Диплом жұмысы 5В020500 «Филология: қазақ тілі»


Жұдырықтай қабақты-ай, Қиған қамыс құлақты-ай! Ерні бар етектей



бет15/27
Дата20.05.2024
өлшемі1.61 Mb.
#501554
түріДиплом
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27
961013450907 kz 5B020500 Зинедина Айерке Сағынғалиқызы

Жұдырықтай қабақты-ай,
Қиған қамыс құлақты-ай!
Ерні бар етектей,
Тістері бар таяқтай,
Кіршігі жоқ, көрдің бе,
Кір жұқпайтын болаттай
Әр танауда үш тыныс,
Қолбырап тұр кеңсірек
Жел көтерген бұяқтай
Сүйектен жуан сіңірі,
Көргенім жоқ жылқыда
Бұл қотпы аяқты-ай!
Санның еті айланған
Ерлер тартқан садақтай! [3,73].
Жырда эпитеттердің қолданылу жиілігі де мол. Эпиттердің қатарында сапалық сын есімдерден болған қара құл; қара азбан; көк атты; көк мойын; аш бөрі; биік орда; алғыр сұңқар; қайнар бұлақ; қоңыр қаз; қызыл ат; ақ сүт; асқар биік Алатау; көңілі сергек ер, қара бұтты қара азбан, зерек ер, т.б. секілді айшықтаулар көптеп ұшырасады. Сонымен бірге қатыстық сын есімдерден, есімшеден болған эпитеттер де кездеседі. Айдаған қойы; боталы айыр; қанды бет; қамысты көк қияқ көл; күміс құйрық, құлау жал, жібек баулы садақ; тіреулі алтын сырық; шынжырлы ердің сойы; ақиық алғыр мұзбалақ, т.б.
Қару-жарақ атаулары үнемі өзін айшықтап, анықтап тұратын эпитет сөздермен тіркесіп келген. Мысалы, Алты атқа алған адырна; Балдағы алтын ақ берен; Күршектей болған көн қалқан; Бадана көзді ақ сауыт; Қарағай сапты ақ сүңгі; Орай, садақ, қырық кез оқ; Егеулі найза; Иулі тұрған сарыжа; Байласаң белге ақ алмас, т.б.
Жырда кісі аттары өзінің анықтаушы сөздерімен қосарланып, үнемі күрделеніп келеді. Айбынды туған тел Орақ; Алжыған қақбас хан Мамай; Қайғылы Мамай; Әулие туған хан Мамай; Батыр Мамай жөнелді, Қартайғанда мылжың болған хан Мамай; Ардақтаған хан Мамай; Иман жүзді хан Мамай; Сорлы болған Қараүлек; Жолы болған Жоламан; Қайтпай шапқан Қалқаман; Жол бастаған Мүлкаман, т,б.
Жырда метонимия, синекдоха көп кездесе бермеді. Тіпті жоқтың қасы десе де болады. Десе де, мына бір мысалды синекдоха есебінде алдық.
Барып сәлем берсейші,
Жағасы болса кисейші [3,80].
Бұл жерде «жаға» сөзі киім сөзінің есебінде жұмсалып тұр. Синекдоха бүтінің бөлшегі екені белігі. Яғни бүтін бір нәрсенің бойында бар кішкентай бөлшекті алып сол ұғымды беру. Былайша айтқанда, маңызды деталі негізінде сол сөздің табиғатын ашу. Ал метонимияға келер болсақ, ол өзара сөздерді алмастыру арқылы жүзеге асады. Яғни бір заттың ерекше белгісін беріп, құбылта суреттейді.
Айтты талай нешеулер
Білегіміз сенде деп,
Уәде қылды ішерлер [3,50.].
Мұнда көптік жалғауы арқылы метонимия жасалып тұр. Яғни, бұл сөздің артында «неше адам», «ішер адамдар» болу керек. Алайда адам сөзін жасырып, нешеу есімдігіне және ішер етістігіне –лер көптік жалғауын жалғап, ол сөзді субстантивтендіріп, басқа сөзге айналдарып жібереді. Тағы бір метонимияға мысал ретінде жырда «Он екі жерден от жақтың, Қайратпенен мал таптың» деген жолдар алдық. Бұл мысалдағы «он екі оттың» ар жағында Мұса ханның «он екі баласы» бар екендігі жасырынған. Яғни от сөзі арқылы бала деген сөзге меңзейді. Он екі баладан қанша ұрпақ тараса, сол секілді он екі жерден жағылған от тегіс атырапқа жайылуы мүмкін дегенді аңдатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет