«Дінтану» Оқытушы үшін пәнінің оқу- әдістемелік кешені



жүктеу 1.3 Mb.
бет5/8
Дата22.02.2016
өлшемі1.3 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Эзотерикалық діндерге Массон ілімі де жатады. Масонство (фр. -Ерікті тасшы) - діни-философиялық және саяси ағым; XIIIгасырда Германияда шықты. Оларды көптеген зерттеушілер Тамплиерлермен, Розенкрейстермен және тагы баска жасырын қауыммен теңестіреді.

Оның шығу себебі ертедегі Патша Соломонның храмын түрғызуға байланыстырып көрсететін аңызбен байланыстырады. Олардың алға койған мақсаты - барлық адамдар, нәсілге, үлтқа, діни айырмашылықка, мәдениет деңгейіне карамастан - ерікті, тендік және бауырлык, шын сүйіспеншіліктің патшалығы, «жұмақ жерде болсын» - дейді. Бүндай максат тек өнегелі, акыл-парасаттың дамуына байланысты, әрбір адам жан-жакты дамығанда ғана жетеді деді. Осындай мақсатка жету жолында кедергі болатын нәрсе, ол дін және үлттық мемлекет. Әдеттегі діндерге карсы шыға отырып Масондар гуманистік дінді шығару керек деді, діни мораль ынтымақтық моральға ауысуы керек. Мосондардың екінші максаты: үлттык мемлекетті жою, осымен тығыз байланысты монархияны да, оны уакытша республикамен ауыстыруға болады. Масондардың ең соңғы идеалы - аса күшті мемлекет күру. Ол мемлекетте барлық азаматтар еркін-ді, тең және бауырмалды, олардың Құдайы - адамгершілік, дінсіз мораль, оларды реттеуші адамның ақыл-санасы.

Олардың қауымдық кұрылысы: Иоанновтық (көк түсті) үш төменгі депчейден түрады: окушы, жолдас және мастер. Олардын, мәселесі -этика. Андреевтік (қызыл) - 30 дәрежеден түрады, өздерінің жауларына өте катаң. Ең бір кішкентай одактык тобы - ложа депаталады. Оны баскарушыны - стула мастер депатайды. Ложалардың аттарын киелі адамдардың, мифологиялык персонаждардың аттарымен, символдармен т.б. аттармен атайды. Масон ордендері конспиративті. Олар барлық континетте бар десек те болады. Олардың мүшелерінің аттарын атасак: Бен Франклин және Дж.Вашингтон, Моцарт, Гете, Робеспьер, Марат, Пушкин, Лермонтов және т.б. осы кездегі көптеген мемлекет орнында жүмыс істеген және де казіргі кезде жүмыс істеп жүрген адамдардың аттарымен де байланысты.

Негізгі әдебиеттер: 4, 6, 9, 10, 11, 13.

Қосымша әдебиеттер: 1, 3, 8.

8 тақырып « Діни философия, Будда философиясы».



Діни философия – дінтану мәселесінің үлкен бөлігі. Мұндай түсінік дін мен философияның тығыз ара-қатынастығынан шығады. Ондай ара-қатынастығын түсіну үшін олардың бірлігі мен айырмашылығын түсіне алсақ, онда «діни философия» пәнін анықтаймыз. Олардың үлкен айырмашылығы: дін – иррационалды көзқарас та, ал философия рационалды көзқарас болып табылады. Бірлігі – философия да, дін де ілім деп есептіледі. Екеуі де дүние туралы «теориялық» көзқарас.

Діни көзқарастың даму процесінде олардың өкілдері философиямен таныса отырып, философиядан категориялық айрмашылықтарын алып, діннің теориясына қолданғанда, оны теология деп айтамыз. Теология – Құдай болмысын зерттейтін ілімдік көзқарас, белгілі бір діннің жүйесінің философиялық саласы.

Теология философияның рационалды категорияларын иррационалды тұрғыда (Құдай, күнә, о дүние және т.с.с.) кеңінен қолдану процесінде жаңа ағымдық сала пайда болды, оны біз діни философия деп айтамыз. Екінші жағынан, қандай бір діннің Құдай туралы философиялық мәселелер мен шұғылдану жағын теология деп айтуға болады.

Қандай бір ірі діни ағым болмасын өзіндік «діни философиясы» болады. Сондықтан діни философияны тереңірек жеке-жеке үлкен діндердің философиясы арқылы қарастырайық.



Будда философиясы. Буддизм философиясы ертедегі Үнді философиясынан негізделген. Ертедегі Үнді философиясының негізі Веда (б.д.д. 1500 ж.) - брахмандардың киелі кітаптарынан, өсиеттерінен құрастырылады. Европа философиясына ұқсап, Үнді философиясы да діни мәселелермен шүғылданды. Айырмашылығы - Үнді философиясы трансцендентальді мәселелермен көбірек шүғылданды. Олар әлемдік циклдардың мәңгі екеніне сенді. Сол себептен олар өздерінің тарихи философиясын құрастырған жок. Қоғам, мемлекет және эстетика олар үшін окшау түрған ғылым болды.

Үнді халкының тарихи дамуымен байланысты олардың да философиясы үш дәуірден тұрады: 1) ведтік кезең; 2) классикалык немесе брахмандық-буддалық кезең; 3) индуистік кезең;



Ведиистік дәуірдебуддизм философиясының негізгікатегориялық ұғымдары құрастырылды. Мысалы, Брахман – мәңгі өмір сүретін космостың негізі, өмірдегі барлык нәрселер осыдан шығады. Атман - өмір сүретіннің және адамның ішкі ядролық бірлігі. Жан бір нәрседен екінші нәрсеге ауысып отырады. Карма - жақсы және жаман іс-әрекеттер. Сансара - бір деңгейден немесе бір күйден екінші күйге өту, ауысу туралы түсінік.

Классиқалық дәуірде (б.д.д ҮІ ғасырдан - б.д.д. X ғасырға дейін) этикалық мәселелерге Үнді халыктары үлкен көңіл бөлуіне байланысты брахман дініне сын көзбен қараушылық басталды Ведистергеберілгендіни-философиялықтүсініктерупанишадаларда (ертедегі Үнді діни-философиялық шығарма) көрсетіледі. Ведке қараганда упанишад әлемге монистік көзқараспен қарайды. Бұл көзкарас әлемге ішкі және сыртқы көзқараспен қүбылыстарды көрсетуге тырысады.

Упанишадта Ведтердің беделін, адамның тәні өлгенімен жаны өлмейді деген көзкараска карсы қолданды. Үнді философиясының классикалық кезеңінде Веда және Упанишадтардың күшті ықпалымен көптеген философиялық мектептер шықты: ортодоксиялы мектептер (Санхья, Ньяя, Вайшишика жэне т.б.) жэне ортодоксиялы емес мектептер (Чарван, Лакоята).Мұндай мектептердің шығуыматериализм мен идеализм және діни көзкарастардың карама-карсы күресу бірлігінде еді. Осындай әр түрлі философиялык мектептер айтысы білімнің дамуына және логиканы өмірге әкелуіне жәрдем берді. Үнді логикасы жөніндегі алғашқы мәліметтерді ертедегі будда деректемелерінің өзінен-ақ алуға болады, одан джайнизм әрі дамыды.

Буддизм философиясының негізгі категориясы дхарма болса, ол да мәңгі, рухани монады (жекелік принциптерінің бірі) мәңгі және ол -материяның негізі. Дхарма бойынша болмыс - ауысып тұратын субстанция. Ауысу процесі жеке адамды және тануға болатын әлемді шығарады.

Будда ілімінде әлемнің кашан және қайдан шыққаны туралы түсінік жоқ. Олар индуистерге ұксас, әлемді цикл ретінде кабылдайды. Күн, әсіресе, ай циклдары ретіне толық айдан кішірейіп, одан қайтадан толып отыратын фазаларына , ұқсатып әлемді қарастырады. Айырмашылығы - егер де айдың фазалық ауысуы 28 күндік цикл болса, буддалық ілім бойынша әлемдік фаза 432 млрд жыл (маха-кальпа) болып есептелінеді. Әрбір цикл төрт «ғасырдан» тұрады. Әлемнің өзі миллиард ғарыштык системадан, эркайсысы жер мен аспан және жер астылық системадан тұрады.,

Әрбір циклдік өмірдің шығуына, оның кайталануына дем беретін карма күші. Карма - жаңа туылуға, дамуға жәрдем беретін мистикалык күш. Карма - ойлау күшімен, сөзбен, іс-әрекеттерімен шығатын күш немесе энергия. Ол біздің әлем системамызда орналасқан әр түрлі күштік, энергиялық формаларды шығарады, ол - ойлау қабілеті, дене күші, жыныстык, әлеуметтік жағдайлар.

Сол себептен буддизм ілімінің ең жоғарғы мақсаты әрбір адам кармадан бос және қайта туылуда касіреттен аулак болуға тырысады. Ондай жолға Үш Асыл қазына аркылы жетуге болады: Будда, Дхарма және Сангха. Осы үш қазына будда ілімінің практикалык жолының негізі десек те болады. Ондай «үштік баспана» әдейілеп айтылатын формалар (мантра) кайталанып айтылады. Нағыз сергектенгенде Буддаға, Татхачатка (толық сергектенген адам) бас ию немесе тэжім ету.



Будда — баспанасына таяныш етем!

Дхарма — баспанасына таяныш етем!

Сангха — баспанасына таяныш етем!

Осы үшеуіне сенген адам қайта тууда "адамнан" кейінгі формада тумайды.«Будда, Дхарма, Сангха баспанасын іздеймін?» деп айтатын сөздің екі деңгейлік мағынасы бар десек те болады. Бірінші, дхарма тәжірибесі аркылы Буддадан мысал (үлгі) алу керек: сыйлык беру (дана), өнегелік тәрбие беру (шика) және медитация аркылы (самадхи) данышпандықка ұмтылу (Прадкия). Екінші, «Үш қазына» - Нирванаға және жерде бакытты өмірге жету жолы.

Ислам дінінің Үнді жеріне таралуына байланысты монетеисттік ілімдер шығады - кабирпантхи, синкхтар, ал XIX ғасырдан бастап батыс философиясының әдісімен теистік немесе пантеисттік (Тагора, Ганди) ілімдері өpic алды. Қазіргі кезде Үнді философиялык ілімінде теософиялық қауымдар, мистикалық ағымдар (Елена Блаватская) басым болып келеді.

Будда дінінің өзі махаяндык таралуының арқасында Үнді мемлекетінен тыс тарап, көптеген ағымдар шыкты. Қытай және Жапониядағы ваджаяна тарауында махаяна іліміне өзгерістер ендіріліп, Нирванаға барлық тірі жандар бара бермейтіндігін дәлелдеуде. Ал Қиыр Шығыста және Тибеттегі ламаистердің діни философиялық көзқарасында Нирванаға барлык тірі жандардың бара алатынын дәлелдеуде. Оның казіргі мектебінде Чжэнь Янь(Қытайда) «осы денеде Будда бол» деген доктринасына әрбір тірі адам осы өмірде Будданың денесіне айналуға болатындығын дәлелдейді. Мұндай козқарасты көптеген Азия мектептері де ұстанады.



Негізгі әдебиеттер: 4, 6, 10. 11, 13.

Қосымша әдебиеттер: 1, 3, 8.
9 тақырып «Христиандық философия. Православия философиясы».

Христиан ілімінің немесе догмаларының кұрылуына тікелей Филон Александрийский (Иудейский) философиясының көзкарасы үлкен жәрдем берді. Ол иудей догмасын грек философиясымен (Платон, Стоицизм, Пифагор) қосты. Оның негізгі философиялык категориясы «логос» деген ұғымнан кұрастырылды. Логос (ақыл-ой) -жоғары идея және де ол жоғарғы Періште (касиетті pyx), иудей заңы мен табиғат заңы бірдей адамзатка үлкен мағынасы бар. Филон Александрийскийдің айтуынша әрбір адам, ақыл-есі барлар, ақыл-ес денемен байланысты, жаксы мен жаман осы екі жакты қинайды. Адамдардың максаты логостың заңымен және Қүдайга ұксап экстаз арқылы бірігу керек. Миссия барлык адамзатты күнәдан құтқарушы. Бертін келе Иисус Христос адам сияқты болғанымен де, ол адам емес, Құдайдың өзі, ол дүниеге келеді де, кайтадан ғайып болады, енді тек адам ойында, көңілінде ғана сакталады деді. Сонымен Филон Христиан діни философиясынын қүрастырылуына үлкен үлес қосты. Ол туралы Ф.Энгельс Христиан дінініц атасы деп аталады.

Екінші бір Христиан философиясынын шығуына үлкен үлес косқан Рим стоиктері, әсіресе, Сенеканың (б.д.д. 4 ж. - б.д.д. 65 ж.) ілімі үлкен орын алды. Стоиктердің пікірінше, дүниенің екі бастамасы бар: енжарлық және белсенділік. Енжар нәрсеге материя жатады да, ол өздігінен дами алмайды. Стоиктер логосты белсенді бастама, рух, Қүдай деп түсіндіреді. Адамның ақыл-ойы Құдайдан, ол әлемге күш беруші оттегі деп таниды. Сенеканың Қүдайы табиғатқа да ұксап кетеді. Осы жерде стоиктер, әсіресе, Сенеканың ілімі Христиан дінінің этикасының құрылуына ыкпал етеді. Сондыктан болар Сенеканы классиктер Христиан дінінің ағасы десек те болады депкөрсетті.

Православиеның діни-философиясының алғашқы кезде қалыптасуына Византия философиясы үлкен әсерін тигізді. Византия философиясының өзі гректердің әкей шіркеулерінен (Отцы церкви): Прокопий Газыдан (465-525), Леонтий Византийский (475-543), Иоанн Дамаскин (675-753), патриарх Фотий (820-891) және т.б. өкілдердің шығармаларынан күрастырылды. Олар Христиан дініне Аристотель логикасын қолдана отырып, Христиан философиясын күрастыруға ұмтылды. Әсіресе, Иоанн Дамаскиннің негізгі еңбегінде «Источник знаний» білімнің кайнар көзі қандай да бір білім болмасын, оның бастамасы «откровениеден» (аян беруден) алынады деді. Оның аркасында Христиан дінінің ілімі бірінші рет бір жүйеге келтірілді, дербес христиандык догмасын калыптастырды десек те болады. Дамаскиннің айтуынша, философияның көздеген максаты - даналыкка ұмтылу, ал даналыктың ең биік жолы Құдайда - деді. Сонымен, ол философияны богословтық ілімінің кызметкері етуге тырысты. Оның айтуынша, философия аркылы адамзат қоршап түрған рухани және материалды әлемді таниды және де енжарлық норманы, христиандык ошак, коғамдык өмірді тануға болады. Оның догмалық жүйесі діни ғибадаттың заңдарында камтылды. Ол бірінші болып иконды, кресті, әр түрлі «киелі» діни атрибуттарға үлкен діни мән беріп, оларды корғады. Кейінгі ғасырлардан бастап Византиялық философияда мистикалық және иррационалдык бағыттар басым бола бастады. Олардың өкілдері: Григорий Паламы (1296-1359), Николай Ковасилы (1320-1371) жэне т.б., Құдай болмысын тану жэне кызмет етуді мистикалык, аскетикалык, трансцендентальдік жолдармен болады деп түсіндірді.

Григорий Паламының (психостардың идеологі) айтуынша, Құдайдың кайырымдылығына жету үшін әр түрлі өсиет сөздер айтудың орнына табиғатты пайымдап карау арқылы шомылу, экстаздык шокыну, «еркектікті» өлтіру, бұлар кейіннен Православие догмасының доктринасы болды.



ХІҮ-ХҮ ғасырларда «әкейлер мен окытушылар» (отцов и учителей) шіркеудің негізгі еңбектері орыс тіліне аударылды. Олардың тек діни емес логикадан, диалектикадан жазылған еңбектері, әсіресе, Григорий Паламанын шығармасы «Каппадокийцев» және Психатов туралы. Тағы да басқа богословтардың Григорий Нисскийдің (335-394), оның жолдасы Григорий Назианскийдің (330-390) Руссиеде шектік екі философиялык ағым күрастырды. мистикалық пайымдау ағымы: оның өкілі: Сергий Родонежский (1314-1396) және Нил Сорский (1433-1508), оларга қарсы тұрушы ағым рационалды-схоластикалық. Онын өкілдері: Иосиф Волоцкий (1439-1515), Зиновий Отенский (1568). Бүлардың көзкарастары үлкен орын алмаса да, олардың еңбектері бекер кеткен жок. Әр кезде әр түрлі формада алдыңғы көзкарастар болып отырды.

Академиялық философия.ХҮШ-ХІХ ғасырларда православие философиясы калыптасты, оны академиялық философия депатады. Себебі ол философияның өкілдері – Мәскеудің рухани академиялық философия кафедрасының профессорлары Ф.А.Голубинский (1797-1854), Кудрявцев Платонович (1828-1891), В.И.Несмелов (1863-1920), Петербург рухани академиясыныц профессоры М.И.Каринский (1840-1917), Киев рухани академиясыныц профессоры П.Д.Юркевич (1827-1874), С.С.Гоготский (1813-1859). Олардың алға койған мақсаты православие философиясы аркасында христиандык әлемдік көзқарас бойыншаКүдайдың болмысын тану болды. Философия болатын болса, ол негізгі Христиан өмірінің негізгі принциптерін түсіндіреді. Ондай негізгі принциптердің бастамасы: Христиан дінінің акылдылығы мен пайдалылығын көрсету. Міне, осы екі ұғымдык түсінудің маңызында православиені философиялық тұрғыда түсіну деп біледі. Олардың айтуынша, философияның негізгі мақсаты болып есептелетін діннің әлемдік сезінушілік көзқарасы. Діни көзқарас ақиқат деп карастыру тек идеалдық білімге немесе Құдай туралы жоғары білімге арка сүйенгенде ғана танылады. Эмпирикалык білім шектелген, карапайым, ал рационалды білім жеткіліксіз. Идеалдык білім ол - Құдай жолындағы акикаттылык, қайырымдылық, сұлулык- оған тек сенім аркылы жетуге болады. Құдай- бізді коршап түрған әлемнің негізі, оны жасаушы және козғаушы күші. Сондықтан ақиқат деп адамды коршаған дүниенің Құдай идеясымен косылғанда ғана айта аламыз.

Метафизикалық баршаның біртүтастығы(всеединства) орыс православия шіркеуінің ХІХ-ХХ ғасырлардағы философиялык көзқарасының дамуы тікелей атақты философ-богословтардың өкілдерімен тығыз байланысты. Олар: В.С.Соловьев (1853-1900), П.А.Флоренский (1883-1937), С.Н.Трубецкий (1862-1905), С.Л.Франк (1877-1950), Л.П.Карсавин (1882-1952) және т.б. Осылардың ішінен ең бір бөліп карастырылатын философ-мистик, богослав және акын В.С.Соловьевты айтамыз.

В.С.Соловьев академик философтардың көзкарастарын дамыта отырып, өзіндік ағымды күрастырды десек те болады. Оның атын «баршаның біртұтастығы» метафизикалык философия түрғысынан карастырды. Ол көптеген діни философиялык шығармалар қалдырды. Оның діни-философиялык көзқарасының негізгі категориялары «баршаның біртұтастығы», «София», «жаратушы мен жаратылушының

бірлігі», «үштік Құдай» деген ұғымдар аркылы карастырылады. Оның философиясы Батые Европа және Шығыс ойшылдардың синтезі десек те болады.

В.С.Соловьевтің жалғастырушы атақты дін қызметкері П.А. Флоренскийді атап өтұге болады. П.А.Флоренский өзінің көзкарасын көптеген шығармаларда жазып көрсетті. Олардың ішінде «Столп и утверждение истины» деген шығармасы Соловьевтің мистикалык көзкарасын колдайды, әсіресе, біртұтастык, Софии туралы және де кейбір православиялык догмаларын жаңарту: үштік бірлігі, аскетизм туралы және иконды сыйлау туралы. П.А.Флоренскийдің көзкарасы бойынша акикат дегеніміз - жоғарғы, кұдіретті рационалдық бірлік. Оны барлық «тірі реалистерге» ұқсап логика заңымен қабылдай алмаймыз. Ақикатты біз тек интуиция аркылы ғана ашамыз. Тек дін әсерленушілікте - қозғалу процесінде - жоғарыдан төменге, тұтастыктан шексіз көпшілікке жүруде ғана ақиқатка жетеміз.

Орыстың діни-философиясына үлкен із калдырған атақты ғалым С.Н.Булгаков (1871-1944). Ол шығармаларында («Два града» жэне «Свет невечерний» т.б.) өзінің негізгі діни философиясы аркылы Соловьевтің «біртүтастык» идеясын әрі карай дамытты. Оның негізгі идеясы барлық көзкарасты дінге бағындыру және сонымен бірге таза діннің сорақылықтарынан арылу үшін ғылымды, философияны және дінді «синтездеуге» тырысты.

Оның айтуынша, әлем жоқтан жаралды. Жасалу актысы - болмыс емес болмысқа айналуы (укон мэонға) немесе абсолюттің екіге бөлінуі. Жоқ зат (құбылыс) өзекті болмысқа айналады, Құдайдың күдіретті сөзімен аспандағы денелер, өсімдіктер, жануарлар жасалады.

Келесі бір метафизикалык мәселе - софия әлемі туралы ілім. София туралы ілім Булгаков философиялык және богословиялық жаратушы және жараткандардың аракатынастығы туралы шешіліп жатады.



Католиқ дінінің философиясы.

Қатолицизм философиясы Христиан дінінің батыстың ағымы болып бөлінгеннен соң шығады. «Католиктер» деген ұғы 150 ж. Христиан дінінің баска ағымдарына қарсы түрушы ағым ретінде пайда болды. Ал, олардың философиясы әулие Августи Аврелий Блаженның (354-430) ілімімен тығыз байланысты. Әулие Августиннің өзі католик философиясына дейін манихейстердің, скептиктердің жэне неоплатониктердің мектептерінен өтіп келді. Сол себептен католицизм философиясы да тамырымен ерте гасырдағы философиялық, діни теологиялық ілімдерден шыққан десек те болады. Ең бірінші, үлкен дәуір уағын Әулие Августың католицизм философиясына жаткызамыз. Олардың кайнар көзі Платоннан алынады. Екінші бір даму кезеңіне Әулие Фома Аквинскийдің дәуірін айтуға болады. Олардың кайнар көзі Аристотельден алынады.

Әулие Августиннің діни философиялык негізі: «күні бұрын болжау (тағдыр)», әрбір адамның тағдырын Қүдай күні бұрын болжап біреуге шаттык өмір, екіншілерге қарғыс өмір шешіп кояды. Құдай -жоғарғы болмыс. Қүдай дүниені жоқтан кажеттілікке байланысты емес, өз еркімен жаратты. Адамзаттың тарихы екі қарама-карсы патшадан тұрады: Құдайға карсы, жер бетіндегі қызыкқа әуесқойлар (светский мир) және Құдайлық патша. Құдайлык патша аспанда емес, жер бетіндегі «әділетті» патшаларды айтады (теократиялык мемлекет). Құдай әлемді жаратканда материалды формада жаратты, сонан кейін әрбір материалдык формалар жеке-жеке дамыды. Адамныц жанын Құдай жараткан. Жан мәңгі емес. Адам туған кезде Құдай оның жанын жоқтан кайтадан жаратады. Августиннің айтуынша, адамның ақыл есі дербес ойлар шығарады. Оның негізі - Құдай. Сол себептен Құдайдың болмысын (үғымды) адамның ойынан шығарып түсінуге болады, сондықтан идея объектіден шықпайды, ол - субъектінің жемісі. Оның онтологиялықілімінен және Құдай туралы, абсолюттік болмыс ретінде қостыруларынан неоплатонизмқұрастырылды.

Алғашқы иррационалдык жэне мистикалык дәнінен кейін католицизм философиясының жаңа ағымдык бастамасы шығады. Оны неотомизм немесе рационалдық дәстүрлік Аристотель мен орта ғасырдағы схолостикалық, атакты өкілі Фома Аквинскиймен (1225- 1274) байланыстырамыз.

Фома Аквинский Аристотель ілімін теологиялык тұрғыда түсіндірді, соның аркасында аристотелизмді Христиан дініне сай ыкшамдау нәтижесінде «томизмдік» ілім пайда болды. Оның негізгі шығармалары: «Мәжүсилерге қарсы сумма», «Теология суммасы» және баска. Оның негізгі философиялык ілімі: сенім мен сананың үйлесімділігі. Оның айтуынша, акыл Құдайдың болмысын саналы түрде дәлелдеп, сенімнің акиқаттығына карсы пікірді қабылдамайды, барлык өмір сүретін заттар Құдайдың қүдіреті бойынша қалыптасады.

Католицизм философиясы казіргі кезде екі ағымнан түрады: неотомизм және неосхолостицизм.



Неотомизм. Неотомизм - Фома Аквинскийдің іліміне негізделген католик шіркеуінің ресми философиялык кағидасы.. Неотомизм ресми түрде католик шіркеуінің философиясы (1879) деп жариялағаннан бастап, оның ішінен төрт ағым пайда болды: 1) дәстүрлі-философияның гнесология немесе тану процесімен шұғылданушылық және католик тарихыныңдогматтарының мәселелері; 2) Лувенский-томистік-метафизиканы жеке ғалымдармен біріктіру мәселесі; 3) трансценденталды-феноменология мәселесі; 4) экзистенциалды-томистік ілімнің аристотельдік идеяларын тазарту және «Өмір сүру» категориясын дамыту. көтерілуі аркылы ғана орындалады. Қазіргі неотомизм өзінің бейімдеушілік (модернизаторлык) табиғатымен католик шіркеуінін мақсатына сэйкес өзінің доктриндерін жүргізеді. Олар казіргі кезде көптеген философиялық агымдармен ортак тіл табысуда: экзистенциализм, феноменология, позитивизмдік ағымдары бар.

Неоавгустианство.Католицизм философиясында неотомизм ағымымен катар Неоавгустинианство арнаулы орын алады. Бұл ағым неосхолостицизм ағымына жатады. Болса да, Неоавгустинианство Аврелия Августиннің көптеген доктриндарынан бой тартып, XX ғ. өзіндік теологиялык ілімге айналды.

Тейярдизм.Католицизм философиясының негізгі жаңа ағымына Тейярдизмді жатқызамыз. Бүл ағымның басында П.Тейяр де Шарден (1881-1955) тұрады. Ол атақты палентолог, археолог, биолог болса да діни-философиялық мәселе оның негізгі ілімдік көзкарасы болды. Ол әлем туралы және адам туралы ортодоксалды томистік көзкарасқа қарсы болды. 60-шы жылдары оның модернистік көзкарастары көптеген діни ағымдарға әсерін тигізді.

Тейярдың философиялык категориясы «эволюционизм», осы үғым бойынша өзінің негізгі философиялык принциптерін дамытты. Оның айтуынша, әлем үздіксіз карапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға дамып, өзгеріп отырады. Сан салаға өзгеріп отыру процесінде жан пайда болған сапалық өзгерісті секіртпелі деп айтуға болады. Әрбір секіртпелік өзгеруді этап деп көрсетсек, алдыңғы этап соңғы этапты жокка (отрицание) шығару алқасына, соңғы этап эволюциялық жокка шығару дейміз. Эволюция белгілі бір нүктеден басталады, оны «Альфа нүктесі» деп айтамыз. Әлемнің ең бір киын қиыстау нүктелік дамуы келесі этаптан тұрады: неорганикалық табиғат (өмірдің шығу алды), органикалық материя (өмір), рухани әлем (ақыл, ноосфера) және Құдай (Омега нүктесі). Тейяр үшінші этаптык дамуға үлкен көңіл бөледі. Бүл этап адамның шығу және дамуынан тұрады. Сондықтан адам эволюцияның биологиясы, бірақ өткен этаптармен тығыз байланысты. Бұл этап осы әлемде айрықша орын алады, себебі осы деңгейде әлемнің дамуы ең шыңына жетеді, рух, ақыл, ой пайда болады.



Протестанттық философия және теология.

Протестантизм - Христиан дінінің реформация (ХҮІ) кезеңінде пайда болған үшінші түрі. Оның негізінде типологиялық айырмашылығы (православиядан, католицизмнен) игілік адамға шіркеу арқылы емес, тікелей Құдайдан беріледі, «арылуға» адамның жеке басының сенімі мен жаратушының шапағаты арқасында ғана қол жеткізеді. Осы догматикалык көзкарас протестан философиясының және теологиясының негізі болып калыптасты.

Протестант философиясының және теологиясының ортодоксиясыңың негізін шығарған адамдар М.Лютер (1483-1546) мен Ж.Кальвин (1509-1564) және т.б. М.Лютер адам мен Құдай арасындағы делдал ретіндегі шіркеу рөлін теріске шығарды. «Адамды қүткару», - деді Лютер: «Қайырымдылық істерді», күпиялықты, әдет-ғұрыпты орындауға байланысты емес, оның сенімінің шынайылылығына байланысты. Дүниеде екі түрлі әлем бар: «Құдай патшалығы» және «Кәдімгі өмір тіршілік патшалығы», біріншіде адамдарды ақтап, арылуға болатындығы, екіншіден, күнәлік шығады, бірак та оған қарсы іс-әрекеттер жасауға, тәртіптілік ендіруге болады.

ХІХ-ХХ гасырлардың басында протестан дінінің Либералды теология деген философиялық ағымы дамыды. Олардың атақты өкілдері лютеран теолог И.Землер (1721-1791), философ-теологтар Ф.Шлейермахер (1768-1831), Ф.Баур (1792-1860), Д.Штраус (1808-1874) және т.б. болды.



И.Землердің айтуынша, тарихтың сүрауларын зерттеуде теология ілімі керек емес. Таураттағы жазылған ғажайып туралы аңыз әңгімелер бүрмаланған шындык окиғалар, догмалык түрде теориялык деңгейге көтеру. Таурат ерте дәуірдің әдеби ескерткіші. И.Землер теизмге деисттік түсінік беріп, Құдайды бірінші козғаушы күш ретінде, философиялық абсолютке теңеп, күнделікті өмірге ешқандай әсерінің жоқтығын және дінді ақылмен теңестіруге талпынды.
1   2   3   4   5   6   7   8


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет