Диплом жұмысы 5В020500 «Филология: қазақ тілі»



бет17/27
Дата20.05.2024
өлшемі1.61 Mb.
#501554
түріДиплом
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27
961013450907 kz 5B020500 Зинедина Айерке Сағынғалиқызы

Таяу болған қайнағам,
Төбемнен боран соққанда,
Тірегім болған қайнағам [3,158].
ә) ассонанс
Аппақ болған шашы бар,
Арыздасып қалам деп
Айқайлап дауыс салады
Айқайлаған дауысын [3,29].
3.2 «ОРАҚ-МАМАЙ» ЖЫРЫНДАҒЫ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМ
Тілдің негізгі грамматикалық категориялары: септік, жіктік, тәуелдік, жалғауларының мағыналары мен қызметтері, етістіктің рай, етіс, есімше, көсемше тұлғаларында жұмсалу тәртібі, сөздердің байланысу амалдары қазіргі кездегімен сәйкес келеді. Әрине, бұл шығарма 15-ғасырдың туындысы екендігі мәлім, әрі Ноғайлы дәуірінің эпосы екені де белгілі. Осы орайда «қазақ тілінің заңдылықтары қалай сақталған деген» заңды сұрақ туындауы мүмкін. Біздіңше, тілші-ғалым Р.Сыздық көрсеткендей «15-17-ғасырдағы әдеби нұсқалардың ауызша таралып, ауызша жеткендігінен, яғни ұрпақтан-ұрпаққа өткенде ескі элементтердің заманға сай жаңасымен ішінара алмастырылып отырғандығынан» болуы мүмкін [30,117].
«Орақ-Мамай» жырының құрамындағы сөздердің септелу жүйесінде ешқандай ауытқушылық байқалмайды. Тек бір жерде ғана ілік септігінің «нің» жалғауының орнына «нім» ретінде қолданылғанын көреміз. Менім атым – Хан Мамай [3;12]. Қазақ тілінде «мен» жіктеу есімдігінің бұлай септелмейтіндігі белгілі. Осы тұста «Менім варианты қазаққа –жат, ол –ноғайлық тұлға» деген XV-XVII ғасырдың әдеби мұралар тілін зерттегенде айтқан Рәбиға Сыздықтың пікірін келтіре кеткеніміз жөн [30,117]. Әрине, жыр ноғайлы дәуіріне жататындықтан, мұндай элементтің сақталуы да заңды. Қазақ тілінің түрлену жүйесіне сай -ма, (-ме, -па, -пе, -ба, -бе) болымсыз етістігінің жұрнағы өзінің жалғанатын сөзінің соңғы дыбысына байланысты әр түрлі нұсқаға ие болатыны мәлім. Ал түркі тілдерінде бұл қосымша дауыстының жуан, жіңішкелігіне қарай тек –ма, -ме вариантында ғана келеді. Жырда «нану» сөзіне болымсыз етістік жұрнағы жалғанғанда –ба формасының орнына -ма нұсқасы келген. Бұл ноғай тілінің элементі екені даусыз.
Мамайдың тілін алмалық,
Айтқанына нанмалық [3,15].
Жырда тағы бір –да (-де, -та, -те) етістік тудырушы жұрнағының қазіргі тіліміздегідей жалғанбаған тұсын аңғардық. «Тың» есім сөзіне –ла сөз тудырушы қосымшасы жалғанған. Бұны қазіргі тіліміздің нормасына сәйкес келтірер болсақ, «тың+да» болуы керек. Жоғарыдағы және осы мысалда да сөздің соңы үнді дауыссызына аяқталып тұр. Ал сингармонизм заңына сай одан кейін жалғанатын қосымша да үнді дауыссызынан болуы керек. Алайда қазіргі тілдік дағды бойынша «н,ң» үнділеріне бітетін сөз өзінен кейін ұяң дауыссыздан басталатын қосымшаны қабылдайды.
Арызын тыңлап іс қылдым
Теңгеріп пақыр кәріпті-ай [3,116].
Жырда ерекше көзге түсетін морфологиялық элемент –ман, (-мен, -бен, -пен) қосымшасы. Бұл жұрнақ батырлық жырлардың барлығына дерлік тән. Ғалым Қ.Өмірәлиев Бұқар жыраудың тілін зерттегенде бұл қосымшаларды XV ғасыр поэзиясында көп қолданылатын жұрнақ ретінде қарастырады [28,267]. Ал Р.Сыздық бұл тілдік бірлікті болымсыз етістік жұрнағы мен көсемше жұрнағының және жіктік жалғауының І жағының бірігіп келіп ықшамдалған түрі (ма+й+мын) деп атайды [30,120]. Бұл ықшамдалған жұрнақ жалғанған сөзге үзілді-кесілділік реңк береді.
Қорыққан жығылып,
Аяғына бас ұрман! [3,10].
***
Қолымнан есеп бермен, - деп,
Штатыма көнбен, - деп [3,15].
***
«Атын сатып байыды» деп
Астында қалман күлкінің [3,157].
***
Қонақ күтіп далада,
Түсіріп сені жайламан [3,239].
-ған, -ген, -қан, -кен жұрнағы өнімді жұмсалған грамматикалық формалар қатарында. Жырда бұл жұрнақтың үш түрлі мағынада жұмсалғанын көреміз. а) сөзді айшықтап, анықтап тұратын эпитет ретінде: ит ішкендей арам ас; жасы жеткен қарт анам; әйелдер ішкен жарманы-ай; көшіңдер атамекен өскен жерге-ай; Еділге барад көшкен көш; бір көрім шығар біткен іс; жағалай тіккен көк шатыр; бұрғымен тескен тесік бар; орға түскен сұм бала; көзінен аққан жасын-ай; жезден соққан қармақ; қалмақтың атқан қол оғы; төрт қырлап соққан жебе; ерлер тартқан садақтай; желбіреген ту алып; жылмиған қара жорғаға; бұл тарыққан Мамайдың; айқайлаған дауысын; сіз кешіккен уақытта, т.б. ә) субстантивтену арқылы түрленіп: Кеткеніңді қайда біле алмай; Күлдіре алмай кеткені – Екінші оның арманы; Арманының біткені; Айтқаныма көнсін деп; Қашқанын батыр біледі; Қорыққаннан сасасың ба?; Қарасай Бозмойнақ атты жетектеп келе жатқанын көрді; Ат үстінен тартқанға, Қылышпенен шапқанға; Күн қызылы батқанда; Тарыққанын білген соң; Бір сұмдықпенен келгенін, Жамандықпенен жүргенін; Білгенінен қалмасын; Оң келгенін оң атты; Шет жүргенің, ішке тарт; Ұрғаны жаудың мықты екен, т.б. б) сөйлем құрамында баяндауыш есебінде де жұмсалған. «Орақ-Мамай» жыры негізінен баяндау үлгісінде жазылғандықтан өткен шақтағы істі тізіп айтып отырады. Осы тұста –қан есімшесі көп қолданылған. Бұл қосымша баяндауыш ретінде тармақтың соңында келіп ырғақтық-ұйқастық қызмет атқарады.
Жөкеменен байлаған,
Жыңғылменен айдаған.
Қара нанды білем – деп,
Күйсең-күйсең шайнаған.
Алдыр-былдыр сөйлеген.
Тіліңді адам білмеген.
«Илла Алла» демеген,
Кәлимаға тілі келмеген [3,31].
***
Діні басқа дұшпанға
Шыққан екен әкім деп,
Мына қызың ойлаған.
Басқам соған торлаған,
Екі құмдағы көп үйрек
Қос бұйдайық жинаған [3,221].
***
Туғалы жаяу жүрмеген,
Табаны жерге тимеген.
Мұндай күнге келмеген,
Қамқадан басқа кимеген,
Сұлудан басқа сүймеген [3,23].
Әдетте –ай (-ей, -й) етістік тудырушы жұрнағы арқылы жасалып, «масай», «азай» ретінде қолданылатын туынды сөздер жырда –ық сөз тудырушы қосымшасымен келген. Яғни «Орақ-Мамай» жырында олар «масық», «азық» нұсқасында жұмсалған.
Құл масықты көп малға,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет