№
|
Халықтық білімнің құрама бөліктері
|
Ғылымдар және олардың мазмұны
|
1
|
Табиғат жөніндегі білім
|
Химия – бояушы заттарды, соғушы заттарды, дәрілерді, сүт қышқылының өнімдерін , сусындар, үйге әзірленетін тағамдар (тұздау, ашыту және т.б.) дайындау
Математика- ұзындықты, салмақты, көлемді, ауданды, уақытты өлшеу;
Физика-тетіктерді білу;
Астрономия – күн сағаттарының құрылымы мен әрекеті, жыл мезгілдерінің , күн мен түннің ауысуы, күзгі және көктемгі теңесуі, жұлдыздар бойынша бағдарлау, атмос-фералық құбылыстарды білу;
Зоология – жануарлардың атауы, олардың сыртқы түрі, оларды күту, ауруларын анықтау және емдеу, шаруашылықта пайдалану;
Биология – өсімдіктердің атауы, олардың қасиеті, себу және пісу уақыты, аурулар және оларды емдеу, дәрі беру, зиянкестермен күрес, тұрмыста және шаруашылықта пайдалану;
География – ауа-райы жағдайларын жергілікті жердің рельефін, топырақ эрозиясының себептерін және оны жоюды білу және ескеру, жергілікті жер бағдарлау, ауа-райының өзгерісін, табиғи апаттарды алдын-ала болжау, ырымдар;
|
2
|
Адам және қоғам жөніндегі білім
|
Ана тілі – табиғи дауысты және фольклордың әр түрлі жанрларын таңдау үрдісінде тілмен танысу, жануарлардың, құстардың дауыстарын дыбыстау арқылы сөйлеуді үйрену, жаңылтпаш айту барысында сөйлеуді дамыту және жетілдіру.
Дін – “Құдай заңдары”, дұға, шіркеу күнтізбесі, діни құпиялар, әулиелердің мекені және т.б.
Философия – өмірге, болмысқа, көзқарасты ұғыну, барлық тірі заттың өзгергіштік, ауызша және қолданбалы шығарма туындыларында бейнеленген ішкі заңдылықтарды ұғыну;
Тарих – шынайы тарихи негізі бар аңыздар мен әңгімелерді, халықтың белгілерінің, дәстүрлерінің, салттарының пайда болу тарихын және мәнін білу, ауыл тарихы, оған жақын болған әйгілі оқиғаларды, ұлы бабаларды, шежірені, негізгі тарихи оқиғаларды, халық батырларын білу және т.б.
Медицина – қанды тоқтата білу, жарақатқа, сыныққа, күн өтуге, естен танғанда, үсікке, алғашқы көмек көрсете білу, суық тигенде және т. б. ауруларды емдеу, шынығу тәсілдерін, дәрілік шөптерді, жемістерді, тамырларды және олардың емдік қасиетін білу, сөзбен, сумен емдеудің дәстүрлі әдістері.
|
Білім беру кешені ретінде этнодидактиканың объектісіне ғылыми зерттеулердің нәтижелері және этнодидактика, этникалық қатынас, этнопедагогиканың аясындағы ғылыми- эмпирикалық білімдер (этнодидактикалық әрекеттер тәжірибесінің қорытындылану нәтижесі, яғни этнос пен әлеуметтің педагогикалық заңдылықтарына жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |