Оның пәні этностың этнопедагогикалық бейнесі, субъектілердің этникалық, танымдық, қайта жасаушы, білім беруші әрекеттері болып табылады. Білім беруші кешен ретінде этнодидактиканың мақсаты- этностың әртүрлі сапалары мен аяларында жұмыс істейтін барлық адамдарда дүниенің этнопедагогикалық бейнесін қалыптастыру.
Бұл этнопедагогиканың практиктері теориялық ғылымның зерттеуші- этнопедагогтары, білім беру кешенінің әр түрлі құрылымындағы оқытушылар, студенттер және тыңдаушылар.
Этнодидактиканың қызметі:
Этнопедагогтың ғылыми білімдері жүйесін қалыптастыру;
Білімдер, дағдылар және іскерліктер жүйесін дамыту (әрекеттік қызметтің міндетіне, мазмұнына және сипатына байланысты).
Этнопедагогиканы оқыту аясында репродуктивті және продуктивті (шығармашылық) кәсіби әрекетінің тәжірбиесін (тәсілдерін ) жеткізу.
Әлемге (адамға, этносқа, олардың өзара әрекеттері мен оларға қатынастарына) деген сезімдік - құндылықты қатынасты қалыптастыру.
Халық педагогикасындағы басым әдістерге жататындар: сөздік әдіс (әңгіме, түсіндіру, әңгімелеу, пікір талас, халық авторларының кітаптарымен, қолжазбаларымен жұмыс), жаттығулардың түрлі түрлері, еңбек тапсырмаларын орындау әдістері, оқу түріндегі тәжірибелер, тәжірибеде тексеру әдісі, бақылау әдісі, көрнекілік әдісі (халық ойыншықтары, табиғи және қолдан жасалған ойыншық заттар, табиғи материалдар, жергілікті жерлердің картасы мен сызбасы және т.б.)
Этнодидактика құрылымында халық білімінің көрінуіне тоқталайық: қазақ этнопедагогикасында тәрбие мазмұны жөніндегі мәселені қарастырғанда біз ең алдымен этнопедагогиканың, этнографияның (пәндік аясына этнософия кіретін) этникалық мәдениеттің, этнопсихологияның және этнофилософияның түйіскен жерінде педагогикалық білімнің саласы ретіндегі тән қасиетіне жүгінеміз, сол уақытта оның өзіне этнофилософиялық білімдерде, ғылыми білімдерде, идеологиялық білімдерде (дүниеге көзқарас ұстанымдары), этникалық білімдерде бекітілген оның тарихи дамуындағы дүниенің этникалық бейнесі жөніндегі білімдер, еңбек және еңбек әрекетінің тәсілдері жөніндегі білімдер, тәрбие жөніндегі білімдерді (этнопедагогикалық білім) біріктіретіні айқындалады. Алайда, қазақ этнопедагогикасының негізгі (базалық) блогын халық білімі деп аталатын бөлім құрайды.
Халық білімі – табиғи және әлеуметтік үрдістер мен құбылыстарды бақылауда эмпирикалық жинақталған және күнделікті практикалық әрекетте пайдаланылатын және дәстүрде бекітілген, соның негізінде жасалған қорытындылардың кешені.
Халық мәдениеті астарында халық білімі тұтас бірлікте оларды кешенді қарастыру қажеттілігін болжайды. Сондықтан, біз халық білімін олардың этнопедагогикада мәнділігі (яғни, танымдық және тәжірбиелік) және осы білімдердің орындайтын қызметтері көзқарасы тұрғысынан таңдауды негізді деп есептейміз.
Білімнің бірінші қызметі – ақиқаттылық пен әлемнің жалпы этникалық бейнесі жөніндегі түсініктің негізі болуы.
Білімнің бұл тобының оқушылардың этникалық тәрбие мазмұнына енгізудің мәні үлкен. Халық білімдерінің танымдық мағынасы тұрғысынан оларды этникалық тәрбие мазмұнына қосу қажет.
Білімнің екінші қызметінің мәні адамға өзінің практикалық немесе рухани әрекетінің бағытын анықтауында бағдар беруші рөлінде, ол ақиқаттылық объектісіне қатынасын қалыптастырудың базасы болып табылады.
Осы қызметіне сәйкес этникалық тәрбиенің құралдарының жүйесін бөліп алдық: этноәлеуметтік рөлдердің негізін құрайтын тәрбиенің дәстүрлері, салттары, ғұрыптары, ережелері.
Білімнің үшінші қызметі – туысқандық қарым- қатынастардың күрделі жүйесін, этноәлеуметтік рөлдердің мәнін және этнос субъектілерінің арасындағы қарым- қатынасты реттеушілік міндетін тануы, өзінің шежіресін тануы.
Білімнің бұл тобының негізіне салт- дәстүрлердің ядросын құрайтын нормалар жүйесі мен реттелетін туысқандық қарым- қатынастардың тәрбиелік мәні жөніндегі идея алынған.
Атқаратын қызметіне сәйкес этнопедагогикалық білімдер жүйесін жіктедік. Этнопедагогикалық білім нақты этностың педагогикалық мәдениетінде танымдық және тәрбиелік мәні бар білім. Тәрбиелік қарым-қатынас өзін-өзі айқындаудың әртүрлі формасының пайда болуына әсер етті. Бастапқы кезде бұл тұрмыстық нормалар болатын- нақыл, қағида, талап, одан кейін дәстүр, аңыз, салт, халық фольклорлары қалыптасты. Біртіндеп дәуірден дәуірге қарай тәрбиелік қарым-қатынастарды бейнелеуші бұрынғы пайда болған формаларын сақтау барысында жаңалары пайда болған. Осыған байланысты соңғы уақытта жаңа «этнобілім» ұғымы пайдаланылып жүр. «Этнобілім» болып этникалық құбылысқа қатысы бар кез-келген ұғым бола алды. Алайда, бұл білім қандай көзқарас тұрғысынан зерттеліп отырғанына байланысты «этнобілім» этнографикалық, этнопедагогикалық, этнолингвистикалық және т.б. болуы мүмкін. Этнопедагогикалық білім, педагогикалық секілді «бұл, ең алдымен объективті бір нәрсенің бейнесі ретінде оны алып жүрушінің ішкі дүниесінің белгілерін алып жүретін жеке тұлғалық боялған білім... жеке мағыналар мен мәнге ие» (Қожахметова К.Ж.) [11]
Этнопедагогикалық білім- қазақтардың этникалық тәрбиесі жөніндегі қайта жасалған, тасымалданған білім.Сондықтан педагогтың өзі осы білімді қаншалықты меңгергенінің мәні зор болады. Этнопедагогикалық білім, біріншіден, объективті белгіге ие, яғни, «білім бір нәрсеге тиісті, бір нәрсені білетіннің қасиеті» екіншіден « нәтижелік қорытынды-білім мен тәжірбиенің жемісі ретінде». (Джанзакова Ш.И.) [23]
Халықтың дидактикалық тәжірбиесіндегі оқытуды ұйымдастыру формаларына жататындар:
Жаппай форма (отбасылық және қоғамдық, еңбек дәстүрлері, салттары, мерекелері)
Жеке және жеке-топтық;
Ұстаздар мен шәкірттердің бірлескен дидактикалық жұмыстары (ұстаздардың шәкірттерге көрсететін этнодидактикалық көмегі; ұстаздардың шәкіртпен жүйелі жұмысы);
Халық ойындары;
Отбасында оқытуды ұйымдастыру формалары (ата- аналардың балалармен аға- інілердің өзара қарым- қатынасының формалары)
Құрдастарының қауымында оқытуды ұйымдастыру формасы;
Династикалык қажеттіліктерінің ұстанымы бойынша кәсіби оқыту.
Достарыңызбен бөлісу: |