Диплом жұмысы 5В020500 «Филология: қазақ тілі»


«ОРАҚ-МАМАЙ» ЖЫРЫНДАҒЫ ПАССИВ ЛЕКСИКА



бет11/27
Дата20.05.2024
өлшемі1.61 Mb.
#501554
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27
961013450907 kz 5B020500 Зинедина Айерке Сағынғалиқызы

2.3 «ОРАҚ-МАМАЙ» ЖЫРЫНДАҒЫ ПАССИВ ЛЕКСИКА
«Орақ-Мамай» жырында бәден, сараман, мәдәр, ысқат, насақ, дәкән, нашақ, мұшқал, лат-манат, ғамкен, сабат, мубтәла, мекер, текдар, баяр, мауыт, зипа, секілді мағынасы түсініксіз сөздер де көп ұшырасады. Сол сөздердің мағынасын ашып көрелік. Алдымен, «бәден» сөзіне тоқталайық. Жырда мынадай бір үзінді бар:
Қысылып маңдай терледі,
Бәденге ауыр жегдемді.
Дүниесі құрысын,
Кірі жоқ сөздің де [3,11].
Бұл жерде қазірде көп қолданыла бермейтін, қолданыс аймағы тар жергілікті жерлерде ғана қолданыс тапқан «бәден» сөзі кездеседі. Бұл сөздің мағынасы біз қарастырып отырған «Бабалар сөзінің» 40-томында берілген.Сонымен қатар, котекстке назар аударар болсақ, «бәденге ауыр жегдемді» тармағындағы «жегдем» сөзі де бір қарағанда түсініксіз болып көрінеді. Алайда бұл сөз көнерген не болмаса қолданыс аясы шектелген сөз емес, бұл «жейде» сөзінің емлелік қатесінен туындаған сөз. Яғни й дыбысының г дыбысына ауысуынан және д қыстырма дыбысының қосылып айтылуынан пайда болған. Ал жырда кездесетін «сараман» сөзі ерекше сөзге түсетін, айрықша көрінетін, анық, айқын жол деген мағынаға ие. Мысалы:
Барыңнан жоғын мінесің,
Киімі болса киесің,
Сөйтсеңдер де дәурен көресің,
Сараман дәуір сүресің [3,45].
Мұнда үзіндіден-ақ көрініп тұрғанымыздай, жоқтан бар жасап, қызық дәурен көріп, айқын өмір сүру мағынасында келген. Ал «мәдәр» сөзі – «егер» жалғаулық шылауының орнына келген сөз. Бұл сөздің мағынасы да жыр соңындағы сөздікте берілген. Жырда: «Бұл істе мәдәр өзгеріс болса, атам көрер үшке дейін жүгіріп еді, үшеуінде де озып келіп Орақ алды, қалғанын Мамай алды» [3,46]. Сонда «Егер бұл істе өзгеріс болса...» деген мағынаға саяды. Ал «Ысқат» сөзіне «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде»: «Өлген адамның тірліктегі күнәсін кешіру үшін оның ең жақын адамдарынан алынатын салық, підия» деген анықтама берілген [714]. Жырда бұл сөз мынадай жолдарда көрініс тапқан: «Қолына жүген, ат добыра алып, әкесінің ысқат құранына қарамай, тоғайдағы атқа кетті» [3,46]. Мұнда да бұл сөздің мағынасы мәтінде толық ашылып тұрғанын көреміз. Діни атауға жататын «ысқат» сөзі «құран» сөзімен тіркесе келгендіктен, қандай мағынадағы сөз екендігі айқындалып тұр. Жырда қолданылған «насақ» сөзі - «намыс, ар-ұят» деген мағынаны беретін сөз. Мысалы: «Орақ өз қарынан өзі бөлінді» деп айтар деп, басыма көшсем насақ келет деп, көшпей қалды [3,53]. Бұл сөздің мағынасы контексте де тұп-тура мағынасын бере алып тұр. Яғни Орақ батыр өз жұртынан бөлініп келтуді намыс санап көшпей өз елінде қалады. Бұл сөздің қолданыс аясы тарылған, қазіргі таңдағы қолданыс деңгейі төмен, сондықтан да біз бұл сөздің жыр лексикасының пассив қабатында қарастырдық. Жырда «Бұл толғағандағы жолаушылар Қарақұмдағы елдегідерге айтып келіп, бүкіл ноғай Орақты «жыршы болыпты» деп күлістік қылып, дәкән болды» деген үзінді кездеседі [3,53]. Осындағы «дәкән» сөзінің мағынасы – күңгірт. Егер контекстке зер салар болсақ, «дәкән» сөзніңі мағынасы «күлу, мазақ ету, масаттану» деген мәнге келеді. Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігінде бұл сөзді Ташкент қазақтарының айтатындығы айтылады. Олай болса, бұл сөз өзбек тілінен енген сөз болуы мүмкін. Мағынасы – мәз-мейрам болу дегенді білдереді. Егер жоғарыда берілген мысалмен сәйкестендірер болсақ, мағына жағынан бір-біріне дәл келіп тұр. Жырда кездескен тағы бір пассив қатарға енетін сөз – «нашақ» сөзі. Бұл сөз жырда былайша көрініс тапқан:
Ол өлтірсең, өледі,
Бірақ нашақ сізге келеді [3,74].
Жоғарыда «насақ» сөзі намыс деген мағынаны береді десек, ал бұл жердегі «нашақ» сөзі кесірінше мазақ дегенге мағынаға келеді. Мысалдың өзінде де байқалып тұрғандай, «мазақ сізге келеді, сіз жұртқа күлкі боласыз» дегенді білдіріп тұр. Дыбыстық жұмсалымына қарай да «мазақ» сөзіне келетіндігін көзіміз көріп тұр. Яғни бұл м-ның н-ға және з-ның ш-ға ауысуынан да болуы мүмкін. Өйткені м да н да үнді дыбыстар болса, ш мен з ызың дыбыстар қатарына жатады. Сондықтан бұл дыбыстардың бір-бірімен орын ауыстырып, өзгеріске ұшырауа жиілігі жоғары.
Қақпаққа жүр қайымдап
Оңы менен терісін.
Күреске мұшқал ит екен
Үйренген жастан әдісін [3,112].
Мұнда берілген мысалдан «мұшқал» сөзінің дыбыстық өзгеріс нәтижесінде «мосқал» сөзінің вариантын жасап тұрғанын аңғаруымызға болады. Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігінде «мосқал» сөзінің Қарақалпақстан, Орал, Маңғыстау, Қостанай аймақтарында «мошқал» нұсқасында қолданылатындығын айтады. Яғни мосқал сөзі мошқал ретінде қолданылса, мұшқал вариантында да жұмсалуы мүмкін. Себебі жоғарыда көрсетілген мысалдан бұл сөзбен төркіндес екендігі аңғарылады. «Мосқал» сөзі қартамыс, әлі қайтқан деген мағына береді. Ал мұнда кездескен «мұшқал ит екен» деген тіркесінен де епсіз, біраз жасқа келген, қартайған, оңы мен терісін айыра алмайтын жасамыс деген мағынаға меңгейтіндігін көре аламыз. Қалмақ батырларының сөзін берерде жырда «лат-манат» сөзі қолданылады. Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет