Халық педагогикасының дидактикалық құралдары және олардың типтері: 1) Заттың обьекті түрінде берілген және ойын әрекеттеріне және спорттың ұлттық түрінің сабақтарына әсерді қамтамасыз ететін:
(халық ойыншықтары, табиғи және қолдан жасалған халықтық ойын құралдары, спорттың жабдықтары және спорттың ұлттық түрлерінде пайдаланылатын жабдықтар);
2) Ақыл-ой әрекетін тікелей немесе жанама қалыптастыруды қамтамасыз ететін:
(заттық және көрнекілік объектілер түрінде берілген (тарихи және сәулет ескерткіштері, халықтың қолданбалы өнерінің барлық түрлерінің туындылары, халық тұрмысында пайдаланатын табиғи заттар және т.б.), қорытындыланған заттар (жергілікті жердің ежелгі карталары, үлгілері, глобустар, диаграммалар);
-таңбалар және сөздік-логикалық обьектілер түрінде берілгендер (жартастардағы ежелгі жазулар, халық жазбалары, халық ақындарының, ғалымдарының шығармалары, ойыншықтар);
3) Оқушылардың практикалық әрекетіне әсерді қамтамасыз ететіндер:
- оқушылардың еңбек әрекетіне әсер етуші (еңбек құралы мен қаруы, ұлттық асхана, үй тұрмысын заттары, ойыншықтар, еңбек пен тұрмыстың қаруы мен құралын суреттеуші);
- балалар мен жастардың көркемдік-шығармашылық әрекеттеріне әсер етуші (халықтың музыкалық аспаптары, халықтың қолданбалы өнерінің шығармалары, театрланған көріністер, халықтық музыка және т.б.);
4). Жеке оқытудың құралдары.
1.2. Этностық тәрбиенің идеялары, заңдылықтары, принциптері, құралдары мен әдістері және мазмұны
Тамырымен ерте заманға терең бойлаған ғылымның саласы ретінде, этникалық педагогика көптеген ұрпақтың педагогикалық тәжірибесін бойына жинақтай отырып, оны өз халқының ең жақсы дәстүрлері негізінде қазіргі ұрпағының өмір-салтын ұйымдастыра отырып, тәрбиелеуге жұмсайды.
Халықтық тәрбие мәселелерін белгілі бір жағдайда философия, мәдениеттану, экология, демография, этникалық социология, психология, антропология, тіл білімі т.б. ғылым салалары зерттейтіні белгілі.
Этникалық педагогика, халықтық тәрбиенің субъектісі ретінде халықты зерттей отырып, оны педагогикалық жүйе ретінде қарастырады, оның құрамдас бөліктері-адамдардың этноәлеуметтік бірлігі, ұлттық сана бір халықты екінші бір халықтан ажырататын негізгі нышаны. Халықтық проблемаларды, жер биосферасы бөлімдеріндегі оның популяциясын демография зерттейді және ол тұрғындардың табиғи қозғалысынан туындайтын сұрақтар жөнінен педагогикамен байланыста болады: адамның өмірге келуі, тіршілік әрекеті, өлімі сияқты мәселелер, оның мәнді қасіретінің, өмір тіршілігінің, салтының мәселелері, яғни оның тәрбиесінің мәселелері.
Белгілі бір ғылым саласының, оның ішінде этнопедагогикалық мәні оның жетекші идеяларының сипатында. Оларды білу сол ғылым жүйесі жөнінде тұтас ұғымды қалыптастырады, оның әрбір элементін құрастыруға мүмкіндік тудырады. Тәжірибе көрсеткендей, халық тәрбиесінің жетекші идеяларын зерттеу, этнопедагогикалық мәдениеттің мазмұнын тиімді меңгеруге ықпал жасайды.
Орыстардың тәрбиелік жүйесі оның кең мағынасында білім алуымен қоса жүруі туралы ХХ ғасырдың басында Д.Л.Андреев, В.И.Вернадский, В.В.Розанов, В.С.Соловьев, А.А.Флоренский, К.Э.Циолковский т.б. орыс философтары көптеген еңбектер жазып, зерттеулер жүргізген. Олардың орыс менталитетін зерттеу негізінде тұжырымдалған идеялар халықтық тәрбиеде қолданысқа ие болды.
Орыстың космизм идеясы. Бұл идея бойынша әрбір “Мен” көптеген және кеңейе түсетін өрістері бар ішкі әлемнен тұрады: тарихи-мәдени, әлеуметтік, бейнелі-эмоционалдық, интеллектуалдық. Қазіргі кездегі ғылым тілімен айтқанда, бұл идея жеке тұлғаның кешенді дамуын болжайды және орыс адамының өзін қоршаған ортамен табиғи қатынасының қалыптасуының қажеттігін көрсетеді (табиғатпен, қоғаммен, адамдармен).
Шоғырлану идеясы. Бұл идея орыстардың психологиясынан бастау алады. Тәрбие қолданысындағы жинақылық бұл – өзара, рухани, адами тұрғыдан байытылуы. Бұл идеяда халықтық тәрбие үрдісінің негізі нақты түрде көрсетілген, оның мәні - тәрбиеші мен тәрбиелеушінің қарым-қатынасы, ортақ әрекеттерінің бірлігі. Этнопедагогикалық мәдениетті аксиологиялық тұрғыдан зерттегенде біздің анықтағанымыз: халықтық тәрбиенің жетекші механизмі-коммуникативтік әрекет. Сонымен осы идеяның объективті екендігін көптеген дербес зерттеулер дәлелдеді.
Үшінші бір гуманистік идея – орыстардың менталитетіне бағытталған. Ол ғасырлар бойы табиғаттың дүлей күштеріне, әр түрлі соғыстарға т.б. қарсы тұру үрдісінде қалыптасқан, және орыстардың бетпе-бет келген қиындықтарды байсалдылықпен, адамгершілікпен, әзіл-оспақпен жеңе білуінен көрінеді. Халықтық педагогика оптимизмді, қалжыңды түсінуді, үйірсектікті тәрбиелеудің қайталанбас мектебі болып табылады. Осындай қасиеттерді тәрбиелеудің негізгі көзі ретінде сөздік ойындар, “күлдіргі фольклор”, келемеждер, өтірік әңгімелер, жаңылпаштар, мазақтамалар, жұмбақтар т.б. пайдаланылды. Балалар ортасындағы ойындық әрекеттерде бұларды пайдалану-баланың өмірде кездесетін күрделі жағдаяттарды кейімей, қынжылмай қабылдауына, өзіне, өз мінезіне сын көзбен қарауына, келемежі жоқ әділ күлкіні бағалай білуіне үйретеді. Бұл жеке тұлғаның маңызды қасиеттерін қалыптастырады дүние тануды эмоционалдық әсерленушіліктің ең жоғары сатысы – Өмір сүру қуанышын сезінуді тәрбиелейді, (С.Л.Рубинштейн 1973). [24]
Бұл идея адамның өз өмірін, көзқарастарын, өзін және басқаларды (төңірегіндегілерді) бағалай білуге негізделген. Өз психикасын жаттықтыра отырып, яғни кездескен проблемаларды саналылықпен жете түсініп, баланың ұнамсыз әрекеттерін біртіндеп жағымдыға айналдыруы, соның нәтижесінде оның ішкі жағдайының тұрақтылығының сақталуы оның болашаққа оптимистік тұрғыдан қарауына жол ашады. Осындай тәжірибенің жинақталуының арқасында бала өз қарым-қатынастарында ұнамсыз жағдаяттарға тап болмауға тырысады.
Бөліп қарастырылған идеялар этнопедагогиканың гуманистік идеяларына - әлеуметтік қажеттілікке бағытталған жеке тұлғаның өзін-өзі қалыптастыру идеяларына негізделіп, жинақталады. Этнопедагогиканың гуманизмі балаға таңдау мүмкіндігін туғызудан, жанама тәрбиенің ықпалы мен қоршаған ортаға деген оптимистік қарым- қатынастың позитивті дамуынан тұрады, және оны өмірдің астан-кестен қиын өзгерістеріне төтеп беретін рухани күшін сақтауға, теріс әрекеттерге төтеп беруге бейімдеуге даярлайды. Тіпті, жақынынан айырылған қиын сәттерде “педагогикалық оптимизмнің” арқасында бала өзінің ешкімге керексіздігін немесе жалғыздығын сезінуден аулақ болады. Жоқтаулар мен тұрмыс-салт жырларында жетімдерге деген қамқорлық көрсетіліп, қайтыс болған кісінің жақсы қасиеттерін айту, өмірде болатын жақсылықтарға деген сенімдер ұялатады.
Келтірілген зерттеулерге жүргізілген талдаулар, тәжірибелер және халықтық тәрбиенің дәстүрлері этнопедагогика идеяларының үш тобын бөліп көрсетуге мүмкіндік береді: 1) мақсаттылық идеясы; 2) мазмұндық идеясы; 3) процессуалдық идеясы. Осындай жолмен бөліну этнопедагогикалық мәдениеттің аксиологиялық моделіне сәйкес келеді.
1-шісі:
баланың жан-жақты дамуы – халықтық тәрбиенің мақсаттық идеясы: оны өмір сүруге даярлаудың қажетті шарты болып табылады (жетілген жеке тұлғалық тәрбиесі);
қоршаған табиғатпен үндестігі;
қоғаммен, айналасындағы адамдармен үндестігі;
өзімен өзінің үндестігі (жақсы дене және психикалық денсаулық);
еңбек әрекеттерінің барлық түрлерімен үндестігі;
өмір мақсаттылығы
2-шісі:
Халықтық тәрбиенің мазмұндық идеясы:
өмір сүрудің негізі-еңбек;
әлсіздерге деген адамгершілік және қайырымдылық;
өз-ара көмек және қонақжайлылық - айналасындағыларға деген жақсы қатынасы, адамдарға деген қамқорлығы;
ортақ іске деген қамқорлығы (отбасындағы, туыстар арасындағы, көпшілік) жеке тұлғалық қасиеттердің қалыптасуының негізі;
толыққанды дене және ақыл-ой тұрғысынан дамуы-табысты еңбек әрекетінің негізі;
эстетикалық және этникалық тәрбиенің арасындағы байланыстар;
халықтық тәрбиенің барлық жақтарының кешенді үйлесуі.
3-шісі:
Халықтық тәрбиенің процессуалды идеялары:
тәрбиелейтін ортаның бар болуы (өмір, дәстүр, этикет, мінез, тұрмыс)- халықтық педагогиканың негізі;
балалар ортасының болуы - қоғамда оларды өмір сүруге даярлаудың ең қажетті шарты;
тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің біріккен тіршілік әрекеті;
халықтық тәрбиенің негізгі механизмі - әрекет және қарым-қатынас;
бала-тәрбие субъектісі, оның белсенді қатысушысы;
баланың санасы мен мінез-құлқына адамгершілікті тәсілдер арқылы әсер ету;
балаға білінбейтін тәрбиелік ықпал жасау;
тәрбиенің қуанышты перспективаларын ұйымдастыру.
Біршама өзекті идеялар халықтық тәрбиенің барлық жақтарынан көрініс береді:
мақсаттың өзгешелігі, мазмұны, халықтық тәрбиенің құралдары ұлттық психология арқылы анықталады;
әлеуметтік қажеттілікке бағытталған жеке тұлғаның өзін-өзі құруы (қалыптастыруы);
тәрбиенің ерте басталуы;
балаға деген адамгершілік қатынас;
тәрбиедегі жыныстық дифференциясы;
тәрбиелеудегі әйелдің жетекші рөлі (әсіресе кішкентай балалар үшін).
Бөліп көрсеткен идеялар халықтық тәрбиенің барлық жақтарын қамтымайды, дегенмен жетекші рөл атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |