Диплом жұмысы 5В020500 «Филология: қазақ тілі»


«ОРАҚ-МАМАЙ» ЖЫРЫ ТІЛІНІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ СИПАТЫ



бет16/27
Дата20.05.2024
өлшемі1.61 Mb.
#501554
түріДиплом
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27
961013450907 kz 5B020500 Зинедина Айерке Сағынғалиқызы

3 «ОРАҚ-МАМАЙ» ЖЫРЫ ТІЛІНІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
3.1 «ОРАҚ-МАМАЙ» ЖЫРЫНДАҒЫ ФОНЕТИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЖҰМСАЛЫМ ЕРЕКШЕЛІГІ
«Орақ-Мамай» жыры біздің дәуірімізге ауызша таралып жеткен туынды болғандықтан, көп сөздер естілуі бойынша жазылған және дыбыстық өзгеріске түскен. Кейбір сөздерге бір дыбыс алдынан қосылып айтылса, екіншілерінде соңынан дыбыс қосу байқалады. Мысалы, Табалмай тұрмын іретін. Дұрысында «ретін» болу керек. Бұл тұста сөздің алдынан дыбыс қосып айту «протеза» құбылысы байқалады. Яғни, р,л дыбыстарының алдында артикуляцияда ы,і естілетіні белгілі. Жырда бұлай келу себебі - буын саны мен жырдың әуезділігін сақтау үшін. Арызын тыңлап іс қылдым. Бұл жерде д дыбысы л-ға ауысқан. Есен-аман қауысты; Мұнда да дыбыстық өзгеріс байқалады. С-ның ш-ға ауысуы. Жана білген өз ісін. Ә-нің а-ға өзгергені көрінеді. «Шыны жүйрік екен» деп; Шын сөзінен кейін ы дыбысы қосылып, элизия құбылысын тудырып тұр. Көбіне поэзиялық туындыларда бұл сөзді ырғаққа байланысты осылай қолдану басым. Желпілдемейт етегі. Мұнда д дыбысының т-ға өзгреруі мен соңғы і дыбысының түсіп қалуы байқалады. Келатыр шауып ертеден. Тіркескен күрделі сөздің алғашқысының соңғы е дыбысы, ал екінші сөздің басқы ж дыбысы түсіріліп, бірігіп айтылуы көрінеді. Оңтүстік, Батыс аймақтарда «келе жатыр» сынды сөздердің айтылуында осылай біріктіріп жіберу құбылысы көп кездеседі. Басқаға дүзін салмаса. Ж дыбысы д-ға ауысқан. Мінемін оған мен нағып. Дұрысында – «не қылып». А-е+қ-ғ. Өсітбесем ақыры. «Осылай етпесем» сөздерінің бірігіп, дыбыстық өзгеріске ұшырауынан пайда болған. О ғылса да бұ ғылсын. Қ-Ғ. Менім атым – хан Мамай. Ң-М.
Жырда өзара ұқсас дыбыстардың өзгеріске ұшырап, бірінің орнына бірінің қолданылуы және дыбыстық құбылыстар орын алған. Одан өзге тармақ басында дауысты дыбыстың қайталануы – ассонанс пен дауыссыз дыбыстың қайталануы – аллитерация шығармада мол кездеседі. Қайталаудың бұл түрі де шығармаға ерекше әсер сыйлайды.
а) аллитерация


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет