмайтындығы.

Ламаизм Буддизм дінінің кең таралған формасы есебінде қарас-тырылады. Ол көбінесе, Тибетке, Орта Монғолияға, Непалдың кейбір аймақтарына жэне Индияға таралды. Олардың монахтарын ламдар (жо-ғарғы, негізгі) деп атайды. Ламаизм алғаш VIII ғасырда Тибеттен шығып, XV ғасырда мемлекеттік шіркеу болып қалыптасты. Оның шіркеу басшысын, «далай-лама», (теңіз ламы) немесе «хушухты» деп атайды. Далай-ламалар Будданың жер бетіндегі образы, олар өлгеннен кейін де балалары арқылы өмірге келеді дейді. Ламаизм Тибетте тарау кезінен бастап, жергілікті шаман дінінің міндеттерін өзіне алды.Ламаизмге шаман дінінің мистикалык «тантр» ілімі жэне «сикырлық» салттары енді.

XIII ғасырда Моңғолия ханы Хубилай «қызыл бөрікші» жоғары лам етіп тағайындалды. «Пазел» - Қытай, Моңғолия, Тибет мемлекеттеріндегі барлық абыздардың басшысы болып табылды. ХҮ ғасырдан бастап, Тибеттегі будда дін орталығына айналды, ламаизм қауымдары өздерінің ламдарын Қүдай есебінде, әулиелер деп жариялады және олар коғам және мемлекет жүмыстарына араласты. 1550 жылы ламдардың басшысына далай-лама атағы берілді. Тибеттегі далай-ламаға Бандида хамо-лама деген атақ беріліп, ол бүкіл дүниежүзілік және рухани билікке ие болды. 1959 жылы Тибет астанасында Лхаста діни үлт көтерілісіне байланысты Бандида хамо-лама және 100 мыңдай тибеттер шетелге қашып кетуге мәжбүр болды. Қазіргі кездегі Банди хамо-лама Индия мемлекетінде түрады.

ХҮІІ ғасырда лама діні Моңғолия арқылы Буратияға, Ресейге енді. Ламдар мен бурят нойондары лама дінін бурят, калмақ және тувинстердің ішіне зор ынтамен таратты. 1991 ж. шілденің 10-ынан 31-іне дейін, Ұлан-Удэде ламаизмнің Ресейге тарағанына 250 жыл толғандығын той лады.

Орта Азия мен Қазақстан жеріне Будда діні Ү-ҮІ ғғ. таралды деп есептейді. XX ғасырдың екінші жартысында жүргізілген археологиялық зерттеу бойынша буддизмнің Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында және Қытаймен шекаралас Жоңғар қақпасының аймағында іздері табылды..

Қазіргі кезде буддистер Қазақстанда аз, Алматыда будда қауымы тіркелген. Оларға жергілікті бурят, қалмақ, монғолдар барады.



Негізгі әдебиеттер: 4, 9, 10, 11, 13.

Қосымша әдебиеттер: 2, 4, 8.
5 тақырып « Христиан діні».

Христиан діні - екінші әлемдік дін. Ол I ғасырда Рим империясының шығыс өлкесінде, дәлірек айтсақ, Израильде (Палестинада) б.д.д. 30-100 ж. еврей және басқа үлттардың арасында пайда болды. Алғашқы христиан қауымы «қудаланушы» дін болғандықтан, христиандар христиан дінінен басқа діндердің салтына қатыспады. Олар қоғам өміріне де қатыспады, жалпы мемлекеттік мейрамдар принциптерімен өмір сүрді. Мүның бәріне халықтың жоғары топтары қарсы түрды..

II ғасырдан бастап қүл иеленуші жүйесінің дағдарысқа үшырауы салдарынан, империяның нашарлануын тоқтата алмаған үстем тап дағ-дарысқа түсіп, пессимизмге үшырады. Жағдайдың қиындығынан, одан шығудың жолын білмеген ауқатты үстем таптың адамдары христиан қауымына кіре бастады. Сол себептен христиан кауымының қүрамы өзгерді.. Епископ пен пресвитерлер бірте-бірте қауымға басшылық етуді өз қолына алды. Әр түрлі культті өткізу, уағыз айту, күнделік жүмысты басқару осы адам-дардың қолында болды. Сонымен Шіркеу иерархиасының жоғарғы топтары қүл иеленуші мемлекетпен жақындасты. II ғ. аяғы кезінде Христиан діні Рим империясының барлық облыстарына таралды. III ғ. басы кезінде313жылы Миланда Константин император Христиан дінін ерікті түрде кабылдау жөніндриялады. Міне, осы уақыттан бастап Христиан діні ресми түрде үстемдік етуші дінге айналды. Ал, 324 жылыхристиандықтарресми түрде Рим империясының мемлекеттік діні деп жарияланды. 325 жылы оның бас-шылығымен Никке қаласында 1-ші Бүкіләлемдік христианшіркеулерінің соборы (съезі) шақырылды. Собор Христиан дінінің негізгі уағыздарына қысқаша түрде каулы алды. Бүл қаулы Құдайға «сенудің - Никкейлік символы» деп аталды. Сөйтіп, император өкіметі мен христиан шіркеуінің одағы қүрылды да, Христиан діні мемлекеттік дінге айналды

Христиан дінінің негізгі догмаларыШіркеудің шығуымен бірге діни қасиетті жазбалар мен қасиетті аңыздардың жасақталуы катар жүрді. Христиан дінінің қасиетті жазбасы Библияда (грек. - Кітаптар) жинақталған. Қазақша атауы - Інжіл. Библия екі бөлімнен түрады. Бірінші бөлім, Ескі өсиет (Ветхий завет) және Жаңа өсиет (Новый завет). Ескі өсиет көлем жағынан 4/5 Библияның бөлігін алады. Бүл бөлігі Иудаизм дініне де ортақ. Өсиет деп ертедегі еврей халқы Қүдаймен, кейін келе баска да халықтармен Иисус Христос келісім жасаған деген түсініктен шығады. Екінші бөліміЖаңа өсиет (Новый за­вет) деп аталады. Жаңа өсиет тек Христиан дініне тән. Барлығы 77 кітап. Олар ежелгі еврей, арамей және көне грек тілдерінде жазылған. Библия кітабына сүйене отырып, Христиан дінінің акиқат делініп танылатын діни қағидалары (догматтары) парыз есебінде күрастырылды. Христиан дінінің қандай бір ағымдары болмасын осы парыздық діни кағидаларды мойындайды да, бірақ өз беттерінше орындайды. Мүндай кағидалар (догматтар) негізінен 12 бөлімшеден түрады, оны негізі «діни наным» символы деп атайды. Бүл символдық сенімнің 325 жылы Никей соборында сегізі қабылданды да және Царьгород немесе Константинопль (381) әлемдік соборларда, жетінші Никкей (787) соборын коса есептегенде 4 символы қабылданды. Ал, католик ағымында Триденттік соборда (1545-1563) әрі қарай өңделген болатын.Осы 12 символдық сенімге күмәнсіз сену керек. Христиан табыну культтерінен фитиштердің калдықтарын көреміз: икондар, крестер, киелі дейтін табыттар, киелі су жатады.

Христиан дінінде магиялық қалдықтары да бар. Оларға әр түрлі дуа оқу (молитва), діни іс-әрекеттер жасау (таинства), күпия, сырлы жұмбақ, діни салт-жоралары.



Діни мейрамдарарын төртке топтап қарастыруға болады. Иисусқа арналған, Құдай туған (богородаца) әйелге арналған, әулие адамдарға арналған және киелі икондарға арналған.

Христиан дінінің бөлінуі. Христиан шіркеуі алғашқы уақыттан бастап біртүтас дін болған емес. Кең байтақ Рим империясының халықтары өздерінің түрып жатқан әлеуметтік, әдет-ғүрып жағынан әр түрлі болғандықтан, Христиан діні де сол жергілікті өмірге бейімделініп тара-лады. Рим мемлекетінің нәтижесінде алғашқы кезде төрт дербес шіркеулер пайда болады. Олар Константинопль, Александрия, Антиохий, Иерусалим шіркеулері, іле шала Антиохий шіркеуінен Кипр, кейіннен Грузин православы шіркеуі бөлініп шықты.

Ең үлкен бөліну 1054 жылы шығыс және батыс христиан шіркеулері болып, ыдырап аяқталды. Шығыс бөлігі Православиялық, ал батыс бөлігі Католик болып дербес шіркеу болып шықты.



Православие-христианшылдықтың Шығыс немесе Византиялық бөлігі, қазіргі кезде бір-біріне тәуелсіз автокефальды 15 православие шіркеуі бар: Константинопль (Туркия), Александрия (Египет), Антиохия (Сирия, Ливан), Иерусалим, Орыс, Грузия, Сербия, Румен, Болгар, Кипр, Эллада (Греция), Албан, Поляк, Чехославак жэне Американдық, тағы басқа үш автономдық шіркеулер бар (синай, фиин жэне жапондық). Әр-бір дербес шіркеулердің шекарасын сол дербестік берген автокефальды шіркеу анықтайды.

Әкімдік жағынан православия шіркеулері: экзархат (автономия), епархия (өлке), викариант (облыс), благочин (район) жэне приход (жер-гілікті, кішкентай) шіркеуі болып бөлінеді. Барлық православия шір-кеулерінің канондары, діни догмалары мен ғибадаттары бірдей. Правос­лавие шіркеуінің ілімі Никкей соборында (325) және Константинопльде (381) әлемдік соборлардағы шешімді бұлжытпай орындайды.



Русьтегі христиан діні. Х ғ. аяғында 988 ж. Владимир князінің бұйрығы бойынша Христиан діні мемлекеттік дін деп жариаланды. Христиан діні, Біріншіден, өкіметтің маңызын жоғары көтерді және мемлекеттің жеке бөліктерінің арасындағы байланысты нығайтып бір орталықты мемлекеттік халге жеткізді. Екіншіден, Христиан дінін қабылдау Батыс Европа елдерімен қарым-қатынасты жеңілдетті. Үшіншіден, Христиан діні орыс қоғамының мәдениетін көтеруге себепкер болды, орыстар Ви­зантия ғылымымен және өнерімен танысты. Византия ол кездегі Европаның ең мәдениетті елі еді. Ақырында, Христиан діні халықтарға (Библияны оқу үшін) сауат ашуға жрдемі тиді.

1037 жылы Владимирдің баласы князь Ярослав Мудрый Киевте митрополитті шіркеу басқармасын қүрды. Митрополит епархияға бөлінді, оның басында епископтар түрды. 1325 жылы митрополит Петр мит­рополия кафедрасын Мәскеуге ауыстырды. XIV-XVI ғғ. Русьте көптеген монастырьлар салынды. 1448 жылы бірінші орыс митрополиті Ион Кон-стантинопльдің патриархатының рүқсатынсыз Мәскеу митрополиті бо­лып сайланды. Ал 1589 жылы Федор Иоаннович патшасының қолдауымен бірінші патриарх митрополит Иова сайланды. Осыған байла­нысты Орыс Православия шіркеуі дербес автокефалды болып жариялан­ды.

Орыс православие шіркеуі бүгінгі таңдағы үлкен екі мәселені шешті. Бірінші, Русьтің шокындырылғанына 1000 жылы толуына арналып, 1988 жылы маусымның 6-сында Троице Сергеев Лаврында ашылған орыс православие шіркеуінің жергілікті соборы көп көңіл бөліп, міндеттер қойылды. Жергілікті собордың барлық қатысушылары бірауыздан шіркеу өміріне өзгеріс енгізу қажеттігін мақүлдады. Екінші жағдай, 2000 жылы тамыз айының 13-16 күндері Орыс Православие шіркеуіне Архиерей юби-лейлік салтанат соборы өтті. Бүл соборда «Негізгі әлеуметтік Орыс пра­вославие шіркеуінің концепциясы» деген қаулы қабылданды. Бұндай қаулы бұрын-соңды болмаған әлеуметтік ресми шіркеу қүжаты болып есептеледі. Бүл қүжатта шіркеу қызметкерлері қазіргі кездегі әлеуметтік мәселелерге өте кең көңіл бөлген. Бүл мәселелер әрбір салада - экономикалық, саяси, мемлекет шіркеулік, моральдық, денсаулық, ғылыми, мәдениет, білім алу жэне т.б. мәселелер бар. Бүл қүжаттық бағдарлама шіркеу канонымен салыстырылады.

Орыс Православиясы Қазақстанда исламнан соң екінші орын алады. Бүл дін Қазақстан жеріне ХҮІІІ ғасырдан, Қазақстан Ресейге қосылғаннан бастап тарайды. 1876 жылы Верный қаласында (қазіргі Алматы) Түркістандық епархиясының кафедрі қүрылды. 1945 жылы Алматылық-Қазақстандық Епархия қүрылды. 1991 жылы осы епархия үш епархияға бөлінді. 1999 жылы епархиялық басқару Алматыдан Астанаға ауысты. 1995 жылғы 1 қаңтардағы санақ бойынша қазіргі Қазақстан жерінде 212 приход, 8 монастрь жүмыс істейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет