Диплом жұмысы 5В020500 «Филология: қазақ тілі»



бет18/27
Дата20.05.2024
өлшемі1.61 Mb.
#501554
түріДиплом
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27
961013450907 kz 5B020500 Зинедина Айерке Сағынғалиқызы

Масыққанын білдім-ай [3,132].
***
Орақ, Мамай екеуі,
Малы кетіп азықса [3,86].
Бұл екі қосымша да есім негізді сөзден етістік тудыратын жұрнақтар. Сондықтан бір қатардағы қосымшалар бірінің орнына бірі жұмсалып, сөз тудыруда ерекше қызмет атқарған.
«Орақ-Мамай» жырын оқу барысында –ай демеулігінің жиі қолданылуы ерекше көзге түседі. Әр он шумақтың бір-екі тармағында осы шылау кездесіп отырады. Әрі тармақтың соңында келіп ұйқас құрауға, жырдың әуезділігін арттыруға көмектеседі. Жырдан мысал:
Қырық жігіт алады-ай
Белең-белең желеді-ай [3,452]
***
Қараүлектей анасы-ай,
Бұған да жетіп келеді-ай [3,427].
***
Қуса, қашып кеткендей-ай,
Бір жүйрікке мін, - дейді-ай,
Байқап бір соны кел дейді-ай [3,428].
-ай демеулігінің көп қолдануылуы жырдың қуатын арттырады. Яғни, жырға ерекше эмоциялық күш беріп, шабыттандыра түседі. Бұл көмекші сөз туралы А.Ысқақов: «-ай демеулігі зат есім, сын есімдермен ғана тіркеседі. Ондайда зат есім сөздер көбінесе қаратпа сөздерге айналады я таңдану, таңырқау мәнін үстейді» деген болатын [31,375]. Алайда жырдан келтірілген мысалдан көріп тұрғанымыздай, демеуліктің бұл түрі тек қана есім сөздермен ғана емес, етістіктермен де келген.
Ей, әй, ой варианттарымен келетін көңіл-күй одағайлары жиі жұмсалған. Олар көбіне кейіпкерлердің бір-біріне қарата сөйлеген сөздерінде кездесіп отырады. Әр кейіпкер сөзін бастамас бұрын тыңдаушысының назарын аудару үшін осылай қарата сөйлейді. Әрі бұл құрылым айтушының тұлғасын ірілендіріп, сөзін өтімді етіп тұрады. Мұндай қолданыс батырлар жырына тән. Мысалы:
Ей, алғаным, алғаным,
Зарлап барады бармағым.
Денеме жайды бұл жара
Күннен күнге салмағын [3,258].
***
Әй, Ханбике, Ханбике!
Ақылдасым, мұңдасым,
Ақтан сөйле, жолдасым [3,416].
***
Ой, Қарасай шырағым,
Жақсыдан қалған тұяғым
Өлерінде үш арман
Тапсырып кетті Орағым [3,316].
Бұл үш одағай сыртқы формасындағы фонетикалық өзгерістен өзге, мағыналық айырмашылыққа да ие. Мысалы, бірініші мысалда «ей» одағайының қолданылуы қарата сөйлеген адамын көзге ілмейтіндей немесе өзінен оның күш-қайратын төмен көретіндей тон қосады. Екінші мысалдағы «әй» одағайы «ей» нұсқасына қарағанда жұмсағырақ естіледі, әрі үстеме мәні де зілсіздеу көрінеді. Ал «ой» одағайы көбіне қаратылған адамына ақыл айту, бата беру, айналып-толғану мәнінде жұмсалатын тәрізді. Бұл одағайлар әр сөйлемде әр түрлі реңкте келеді. Айтылатын мәселесіне, ойына қарай оқшау сөздің бұл түрі әр түрлі мағына үстейді. Бұл пікірімізге А.Ысқақовтың «адамның көңіл-күйі құбылмалы болатындықтан, одағай сөздердің көпшілігінің мағыналары да құбылмалы, ауыспалы демек, көп мағыналы болып келеді. Одағай сөздің дәл мағынасы сөйлемде айтылатын оймен жарыса қабаттаса айтылатын сезімді білдіреді» - деген сөздері дәлел бола алады [31,379].
Жырда айрықша көзге түскені - сөз тудырушы -ыңқы,-іңкі жұрнақтарының қызметі. Бұл жұрнақ, сын есім жасау үдерісі жағынан алғанда, әдеби тілімізде сирек қолданылатыны байқалады. Бұл жұрнақтың іс-әрекетті бәсесіте көрсетуде ғана жиі қолданылады деуге болады, мысалы: қалыңқыра, көрініңікіре т.с.с. Ал эпостық жырда сын есім түрінде белсенді қолданылғаны көрінеді. Заттық мағынадағы сөздерді анықтап, айшықтап тұратын (сығылыңқы, үзіліңкі, малыңқы, жығылыңқы, жұмылыңқы) эпитет есебінде жұмсалуынан тапқыр қолданыс көзге түседі. Мысалдар:
Екі көзін қарасам,
Жұмылыңқы көрінді-ай,
Жауырыным толы қарашаш
Жайылыңқы көрінді-ай [3,433].
***
Білектен шыққан қос бармақ,
Қара қанға малыңқы көрінсе,
Ертеңде-ау ойран боларсың,
Бұда-ау саған көрінсе-ау [3,434].
***
Иман жүзді хан Мамай
Ақша беті балаңның
Жығылыңқы көрінер
Бұл не болар, енеке? [3,25].
Бұл қосымша арқылы жасалған көтеріңкі, шашыраңқы, бытыраңқы және қазақ тілінің терминіне айналған басыңқы, бағыныңқы сөздері тілімізде актив қолданылғанымен, жырда кездескен туынды сын есімдердің қолданылу жиілігі төмен. Бұдан шығатыны – бұл жұрнақтың етістіктен сын есім тудыруда өнімді қызмет атқаратындығы.
Бұйрық райының 1-жақ формасында –йық жұрнағымен салыстырғанда -лық қосымшасының қолданылуы жиі кездеседі: баралық, қаққызбалық, шоқтырмалық, мінелік, байлалық, салалық, тасталық, сабалық, т.б. Әдетте күнделікті сөйлеу нормасында бұйрық райдың –йық формасы қолданылады. Осы орайда А.Ысқақовтың мына бір пікіріне назар аударсақ: «Бұл формалар іске қозғау салмайды, біреуге сілтемейді, сөйлеушінің амалды өзі істейтінін, яғни оны жүзеге асыруға өзі ынталанатынын, өзі бел байлағанын білдіреді [31,318].
Сақалынан байлалық,
Елге айдап баралық [3,24].
***
Жетпіс құлаш құдыққа
Алып барып салалық.
Қайнап тұрған қара таспенен
Бетін бітеп тасталық.
Сол құдықтың ішінде
Ашыққандай болсын хан Мамай,
Құдықтың бетін ашпалық,
Тұншығып өлсін хан Мамай [3,24].
***
Ұзын сөзді қысқартып,
Тапсырып кеткен Орақтың
Арманынан хабар берелік [3,316].
Сонымен қатар, бұйрық райының ІІІ жақтағы –сын формасына қарағанда –ғай қосымшасының жұмсалуы басымырақ.
Түнде көрген түсімді,
Оңғарғай құдай ісімді [3,15].
***
Сындырмағай белімді,
Тарылтпағай жерімді [3,24].
***
Құтты болғай мекені
Қыстай берсін ол құмда-ай [3,76].
Бұл грамматикалық форма –сын қосымшасымен салыстырғанда бұйрықтан гөрі тілек-өтініш мәніне жақынырақ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет