Диплом жұмысы 5В020500 «Филология: қазақ тілі»



бет13/27
Дата20.05.2024
өлшемі1.61 Mb.
#501554
түріДиплом
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27
961013450907 kz 5B020500 Зинедина Айерке Сағынғалиқызы

Текдарлы асыл ақ сүйек
Ағыспенен до болдым [3,180].
Жоғарыдағы үзіндіде келтірілген «текдар» сөзінің «ақсүйек» сөзімен тіркесіп келуінен бұл сөздің «текті» деген мағынаны беретіндігін аңғаруымызға болады. Яғни бұл сөздің мәні контексте анық көрініп тұр. Қазірде қолданылып жүрген «декдар» сөзінің төркіні де осы – «текдар» сөзі екендігін көре аламыз. Яғни «текдар»текті мағынасын беретін сөздің ескі варианты деп түсінеміз.
Жөніңді айтшы, не елсің,
Кім болады баярың? [3,196].
Мұнда бізге таңсық болған сөз – «баяр» сөзі. Бұл сөздің дыбысталуына қарағанда орыс тіліндегі әлеуметтік топтың жоғары деңгейін білдіретін «боярин», «барин» сөздеріне ұқсас екендігін байқадық. Мысалға зер салғанда да бұл сөздің осы мағынамен жанасатындығын көруге болады. Өйткені мұнда «иең кім болады, басқаруышың кім» деген мағынада сұрау салынады. Соған қарағанда бұл сөз орыс тіліне түркі тілінен енуі мүмкін. «Боярин» сөзі орыс тілінде әлеуметтік құрылыста феодалдық қатынас орнағанда пайда болған. Бұл шамамен Х ғасырлар болуы керек. Сол тұстарда бұл сөздің түркі тілінен орыс тіліне ауысып кетуі ғажап емес. Қазақ тілінде көп қолданыла бермейтін мата атауы «мауыт» сөзі де жырда оқтын-оқтын кездесіп отырады, Мысалы:
Ақ мауыты ені кез,
Ақ болғанмен емес бөз [3,220].
Жырда мауыт сөзіне қатысты «ақ болғанмен емес бөз» деп айтылуынан, бұл матаның бағалы, құнды мата екендігін аңғара аламыз. «Орақ-Мамай» жырын талдау барысында «зипа тал» тіркесі көзімізге шалынды. Мысалы:
Бойжеткен қыздар зипа тал,
Армандарың біте ме,
Осыншама, міне, зал? [3,225].
Мұнда контекстке жүгінер болсақ, «зипа» сөзі әдемі, сымбатты деген мағынаны береді. Қыздарды «тал шыбыққа» теңеу немесе «тал шыбықтар» бұралған сынды тіркескен үшырасапы жатады. Қазақ халқында қыздың мүсінін талға теңеу бар. Сонлықтан мұндағы «зипа» сөзінің «тал» сөзімен тіркесе келіп бойжеткен қыздарды «әдемі малға» теңестіру бар. «Зипа» сөзінің түсіндірме сөздікте де берілген мағынасы осыған төркіндес.
Сонымен, «Орақ-Мамай» жырында кездескен бірсыпыра мағынасы күңгірт, тіліміздің пассив қабатына енген сөздерге талдау жасап көрдік. Бұл сөздер уақыт өте келе қолданыс аясының тарылуынан не дыбыстық өзгерістерге ұшырауының нәтижесінде тілімізде актив қолданылмай, мағынсы жағынан көмескі тартып бара жатыр. Біздің мақсатымыз да осы секілді сөздерді анықтап, жырдың түсініксіз тұстарын түсіндіріп өту болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет