Диплом бітіру жұмысы тақырыбы : «Оқу-тәрбие үдерісін этнопедагогикаландыру жолдары»



бет11/22
Дата03.01.2022
өлшемі348.5 Kb.
#450852
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22
досжанова асел диплом

Халық тәрбиесіндегі адамгершілік негіздердің бірі еңбекке деген позитивті қатынастардың дамуы. Этнопедагогикалық зерттеулердің талдаулары оның құрамдас бөліктерін анықтауға мүмкіндіктер жасады:

  • кез келген еңбекпен оның нәтижесіне деген құрметті тәрбиелеу;

  • ұжымдық еңбекке деген қажеттілікті дамыту, өзара көмек көрсетуге бағыттау.

Ата-аналардың, үлкендердің өнегесі, қоғамдық пікір, еңбек сүйгіш адамдардың қызу қолдауы, кез келген еңбекке деген психологиялық даярлықты қалыптастырды. Той кезінде, отырыстарда, асар - өз-ара жәрдемдесу кездерінде жастардың еңбек дағдылары сыналады. Бұл олардың әр түрлі жұмыстарға деген икемдіктерін жетілдіруге жетелейтін. Жалқаулар мен қолынан еш нәрсе келмейтіндерге аяушылықпен, есіркеушілікпен қарайтын (К.Д.Гемп 1983), мұндайда келемеждеп, қосалқы атаулар тағатын.

Еңбекке дайындық еңбек нәтижелеріне деген қатынасты тәрбиелеумен бірлестікте дамытылды. Өнегелі тәрбие балалар бойында кез келген еңбекке деген құрметті қалыптастыруға, өзгенің меншігіне қол сұқпауға тәрбиеледі.



Халықтық тәрбиеде жетілген адамның жетекші қасиеті оның ақылы болды, ол еңбектегі біліктігі мен ептілігінің дамуын қамтамасыз етті (Г.Н.Волков 1974) [7]. Этнопедагогика тұрғысынан қарағанда, ақыл адамның өмір тану, мақсат қоя білу, радикалды шешімдер қабылдай білу, нәтижеге жету үшін бақылай білу қабілеттері ретінде сипатталады (И.А.Шоров 1994) [17]. Этнографиялық байқаулар көрсеткендей, қажетті деңгейде еңбек дағдыларын игеру үшін, іс жүзінде әр түрлі шешімдер қабылдау үшін шаруаға көптеген білім, интеллектуалдық шеберлік қажет болды. Оның дамуы өндірістік әрекеттің іс жүзіндегі қажеттігінен туындаған және балалар тарапынан қойылатын әр түрлі сұрақтардың жауабы болды.

Ақыл мен тапқырлықтың дамуында дем берушілік рөлді фольклорлық шығармалар атқарды. Қазақ ертегілерінде адам өмірінде ақылдылық, тапқырлықтың, батылдықтың қажеттігі кеңінен дәріптелді. Ондағы жағымды кейіпкерлер көп білетін, тапқыр, практикалық дағдылары қалыптасқан, кез келген қиындықтардан жол таба білетін, адамдарды тани алатын болып сипатталады. Ол осындай қасиеттерінің арқасында алдына қойған мақсатына жетеді, жұмысы нәтижелі болады, молшылыққа кенеледі.

Ақыл-ойды дамытудың мәнін түсіне отырып, халықтық тәрбиенің мәселесі ретінде оған арнайы бөлім арналған, ол халық дидактикасы. Онда жалпы оқып-үйренудің мақсаты мен мазмұны, түрі, әдістері, негізгі көздері қарастырылады. Этнопедагогика сияқты халық дидактикасы ынтымақтастық пен гуманизм принциптері негізінде құрылған. Үйренудің көп бөлігі іс жүзінде практикалық әрекет негізінде жүргізіледі және баланың білуге, білімге деген қажеттігіне орай берілетін сұрақтарына жауап ретінде түзілген. Балалар мен жас өспірімдердің ақыл-ойын дамыту жөніндегі үздіксіз жұмыстар халықтық дидактика деңгейінде жүзеге асырылған.

Этнодидактика көздерін және халықтық үйретудің үрдісі мен нәтижелерін зерттеу ақыл-ой тәрбиесінің негізгі міндеттерін құрудың мүмкіндігін туғызды:



  1. білім алудың, жаңаны білудің, білмегенді түсінудің қажеттігін қалыптастырады;

  2. практикалық әрекетке керекті білімді меңгеру;

  3. баланың өмірі мен әрекетіне, еңбегіне қажетті психикалық үрдістерді дамыту: назар, фантазия, ес, ойлау, жады, көз алдына елестету т.б.

  4. баланың сөйлеу, есептеу, тағы басқа біліктігінің қалыптасуына көмектесу;

  5. интеллектуалдық іскерлігін: талдау, жинақтау, қорытындылау, басты мәселені бөле білу сияқты негізгі іс-әрекеттік дағдыларын қалыптастыру.

Этнопедагогиканың көптеген құралдары кешенді тәрбиелік ықпал мүмкіндіктеріне қабілетті және ақыл-ой тәрбиесі үшін мәнді потенциал болып табылады. Олар жұмбақтар, ертегілер, ойындар, ойыншықтар, жаңылпаштар, балалар фольклорының көп түрлі жанрлары: санамақтар, жаңылтпаштар, қорқытқыштар, мазақтамалар, өтірік әңгімелер, келемеждер т.б. Этнодидактикада ерекше мән берілетін нәрсе жұмбақтар. Олардың балалар үшін дамытушылық және тәрбиелік рөлі өте зор.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет