Диплом бітіру жұмысы тақырыбы : «Оқу-тәрбие үдерісін этнопедагогикаландыру жолдары»


ІІ. Оқу-тәрбие үрдісін этнопедагогикаландырудың мазмұны



бет13/22
Дата03.01.2022
өлшемі348.5 Kb.
#450852
түріДиплом
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22
досжанова асел диплом

ІІ. Оқу-тәрбие үрдісін этнопедагогикаландырудың мазмұны
2.1. Оқу-тәрбие үрдісін этнопедагогикаландыру және оның сипаттамасы

Оқу тәрбие үрдісін этнопедагогикаландыру - ұлттық мектепті модернизациялаудың бір бағыты. Оның теориялық педагогикалық негізі білім беру мазмұны мен оқыту технологиясын этнопедагогикаландыруда айқындалатын ауылдық ұлттық мектептердің жұмыстарын жетілдіру заңдылықтары болып табылады.

Оқу-тәрбие үрдісін этнопедагогикаландыруды жетілдіру төрт бағытта іске асады: 1) халықтық дәстүрлерді пайдалану; 2) салттың аймақтық-этникалық бағыттылығы; 3) оқыту мен тәрбиенің табиғилығын арттыру; 4) этнопедагогикалық кеңістікті кеңейту, білім беру жүйесін модернизациялауға оқушылардың, ата-аналардың және қоғамның жағымды қарым-қатынасын қалыптастырады.

Ұлттық мектептің жұмысын этнопедагогикаландыру үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ететін ұйымдастырушы педагогикалық жағдайлар қажет.

Білім мазмұнынынң қоғам сұранысына сәйкес болуы халықтың бай педагогикалық мұраларына негізделген оқу-тәрбие үрдісінің тұтастығына мүмкіндік жасайды:


  • мектепте оқушылардың тұлғасының дамуына басқарушы әсерді

іске асыратын әлеуметтік-педагогикалық ортаны тиімдендіру;

арасындағы бірлестікті қалыптастыратын баланың іс-әрекеттерін жекелендіру;

  • адамдар арасындағы мейірімділікті, қайырымдылықты, қарым-қатынастағы сыпайыгершілікті тәрбиелеуге мүмкіндік жасайтын білім беру үрдісін ізгілендіру;

  • ауыл мектебінің мұғалімін халық дәстүрімен таныстыру және

этнодидактика негізінде өзара оқыту технологиясын қалыптастыру арқылы этнопедагогикалық дайындау.

Оқу-тәрбие үрдісін этнопедагогикаландыру мәселесі ауыл мектептері оқушыларының үйлесімді өз бетінше дамитын тұлғасын дайындауды қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық - педагогикалық, ғылыми-әдістемелік және практикалық негіздері тұрғысынан қарастырылады.

Олар оқыту үрдісін аксиологиялық, этнопедагогикалық, жүйелік, әрекеттік тиімдендіру, антропологиялық және тұлғаға бағытталу тұрғысын ұйымдастырылуы арқылы шешіледі.

Оқу-тәрбие үрдісін этнопедагогикаландыруды теориялық сараптау философиялық, психологиялық этнопсихологиялық, педагогикалық, этнопедагогикалық, этнографиялық және әдістемелік әдебиеттерді зерттеу негізінде жүргізіледі. Біздің зерттеуіміз үшін философтардың, педагогтардың, этнопедагогтардың және этнопсихологтардың оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда халықтық оқыту тәжірбиесінің мәні жөніндегі идеяларының зор маңызы бар.

Классикалық педагогика тәрбиенің халықтық тәжірибиесі негізінде дамыған. Халықтың ұлттық сана сезімін арттырудың бір жолы ретінде Я.А.Коменский ана тіліндегі мектеп деп атап көрсетеді [3]. Осыған байланысты ол табиғатқа сәйкестілік, ұстанымын қалыптастырады. Оның ана тіліндегі мектеп жөніндегі идеясы К.Д.Ушинскийдің еңбектерінде одан әрі жалғасын тапты. К.Д.Ушинскийдің халықтық ұстанымы а) тілді, б) сана-сезімді, в) мінез-құлықты, г) өзіндік байланысты және т.б. сақтауға ұмтылуымен сипатталады. К.Д.Ушинскийдің теориясының негізгі ережесі баланы өз тілінде оқыту дегеніміз – адамды халқының қажетіне дайындау [4].

Халық дәстүріне ғылыми тұрғыдан қараудың үлгілері А.С.Макаренконың және В.А.Сухомлинскийдің еңбектерінде берілген. Халықтық тәрбиенің маңызды рөлін түсіне отырып, Макаренко А.С. «халық педагогикасының ұлттық» екеніне назар аударған алғашқы ғалымдардың бірі [5,6].

В.А.Сухомлинский халықтық ұстанымды, халықтық рухани қазынасы және көпғасырлық мәдениетін бейнелейтін деп дамытты. Педагогика ғылымын дамытуды ол халық педагогикасының қазынасын зерттеумен және игерумен байланыстырды: «Халық педагогикасы жөнінде әлі күнге дейін ешкім... ойланған жоқ, сондықтан болар, бұл педагогикаға көп қасірет алып келгені. Мен халық педагогикасының – халықтың рухани өмірінің орталық нүктесі екеніне сенімдімін. Халық педагогикасында халықтың ұлттық сипаты, келбетінің ерекшелігі ашылады» [6].

Этнопедагогика ғылымының негізін салушы РБА (РАО) академигі Волков Г.Н. этнопедагогиканың негізгі объектісі–халықтық педагогика. «Халықтық педагогика–халық шығармашылығында, дәстүрлерінде, салттарында, балалар ойынында және ойыншықтарында және т.б. сақталған педагогикалық мәліметтер мен тәрбиелік тәжірибенің жиынтығы», - деген [7].



Халықтық педагогика – біздің бүгінгі күнге дейін жеткен адамдардың мыңдаған жылдар бойғы тәжірибесі мен жинақталған халықтардың педагогикалық мәдениетін зерттеуді ұсынады. Ал, этнопедагогика - өскелең ұрпақты тәрбиелеу бойынша халықтардың тәжірибесі жөніндегі олардың педагогикалық көзқарастары жөніндегі ғылым, педагогика болмысы, отбасы, туысқандық, тайпа,халықтық және ұлттық педагогика жөніндегі ғылым. Г.Н.Волковтың еңбектерінде этнопедагогиканың әдіснамалық аспектілері қарастырылған. Оның еңбектері халық педагогикасы тұжырымдамасын қалыптастыруда халық педагогикасының пәнін, педагогикалық негізін, әдістері мен құралдарын анықтауда зор рөл атқарады [8].

Этнопедагогикаландыру – академиялық педагогиканың және тәрбиенің халықтық жүйесінің ең жоғарғы жетістіктерініің белсенді өзара әрекеттестіктері іске асатын тұтас оқу-тәрбие үрдісін кіріктіру жолымен оқытудың және тәрбиенің халықтық дәстүрін табиғи мақсатқа, жағдайға пайдалану. Ол білім беру мен мәдениетті демократияландыруды ұсынады, халықтардың педагогикалық дәстүрлерінің жалпыға ортақтылығын және сақталғандығын дәлелдейді.

Осы ғылыми анықтамаға сәйкес оқу-тәрбие үрдісінің мазмұны мен технологиясын этнопедагогикаландыру проблемасы Қазақстан Республикасының оқу тәрбие процесінің мазмұнын және технологиясын модернизациялаудың негізгі бағытын анықтайды.

Жүйелі түрде этнопедагогикаландыру үрдісін ғылыми-әдістемелік тұрғыдан негіздеп, Талдықорған қаласының Д.Рақышев атындағы №2 мектеп интернаты негізінде тәжірибе жүзінде іске асырған Р.К.Дүйсінбінова - профессор Р.Дүйсінбінованың жұмысының ерекшелігі-жалпы білім беретін мектептің 27 пәніне этнопедагогикалық мәні бар материалдарды енгізіп, бүкіл мектептің тәрбие жүйесін этнопедагогика негізінде ұйымдастыруында. Осы тұрғыдан алғанда, автордың этнопедагогикаландыру үрдісін этнопедагогика пәнінің негізгі функциялары (танымдық, тәрбиелеушілік, дамытушылық, коммуникативтік, ақпараттандыру) аясында жүзеге асыруы. [9].

Мәселен: танымдық функциясы жеткіншектерге өз ұлтының рухани-мәдени қазынасын жаңа қырынан танып-білуге, әрбір тарихи кезеңдердегі дүниенің заттық-сезімдік құндылықтарын бағалай білуге, болмыстағы, қоғамдағы қарама-қайшылықтарды, оның даму процесін байқап, бағамдап, идеологиялық бағытын санамен ұғынуға көмектеседі. Таным аясының түйсік, қабылдау, еске сақтау, ойлау, сөйлеу, қиял сияқты түрлерінің қай-қайсысының да дамытушылық мүмкіндігі мол.

Ғасырлар қайнауынан бүгінгі күнге жеткен халықтық қазына-ертегі, жұмбақтар, қара есептер, мақал-мәтелдер, шешендік сөздер, ән-күй мен қолөнері, түрік ғұламалары мен қазақ ойшылдарының, ағартушы-жазушыларының, белгілі қоғам қайраткерлігінің мұралары білімнің бастау көзі болып табылады. Тарихи уақиғалардың, тарихи тұлғалардың халық санасында берік сақталуы да сол рухани мұралардың арқасында. Рухани қазына, яғни этнопедагогикалық материалдар – тек дүниені тану ғана емес, тұлғаның өзін-өзі тану құралы. Этнопедагогикалық мұра өнер шығармалары түрінде жас буынның талғамын, қажеттеліктерін, құндылық бағдарын қалыптастырады. Эстетикалық құндылықтарды иеленген адам дүниеге басқаша көзбен қарап, көзқарасы өзгереді, тіпті күнделікті үйреншікті өмірде қолданылатын заттарға сұлу сипат беруге ұмтылады, іс-әрекеттерінде шығармашылық қалыптасады. Қоршаған табиғаттың, қоғамдық ортаның, адамдардың әсемделігін сезінуге талпынады. Этнопедагогика материалдарының көпшілігін өнер туындылары құрайды. Өнердің, әсіресе поэзия мен музыканың әсер күші гипнозбен парапар. Өнердің сендірушілік, иландырушылық (суггестика) функциясы дінді уағыздауда пайдаланылатындығы белгілі. Ғалым болжау негізінде ой тұжырымдамаса, суреткер оны бейне-кейіпкер ретінде көрсетіп, белгілі бір ой-пікір мен сезім тудырады. Интуициялық ой-қиялдың негізінде ғажайып фантастикалық, фольклорлық шығармалар дүниеге келген. Адамның осындай секірмелі сипаттағы ойлау қабілетін бүгінгі нейро-физиология мен психология ғылымы дәлелдеп отыр. Ой-сананың осы қабілетті тек индуктивті бағытымен ғана емес, болашақтың ықтималдық дамуын сипаттай алуымен, алдын-ала сезгіштігімен ерекшеленеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет