Диплом бітіру жұмысы тақырыбы : «Оқу-тәрбие үдерісін этнопедагогикаландыру жолдары»


«Этностық дидактика» оның мәні, құрылымы және мазмұны



бет5/22
Дата03.01.2022
өлшемі348.5 Kb.
#450852
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
досжанова асел диплом

1.1. «Этностық дидактика» оның мәні, құрылымы және мазмұны
Қазіргі уақытта дидактика оқыту және білім беру теориясы деп анықталып жүр.

Дидактика – (грек тілінен аударғанда “didasko” – оқытушы) – балалар мен ересектерді оқытудың міндеттерін және мазмұнын ашатын, білімді, іскерлікті және дағдыларды меңгеру үрдісін сипаттайтын, оқыту әдістері мен ұйымдастыру формаларын, ұстанымдарын қарастыратын, оқыту мен білім беру мәселелерін анықтайтын педагогиканың құрамдас бөлігі.

Этнопедагогика – педагогика ғылымының бір саласы болып табылады. Ал, осы жалпы дидактиканың бастау көздері халықтық дидактика. Бүгінгі таңда бұл салада арнайы ғылыми зерттеулер жоқтың қасы. Дей тұрғанмен, кейбір ғылыми еңбектердегі тұжырымдарды негізге ала отырып, этнопедагогиканың мәнін зерделуге мүмкіндік туды.

Мысалы, Н.В.Силистрарудың айтуынша, “Халықтық педагогикада қазіргі мектептің оқу тәрбие әрекетімен және мақсатымен толық үйлесетін халықтық дидактика да кең түрде берілген. Оны пайдалану қажеттілігін дәлелдейтін кейбір себептерді көрсеткен:



  • біріншіден, халықтық дидактика мектептің өмірмен байланысы ұстанымын жүзеге асыруға мүмкіндік береді;

  • екіншіден, халықтық дидактика отбасындағы үйренген қарапайым икем дағдыларын мектептегі қалыптасатын ғылыми дүниетанымның негізі болуына септігін тигізеді;

  • үшіншіден, даналық халық дидактикасын сабақтарда және сабақтан тыс жұмыста пайдалану мұғалім еңбегін байытып, оны ынталандырады, оған әртүрлі сипат береді. Халық дидактикасы жағымды сезімді және жанашырлықты, мектепте қызығушылықты және мектеп оқуына деген ұмтылысты оятады, қиын мәселені қарапайымдандырады, жақын және түсініктілігін арттырады, оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін белсендіреді”.

Бірқатар зерттеулерде (А.Э.Измайлов [14], М.И.Стельмахович [15], А.Ф.Хинтибидзе [16], И.А.Шоров [17] және т.б.) этникалық педагогикада дидактикалық үрдісті зерттеудің қажеттілігі жөніндегі мәселелер қойылған. Халықтың ауызекі шығармашылығындағы, отбасылық-тұрмыстық және қоғамдық дәстүрлердегі, ұлттық өнердегі дидактикалық жұмыс тәжірибелері, оқыту үрдісіне деген көзқарастары анықталған. А.Көбесовтің [18], Т.Әлсатовтың [19], Ә.Табылдиевтің [12] және т.б. тарихи-педагогикалық еңбектерінде Шығыстың ғалым-энциклопедистерінің дидактикалық ойлары, ал С.Қалиевтің [20], К.Жарықбаевтың [21] және т.б жұмыстарында қазақ ағартушы-педагогтарының оқытуға көзқарастары жүйеленген.

Көптеген зерттеушілердің ойынша, этнодидактиканың пәні, баланың этностық табиғатына сәйкес оқытудың теориясы мен әдістемесі болып табылады. Сонымен этнодидактика-нақты, белгілі бір этностың этникалық топтардың, тұтас халықтың дидактикасы. Әрбір этностың дидактикасы өзінің белгілі бір ерекшеліктерімен сипатталғанымен этнодидактика барлық этникалық топтарға және халықтарға тән инварианттық негіз бар. Бұл этнос өкілдерін неге және қалай оқыту керек деген сұраққа жауап іздестіре отырып, этнодидактика өз пәніне жаңа білім мазмұнын жобалау мен жасауды жатқызады (яғни әдіснамалық құрал). Этнодидактикалық тұғыр әдіснамасы бойынша әрбір адамның белгілі бір өкілі екенін, ұлттық психология этникалық менталитет иесі екенін мойындай келе, этнодидактикалық пәніне этнос табиғатына сәйкес оқытудың ұстанымдарын, формалары мен әдістерін енгізеді.

Егер жалпы білім мазмұнының дамуына тарихи шолу жасаса мектептің халықтық дәстүрлерден, оқытудың оң тәжірибесінен алшақтай бастағанын көрсетеді.

Этнодидактика – түсінігін ғылыми айналымға педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ф.Ялалов 2002 жылы өзінің тарихи педагогикалық және тәжірибелік – эксперименттік зерттеулері нәтижесінде даярланған «Этнодидактика» атты монографиясы арқылы енгізді. Ресейде «Ресей халықтарының этнодидактикасы» атты жобамен халықаралық деңгейдегі зерттеу бағдарламасы іске асырылуда (ЮНЕСКО). Осы бағдарлама аясында ұлттық білім беру мазмұнын жобалау әдіснамасы жасалуда. Бұл мәселені шешуде жалпы-адамзаттық және ұлттық құндылықтар арақатынасын дұрыс анықтау көмектесе алады. Ұлттық білім беру мазмұнына этномәдени, мәдени аралық, көп мәдениеттілік компоненттері енеді (., ., .,).

Бұл зерттеулерде этнопедагогиканың бір бастау көзі – оның дидакти-калық мүмкіндіктері жөніндегі мәселе ашылатыны даусыз.

Этникалық педагогиканың дидактикалық әлеуетінің аспектілері:

А.Ф.Хинтибидзеның “Грузия халқының шығармашылығындағы тәрбие идеялары” атты еңбегінде грузия халық шығармашылығы материалында халықтың дидактикалық танымы қарастырлған.[16] Зерттеуші халық ауыз шығармашылығында көрініс тапқан оқыту идеяларымен шектелген.

М.И.Стельмаховичтің өзінің зерттеуінде “Халықтық дидактиканы отбасылық этнопедагогиканың құрама бөлігі ретінде” ашуға арнайды және “Халықтық дидактика” ұғымын нақтылайды. Халықтық білім бойынша жұмыстарды зерттеу, халықтық дидактиканы этнопедагогиканың құрама бөлігі деген қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Біздің қорытындымыз бойынша, ол баланы оқыту халықтың әдістері мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Халықтық дидактика негізінде жалпы және адамдардың өндірістік әрекетінің нақты өрісіне жұмыстың белгілі бір түріне, оның ішінде аңшылық, балық аулау, мал шаруашылығы, егіншілікпен айналысу, халық техникасы, құрылыс, киім тігу әдістері және т.б. аясындағы тиісті халықтық білім мен тәжірибені жеткізу қамтамасыз етілген (31-б).

М.И.Стельмаховичтің ойынша, халықтық дидактиканың мазмұны, негізінен, меңгеру үшін арнайы оқыту талап етілмейтін, тек үлкендердің балалармен әңгімелесуі, олардың еңбекке араласуы, бақылауы, өмірге араласуы жеткілікті болатын қарапайым білімдерді қамтиды.

Зерттеуші сонымен қатар, білімге, кітапқа, мектеп пен мұғалімге деген халықтың көзқарастарынан айқын көрінетін, мектептегі оқу үрдісінде ғана меңгерілуі мүмкін, көлемді білімдер де назардан тыс болмаған деп есептейді (31-б).

М.Г.Колодезникованың “Отбасының дидактикалық мүмкіндіктері және оларды мектеп тәжірибесінде пайдалану” атты еңбегінде халықтық педагогиканың негізгі факторларының бірі – отбасы мәдениетінің дидактикалық мүмкіндігінің төмендегідей анықтамасын береді: “Отбасының дидактикалық мүмкіндіктері – тұлғаның ақыл-ойы дамуының негізін құрайтын, баланың есін, санасын, тілін, байқампаздығын, кеңістікте қабылдауын, бағдарын және басқа да психикалық қасиеттерін дамытуға тигізетін ата-ана әсерлері тәсілдерінің, құралдары мен амалдарының кешені” (6-б).

Н.Ш.Алметов халық педагогикасының дидактикалық қорына (мүмкіндігіне), ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған, оқыту процесіне қатысты эмпирикалық педагогикалық білімдердің жиынтығы кіреді. [22] Егер халықтық педагогика өзіне халықтың эмпирикалық жасалған педагогикалық идеяларын және тәжірибелерінің жиынтығын қабылдаса, ал оның дидактикалық қоры тек этностың педагогикалықмәдениетінің оқытудың өзіне тән процесімен тікелей байланысты бөлігін ғана қамтиды.

Зерттеушілер этникалық педагогиканың дидактикалық әлеуетінің белгілерін анықтауға ұмтылыс жасаған. Қазіргі уақытта олар бұның мазмұнына:


  • халықтық білімді (қарапайым және біршама көлемді);

  • оқытудың халықтық әдістері мен құралдарын;

  • халықтың білімнің рөліне, мұғалімге, кітапқа және оқушыға көзқарасы;

  • эмпирикалық негізде халықтық үйретудің ережелерін ұсынған.

“Халық педагогикасының дидактикалық қоры”, ұғымымен “халықтың дидактикалық идеялары”, “халықтың дидактикалық тәжірибесі” секілді ұғымдар тығыз байланысты болатыны анық, сондықтан олардың мәнін айқындау маңызды. Алайда, педагогикалық әдебиеттерде әлі күнге дейін олардың жалпы мойындалған анықтамалары жоқ, бірақ тарихи-педагогикалық зерттеулерде “дидактикалық ойлар”, “дидактикалық көзқарастар”, “дидактикалық танымдар”, “дидактикалық тәжірбие” секілді ұғымдар жиі айтылады. Осыған байланысты, Н.Ш.Алметов [23] дидактикалық идеялардың құрылымын былайша анықтаған.

- Халықтың дидактикалық идеясы – халықтың оқыту үрдісіне тән мәнді ерекшеліктері және қажетті байланыстары жөніндегі эмпирикалық жолмен жасалған түсініктері мен ұғымдары дей келе, автор оның төмендегі құрылымын көрсетеді:



  • Оқыту үрдісімен тікелей байланысты эмпирикалық педагогикалық білімдер (ең алдымен, жас ұрпақты халықтық білімімен, өндірістік еңбек ету тәжірбиесімен оқытудың мақсаты, міндеті, заңдылықтары және ұстанымдары, формалары, әдістері, құралдары және нәтижесі жөніндегі білімдер);

  • Халықтың дидактикалық көзқарастары (дидактикалық жұмыстың түсіндіруімен байланысты жалпы қабылдаған пікірі, оның әртүрлі мәселесіне халықтың қатынасының көрінісі, фольклорлық шығармаларды ойшылдардың мұраларында халықтың оқыту үрдісінің әртүрлі қырларына деген көзқарастары айқын берілген);

  • Дидактикалық сенім (немесе дидактикалық идеялық сенім. Яғни, дидактикалық идеясы халық педагогикасының қандай да бір жағдайда оқу үрдісіне тиісті ақиқатты (идеяны) тек танып қана қоймай, сол идеяны өзінің практикасында ұстана білетін ұстаз-мұғалімдердің оқытушылық жұмысына әсер етуі);

  • Халықтың дидактикалық идеялары (халықтық идеяны, яғни кең мағынасында айтылған тәрбиенің мақсаты болатын, халықтың ең жоғарғы жетістігін ұғынуы. Олар халық тәжірибесіндегі дидактикалық үрдістің мақсаты мен ажырамастай байланысты).

Жоғарыдағы ойларын түйіндей келе, автор: “Халықтың дидактикалық идеяларына жататындар жақсы жүргізілген оқумен және өз бетінше үздіксіз оқумен қол жеткізуге болатын кәсіпте, шаруашылықтың басқа да дәстүрлі түрлерінде ұлттық өнерде, спортта жоғары кәсіби жетістік. Оқытудағы идеалға жататын оқушының жоғарғы жетістігі. Яғни өзінің ісіндегі шеберлік және мүмкіндігінше кәсіптің көп түрін меңгеру” дейді.

Сонымен, этникалық педагогиканың дидактикалық әлеуеті мұғалімдердің, ұстаздардың, ата-аналардың және үлкендердің, халықтық дидактикалық жұмыстың көп ғасырлық халық тәжірибесіндегі оқыту үрдісінің мәнді ерекшеліктері мен қажетті байланыстары жөніндегі ұғымдарымен қарулануын қамтамасыз ете отырып, әлеуметтегі кәсіби және қалыптастырушылық қызмет атқарады.

Этнографикалық және этнопедагогикалық жұмыстарда тіркелген этнопедагогиканың бастауларын (шығу көзін), халықтық оқыту үрдісі мен нәтижесін зерттеу ақыл-ой тәрбиесінің негізгі міндеттерін қалыптастыруға мүмкіндік берді:


  1. Жаңаны, әлі танымағанды білуге, тануға қажеттіліктерін қалыптастыру;

  2. Практикалық әрекетке талап етілетін білімді меңгеру;

  3. Балаға еңбекте, өмірде және іс-әрекетте қажет болатын психикалық үрдістерді дамыту. Зердені, есте сақтауды, ойлауды , қиялдауды және т.б. қалыптастыру;

  4. Балаларға сөйлеуді, естуді және басқа да дағдыларды меңгеруге көмектесу;

  5. Негізгі практикалық дағдыларды шеберлікпен меңгеруге талап етілетін интеллектуалдық іскерліктерді талдауды, жинақтауды, қортындылауды, бастыны таба білуді және т.б. дамыту ;

Халықтық педагогиканың көптеген даму көздері, кешенді тәрбиелік әсер ету мүмкіндігіне ие бола отырып, ақыл-ой тәрбиесі үшін де зор мүмкіндікке ие. Бұл мақал, мәтелдер, ертегілер, ойындар, ойыншықтар, балаларға арналған фольклордың көптеген жанрлары: санамақтар, жаңылтпаштар. Этнопедагогикада жұмбақтар ерекше орын алады.

Ғалымдардың арнайы зерттеуі халық дидактикасының мазмұнын эмпирикалық педагогикалық білімдер мен халықтың білім беру аясындағы тәжірибелерін құрайтынын анықтауға мүмкіндік берген. Балаларға берілетін мәлімет көп жағдайда практикалық бағытта болған. Бұл оқуға деген жағымды мотивті қалыптастырып, танымдық белсендіктерін қарқынды дамытты. Қолайлы болу үшін халықтық оқыту мазмұны шартты түрде құрама бөліктерге бөлінген:



  1. табиғат жөніндегі білім;

  2. адам және қоғам жөніндегі білім;

  3. Төменде XIX ғасырдың аяғында, ХХ ғасырдың басында шаруаға қажет болған ғылымдардың, білімнің қазіргі атаулары беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет