Диплом жұмысы қазақ прозасындағы сал-серілер образы Орындаған: 4-курс студенті С. Сейдикенова



бет4/8
Дата24.07.2023
өлшемі3.09 Mb.
#475802
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
stud.kz-45681 (1) (1)

Зерттеу нысаны. Қазақ әдебиетіндегі проза жанрындағы қазақтың сал-серілері туралы жазылған шығармаларға тоқталу. Сал-серілер өмірі, олар өмір сүрген заман жайлы қалам тартқан С.Мұқанов, С.Жүнісов, З.Ақышев, Ә.Әбішев, Т.Әлімқұлов, т.б. жазушылар туындыларындағы сал-серілер образын жасаудағы шеберліктеріне кеңінен тоқталып өту. Олардың сал-серілер туралы тарихи романдар жазудағы басты мақсаттары мен идеяларын, образ жасаудағы амал-тәсілдерінің сипаты мен сыры кеңінен сөз болады.


Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының басты мақсаты қазақ жазушыларының туындыларындағы сал-сері образдарының әр түрлі қырларын, сыр сипатын анықтау.
Осы мақсатқа орай мынадай міндеттердің шешімін табу көзделеді:
- XIX ғасыр мен XX ғасырдағы сал-серілер өмірі жайлы тарихи роман жазған жазушылар(С.Мұқанов, С.Жүнісов, Ә.Әбішев, З.Ақышев,т.б. ) шығарталарына тоқталу;
- Өнер адамдары жайындағы тарихи шығармалар жазған жазушылардың шығармаларының әдебиет теориясы саласындағы зерттелуін анықтау.
Зерттеу жұмысының дереккөздері. Бітіру жұмысын жазу барысында С.Мұқанов, С.Жүнісов, Ә.Әбішев, З.Ақышев, т.б. тарихи романдары, Ә.Марғұлан, С.Қирабаев, З.Қабдоловтың әдебиет теориясы жайындағы еңбектері, сонымен қатар зерттеуші ғалымдардың монографиялары мен мақалалары қолданылды.


Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Зерттеу жұмысын жазу барысынжа зерттеудің әдіс-тәсілдердің бірнеше түрі пайдаланылды. Олардың негізгілері - дәстүрлі сипаттама әдісі, тарихи салыстырмалы, теориялық, типологиялық салыстыру әдістері.


Зерттеу жұмысының практикалық мәні. Зерттеу материалдары мен тұжырымдары жоғары оқу орындарында әдебиет теориясы, қазақ әдебиетінің тарихы пәндерінен дәріс оқуда септігін тигізеді.


Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі негізгі тараудан, қорытынды мен пайданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Қазақ сал -серілері жайындағы қазақ романдары.

Ән, әуен қазақ халқының аңызы бойынша аспан әлемінен түсіп, ықылым заманнан осы кезге дейін жетіп отыр. Көкте қалықтаған ән көшпенді қазақ даласына жетіп, мұны естіген халық сондықтан, әуендік қасиетке ие болды деп есептеледі. Сондай-ақ халық арасында: "Әуен мен әуезге деген қабілет дүниеге келгенде дарыған", - деген болжам бар.


Қазақ қашанда өнерге ерекше мән берген, өнер десе ішкен асын жерге қойған халық. Өнер адамдарына ерекше құрмет көрсетіп, ерекше ілтипат көрсеткен. Соның дәлелі ретінде өнер адамдары туралы көптеген аңыз-әңгімелер халық арасында тараған. Сол әңгімелерді жинақтай отырып, өнер адамдары туралы көптеген ақын, жазушылар тарихи шығармалар жазды. Өнер адамы өмірі мен өмір сүрген дәуірін көркем суреттеу оңай жұмыс емес. Қиындығына қарамай көптеген қазақ жазушылары тәуекелдерге барды. Бірақ тәуекелге бел буған жазушыларымыз өз дегендеріне жетті. Мәселен, Мұхтар Әуезовті әлемге танытқан "Абай жолы" роман-эпопеясы Абай образын кең эпикалық көлемде сомдап алғашқы үлгі көрсеткіші болды. М.Әуезов эпопея арқылы Абайды әлемге танытса, Абайды оқи отыра Мұхтар Әуезовты әлем таныды. М.Әуезов халық арасынан шыққан Абай бейнесін, Абай тұлғасын жан-жақты аша білді. Жарты ғасыр уақытты қамтитын бұл шығарма ақын өмірі мен ақын өмір сүрген заманның ащы шындығын толық бейнелей алды. Абай ұлылығын ұлықтаған ұлы шығарма болды. Ал Сәбит Мұқановтың "Аққан жұлдыз" еңбегін де қазақтың сөнбес жұлдызы Шоқанды бізге барлық қырынан көрсете білді. Шоқан бейнесі бұл романда жоғарыдан, биіктен көрінді. Шоқанның баға жетпес қасиеттері, қазақ халқы үшін жанын беруге дайяр жас жігіт өмірі толық қамтылады.Ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров өмірін Д.Әбілов "Ақын арман" шығармасында көркем әрі шынайы етіп керемет суреттеген. Автор тарихи шындықты көркем пайдалана отырып, ақын бейнесін, портретін айқын көрсете білді. Бердібаев романдағы: "1965 жылы "Жазушы" баспасынан Д.Әбіловтің "Ақын арманы" романы ақындық, азаматтық, қайраткерлік тұлғасының қалыптасу жолдарын, күрес хикаяларын көрсетуге арналған.
Романда Сұлтанмахмұттың тұлғасын ашатын жүйелі сюжеттік желі тартқан. Әр түрлі іс-әрекеттер кезінде Сұлтанмахмұттың жанды бейнесі айқындала түседі.
Бірде махаббат сезіміне құлай берілген, өмірге құштар жан ретінде көрсек, екінші бір жерде елінің ауыр халін жеңілдету үшін білім, жол іздеген асыл арман адамы деп танимыз."( 2, 290 б.) - деп автордың ақын бейнесін ашудағы еңбегін жоғары бағалады.
С.Бақбергеновтің "Қайран шешем" туындысында атақты күйшілер Құрманғазы мен Дина образын жасауда өмір шындығы мен көркем шындықты қатар ала отырып, асқан шеберлікпен сипаттаған. Ал, Т.Әлімқұлов "Сейтек сарыны" мен "Телқоңыр" әңгімелерінде күйшілер бейнесін өнер мен өмірді байланыстырып, бізге тамаша жеткізе білген. Өшпес із қалдырған осынау ұлы тұлғаларымызды ұрпақтан ұрпаққа жеткізу жолында көптеген ғалымдарымыз, ақын-жазушыларымыз талмай еңбек етті. Аталған жазушылар тарихи шындықты көркемдік шындыққа айналдыру барысында аянбай тер төккендері көрініп тұр.
Сонымен қатар, қазақ халқы өнер адамдарының ішінде сал-серілерді де ерекше құрмет тұтып, қасиеттеген. Қазақ халқының бай әдебиетінің, қызықты да, қыры мен сыры мол саласы - сал-сері өнері. Оның астарына үңіліп, тереңдеп зерттесек, сан өнерді тоғыстырған құрама - синкреттілігін аңғару қиын емес. Қазақтың сал-серісінің бойында сан алуан өнер түрлері табылады, оның алдымен ақын, композитор, әнші болуының үстіне жыршылық, циркаштық, акробаттық, қуақылық, артистік өнердітең ұстауы өнердің синкреттілік сипатына тән. Тіліміздегі серілік деген сөздің "сегіз қырлы, бір сырлы" деген фразалық тіркеспен синонимдік мағынада жұмсалуыда сондықтан. Серілер заман ағымымен, әр алуан тағдырымен сыр шертеді.
Сал-серілік дәстүр, әр алуан өнер ортасынан оқшау тұратын өнер адамдарының ел мен жерге деген кіршіксіз сүйіспеншілігінен, ұлтық болмыс-бітімінен, мейлінше сөздік қоры бай қазақ тілінің көркемдігінен бастау алып, "сал" мен "сері" типтерінің пайда болуына негіз болса керек. Адам мен қоғам арасындағы тарихи сабақтастық өткен дәуірден сыр шертеді, адам баласының сана-сезімінің жаңаруына ықпал етеді. Сал-серілерге тән ұлттық сипат уақыт пен кеңістік аясында әрқилы дамып, қоғамның ілгері дамуында дара тұлғалардың ұлттық болмысын жан-жақты көрсетіп, ұлт өкілі ретінде халықтың ортасынан табылады.
Сал-серілер өнері біздің дәуірімізге синкреттілік-драмалық, артистік болмысын, кейбіреуі музыкалық қуатынан айырылып құр текст түрінде ғана жетіп отыр. Біздің қолымыздағы ескі көз қарттардың естеліктері мен кейбір қолжазбадағы деректер ғана. Осы тамтұм деректерге сүйене отырып сал-серілік өнердің сан-қыйлы сипатына тоқталамыз.
Сал-серілердің ойындары үлкен жиын, ас-тойларда халықтың көңілін көтерген. Олардың топтасып жүруі, ауыл-ауылды аралаған сәтте тұтас ансамбльдің, театрдың орнын атқарғаны белгілі. Олардың құрамында ақын, әнші, мерген, балуан, қуақы түрлі-түрлі өнерпаздар болды. Серілер тобының бірдей ат мінуі, салдардан ерек киімі, басындағы үкісі де көшпелі дала артистеріндей әсер қалдыратын-ды. Салдың ауыл сыртына келіп құлауы, қыздардың көтеріп алып кетуі белгілі дәрежеде эстетикалық мәні болды, халықтың драма өнерінің ойын-сауықтың бір түрі қызметінде жүрді.
Қазақтың сал-серілер тұлғасы - ғасырлар бойы ұлт мақтанышы болатын, жаратылысынды дарынды, қазақтың өзгеге ұқсамайтын дара болмысын жаһандану үрдісінде жарқырата көрсететін сегіз қырлы, бір сырлы, импровизаторлық, синкретті өмірді дәріптеуші, дарынды өнер иелері. Ұлт әдебиеті қазақтың халықтық музыка мәдениетінде өзіндік орны бар XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген Сегіз сері, Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, Мәди Бәпиұлы, Естай сияқты сал-серілеріміз бар.
Сал-серілер дәстүрді ұстанған, адамдық құндылы бар, танымдық мұраларға бай, жан-жақты өнер иелері - қазақ сахарасының рухани келбеті. Дәл, нақты кезеңі белгісіз, сал-серілер типі ескі дәуірден сақталған.
Академик Әлкей Марғұлан сал-серілік дәстүр жайында нақты деректер келтірген. "Тарих көзімен қарасақ, серілік ту бастан түрік қағанаты кезінен шыға бастаған. Серілік әдет қылған ойшы кісінің бірі - Иоллық деген кісі. Ол өзі ғажайып аңшы, мерген, атты күтіп ұстайтын бапкер, сонымен қатар ақын, жырау болған дейді. Ағалары Білгі хан мен Күлтегін қайтыс болғанда оларға арнап эпикалық оқиғаларды әдемілеп құрып, тасқа жазып қалдырған. Түрік қағанатының асқарлы биі Тоныкөк терең ойшыл кемеңгер білгіш болған. Өлерінде басына қоятын тасқа атақты жазуды ол өз қолымен жазып қалдырған... Қазақ аңыздары бойынша Қорқыт ескі дәуірдегі серіліктің бастаушының бірі. Ол атақты шешен, ел басқарушы, онымен қатар дүлдүл жырау, асқан күйші, бірінші қобыз жасаушы, қазақ музыкасының атасы. Қорқыттың қобызы мен музыкасын өзіне мұрат еткен ұрпақтары - әл-Фараби, Нысан абыз, Қойлыбай, Жанақ ақын тағы басқалар." (3, 174 б.)
Академик Ә.Марғұлан сонау түрік қағанаты кезінен бастап кейінгі хан, билеріміз, жырауларыз бен жыршы, күйшілерімізді сал-серілер деп қарастырған. Сондай-ақ Ә.Марғұлан сал мен сері типінің өзгешелігі мен ұқсастығын жан-жақты талдап көрсетеді: "Бір айтатын ой, сал мен сері типті емес, екеуі алуан, екі дәстүр өрнектері. Олардың бірінен-бірінің өзгешелігі - тұрмыс көрінісінді, типінде. Еңалдымен сал сері деген сөздер қалай туған? Осыдан бастайық. "Сал" европа тілімен айтқанда эксцентрик, немесе өз бағытымен жүретін бір алуан адам. Оның бар арманы сылқымдық, кербездік, киімді әдемі киіну, өзімен қатар жүрген адамның бәрінен де қияпатымен де, киімі мен деартық болу, асып түсу. Ер тоқымның өзі де басқаныкіндей болмай, алтынмен, күміспен өрнектеліп, ерекше салтанатпен жасалады." Ал ғалым Е. Тұрсынов "сал" мен "серінің" кейде қатар айтылатынын, серілер салдардан кейін пайда болғанын богема сарындарын жырлаушы өнер адамдары деген қорытындыға келеді. Ендеше, сал-серілер - музыкалық шығармаларда, ән-күйді қазақ даласында өркендетіп, таратушы өкілдері. Олардың ерекше қасиеті - ақындығы, әншілігі, күйшілігі, елді әнмен сәнге бөлейтін, адам жанына ізгілік нұрын себетін зиялылығы.
Осындай баға жетпес алтын, күмістерімізді қазіргі жастарымызбен кейінгі ұрпақтарымызға қалай дәріптеп келеміз? Ендігі жерде сал серілеріміздің өмірі, тыныс-тіршілігі туралы қандай прозалық шығармаларды білеміз? Соған тоқталып кетсек.
Сал-серілердің ұлттық келбеті, болмыс-бітімі - ұлттық менталитеттен . Сал туындайтын қазақ ұлтының даму диалектикасымен тығыз байланысты. Талай ғасырлар бойы қазақ даласын әсем ән мен қоңыр күйге, жырға толтырған дарынды ұлдары, серілік құрған сал-серілері туралы жазылған тарихи сыры мен мәні сақталып, көркем әдебиет заңдылықтарын сақтай отырып сөзбен сурет салған жазушылар шығармаларының көркемдік құрылымын, жазылу тарихын, образды сомдау ерекшеліктерін зерттеу.
Қазақтың сал-серілері туралы әдебиетімізде көптеген шығармалар жазылды. Қазақтың атақты жазушылары С.Жүнісов, Т.Әлімқұлов, С.Мұқанов, З.Ақышев, Ә.Әбішев, т.б. Солардың бірі еліміздің дарынды жазушысы Сәбит Мұқановтың Балуан Шолақ өмірін суреттеген "Балуан Шолақ" романын айтуға болады. Автор Балуанның балалық шағынан бастап басынан өткен қиыншылықтарымен қуаныштарын жете суреттеген.
Профессор З.Қабдоловтың өзі: "С.Мұқановтың бұл шығармасын роман деп алып қарауымызға әбден болады. Бұл жерде бір ғана Балуан образы ғана ашылып қоймай басқа да кейіпкерлердің образдары толық ашылған. Сондықтан бұл шығарманың повесть деуден гөрі, роман деп қараймын." - деп "Балуан Шолақ" романын жоғары бағалаған.
С.Мұқанов романда Балуанның тарихи адам екенін ескере отырып, тарихтан алыстамай көркем бейнелеген.
Балуанның анасы қарулы кісі болады. Балуан "Алып анадан туады" демекші анасына тартқан қарулы болады.
Жазушы Балуанның бейнесін көрсеткенде "Шолақ" атануының себебі қыста далада қалып, саусақтары үсіп қалып содан "Шолақ" атанды дейді. Өзінің өлеңінде:
Атандым Нұрмағамбет-Балуан Шолақ,
Бір қолым үсіп кетті болдым олақ
Сұлу қыз, келіншекке тиышсыздаумын,
Жалғыз-ақ тал бойында мінім сорақ!, -
деп көрсетсе, профессор Ахмет Жұбанов: "Замана бұлбұлдарында" Балуанның саусактары күйіп қалған деп айтады. Мына өлеңді мысал ғып алады:
Мен Шолақ жас басымнан болдым ояу
Оң қолым отқа күйіп болдым қаяу.

Сонымен қатар, Балуанның өліміне байланысты А.Жұбанов өз еңбегінде: "Балуан Шолақ 1919 жылы төрт -бес күн ауырып, елу бес жасында қайтыс болады."(6,102 б.) - деп береді. Ал романда: "Балуанның жолында биік жақпар тасты кесіп өтетін тар кезең болушы еді. Бұрын осы тастан өткенде ол әлденеге сезіктенетін еді, сондықтан сақтанып, абайлап өтетін еді.


Бүгін ол қауіп ойдан шықты. Оманды жаңғырта "Ғалия" әнін шырқаған ол тастың тар кезеңді жолынан жүріп өте бергенде, артынан мылтық гүрс ете түсті.
Селк еткен Балуан жалт қарауға шамасы келмеді, тұла бойы әлденеге шымырлап, жүрегі төмен тарқан сияқтанды. Төсінен төмен қарай ып-ыстық бірдеме жылжи жөнелді...(8, 221 б.) - деп кісі қолынан қаза тапқанын тілге тиек етеді.
С.Мұқанов "Балуан Шолақ" романында Балуан мінезінің қайтпас қайсар, кекшіл болғанын, жігіттерге тән барлық қасиеттерді ашып көрсетеді. Жас кезінен-ақ патша өктемділігін көріп өседі. Ауылдары өртеніп, сол кезде күшігі мен құсы жанып кеткен-ақ кеудесіне "патша" деген сөз жүрегіне шемен болып жабысады. Сол кезден бастап қарапайым халықты жақтап, сөзін сөйлейді.
Сал-серілердің репертуарында бұрын дәстүрлі халықтық ойындары болса, енді ойын түрлері орыс цирк өнерімен байи түсті. Осының бір ғана дәлелі - Балуан Шолақ Баймырзаұлы. Оның ойындарында спорттық, атлеттік сипат басым, мұның өзі көпшілікке театрлық көрініс түрінде қойылатын.
Ахмет Жұбанов ел арасынан жинаған материалдарына сүйеніп, Балуан Шолақтың репертуарына тоқталыпты. Балуан Шолақтың өз өлеңдері өз репертуарынан, циркаштық, спорттық өнерінен көп мағлұмат бере алады. Ол:
"Өнерпаз атқа мініп неге керек,
Тудым мен өнерпаз боп елден ерек.
Есікті шегіншектеп сүзгенімде,
Ұшырдым тақтайларын төртке бөліп", -
десе, бірде
"Бұл күнде отыз бесте менің жасым,
Қамалдың бұзып жүрмін мен талайын
Кешегі сентябрьдің базарында,
Көтердім елу бір пұт кірдің тасын.", -
деп мақтанышпен жырлайды. Оның өнер көрсететін жері жәрмеңке алаңы. Сауда бар жерде ақша жүреді, өнерпаздардың өнері де тікелей товарға байланысты.
Әсем Ақбозбен ел аралап, думан-сауықпен күн кешірген Шолақ бір ауылда қыз ұзату тойына кез болады. Ауылдың әдетімен, кещкі ойынла қыз-бозбала аралас отырғанда, Шолаққа ұзатылатын қыздың жанынан орын тиеді. Сол кезде серілікпен жүрген Балуан Шолақ жиырма үштегі бозбала жігіт болатын. Қасына отырған қызға қараса:аршыған жұмыртқадай әппақ жүзді, мөлдір көзді, мінезі ойнақы біреу екен.
Қызға қылықты Шолақ шүйіркелесе отырып сырын біліп алады: ұзатқалы отырған күйеуін менсінбейді екен, амалсыз барғалы отырғанын сезеді. Қыздың аты - Балқаш, әкесінің аты - Қожа. Балуанның бала жасынана бойына біткен бір мінезі - аяныштық еді. Сол қалпына бүгінде бағып, сырласқан қыжының қақпанына қалай түскенін аңғармай қалады. Баратын күйеуіне наразылық зарын айтқан қыз көз жасын көптен жасыра, Балуанға көрсете маржандай төгіп отырды да, "бүгіндік қана емес, өмірлік панаңа ал!" деген өтінішін айтады. Ұзақ сырдың аяғы серт байлаумен тынады.
Уәде - ертең түнде қыз үйінен ұрланып шығады да, екеуі Балуан Шолақтың еліне аттанады. Бірақ еліне аман-есен жетсе де, қалың малмен қаншама ұрыс, қаншама тартыс болады да, Балқашты Балуан бермейді.
Балуанның адам сүйсінер қасиетінің бірі - уәдесіне берік болуы. Автор бұл қасиетін "Адам барым барымта" деген бөлімінде анық байқатады. Өтірік жала жауып бүкіл туысқандарын түрмегем жаппақ болғанда, түрме бастығы Долгоносовтың жалғыз қызы Татьянаны барымта етіп алып қашады. Хор қызындай айдай сұлу орысн тауға алып барып, сауғалағанда, Татьяна екеуі тауда жалғыз қалады. Сұлу қызға келгенде осалдығы бар Балуан Шолақ Ғалияға берген уәдесінен танымай, нәпсісін жеңе біледі.
Балуан Шолақтың "Балуан" атануы бойына біткен керемет күш иесі болғанында. Көкшетаудағы бір жиында елу бір пұт кірдің тасын көтеріп, дүйім жұртты таң қалдырған. Од балуан ғана емес дала цирк негізін қалаушы. Аттың құлағында ойнаған, шауып келе жатып неше түрлі қимылдар жасап, дүйім елді аузына қаратқан. 1919 жылы орыстың палуаны Иван Кореньмен күресіп,оның қабырғасын сындырады. Екі иығына екі адам отырған дай, алып күш иесі болады.
Сонымен бірге, С.Мұқанов Балуанның ән-күйге деген құштарлығын шебер cуреттейді. Балуан Шолақ жастайынан ән мен күйге, өнерге құштар болып өседі. Бертін келе, жігіт шағында Балуан Шолақ әншілік пен балуандықты қатар алып жүреді. Әке-шешесі қайтыс болған соң, Ғаникей деген қызға үйленген Балун Шолақ ел аралап салдық құрады және жалғыз жарым жүрмей, жанына әнші-күйші, палуан, өнерлі жастарды жинайды. Топ құрып, "ансамбль" болып сауық құру Балуан Шолақ дәстүріне айналады.
Сал-серілік құра жүріп, өзі ұстаз тұтқан Біржан сал, Ақан сері әндерінің тамаша орындаушысы әрі насихаттаушысы болады. Олардың әнші-компазиторлық дәстүрін берік ұстанады. Балуан Шолақ кейін өзі де ән шығарады. Бұл тұрғыдан алғанда, ол қазақтың әншілік өнерін өрістетуге үлкен үлес қосқан компазитор. Көкшетау, Қарқаралы, Қараөткел, Сарысу, Семей, Баянауылда болады, Арқаның әндерін Жетісуға жеткізеді.
Балуан Шолақ осындай сапарларының бірінде Ғалияға кездеседі. Автор оның Ғалияға кездесіп, ғашық болуын ерекшк бір шабытпен суреттейді. Бір күні Балуан Шолақ Атбасар - үш өзеннің түйісетін қаласына базарға келеді де, қымызшылар түскен бір үйге түскісі келеді. Оның достары Ғалия деген келіншектің үйіне түсуін сұрайды. Сол үйге келсе, түрі таныс бір келіншекпен танысады. Ғалия өз қолымен бір кесені Балуанға ұсынып, екіншісін Шолақтың жігіттерінің біреуіне береді. Сол кезде бұл келіншекті қай көргенін есіне алады. "Тоқсанбайдың асында шапан жапқан келіншек екен, оның аты Ғалия екен ғой" деп отырып, оның сұлулығына құмарта түседі.
Бірақ Балуан Ғалияны қаншама жақсы көргенімен аяғында одан еш нәрсе шықпады да, біраз күндер өткен соң, оны абақтыға жауып тастайды. Өйткені, Ғалияның күйеуі Біржан, өзінің достарынан Балуан Шолақты Ғалиядан айырып, жолатпау мақсатында қамауды өтінеді. Достары үлкен бастықтар, ояздар болатын.Сөйтіп олар Балуан Шолақты абақтыға қамап қояды.
Ғалияның көз тартар сұлулығы Балуанды бейжай қалдырмайды. Оның халық арасында кеңінен тараған - "Ғалия" мен "Сентябрь" әндері. "Ғалия" әні нәзік сезім дүниесін, мөлдір махаббатты шеберлікпен сыршыл әуенде жырлаған лирикалық ән. Балуан Шолақтың сырға толы "Талдыкөк", "Ашылы айырық", "Қос перне", "Кенже қоңыр", "Құлан кісінес", "Дікілдек", "Ыңғайтөк", "Желдірме", "Қосалқа",, "Қос барабан", "Сарын" сияқты өлеңдері осы күнге дейін халық арасында кеңінен тараған. Романда Балуан Шолақ әндері ауыздан-ауызға тарап, барша қазақ даласына қалай тарағаны көркем өрнектелген. Қазақ сырлы сөздерін жетік меңгерген Сәбит Мұқанов романда Балуан образын дәріптеуде сөз қасиеттерін шеберлікпен қолдана білген.
Романда Балуан Шолақтың әншілікпен бірге аңшылық өнері де көрініс табады. Сәйгүлігі Ақбозатқа мініп, тау-тауды аралап, аң аулағанды жақсы көреді. Жанына жолдастарын ертіп, айлап жүріп аң аулап, көптеген ауылдарға кездеседі. Қай ауылға ат басын бұрмасын Балуанды үйіне қонақ қылып, мал сойып, сыйлап жіберетін болған. Балуанаға нақақтан -нақақ жала жабылып, қуғында жүргеннің өзінде халық аса құрмет- қошеметпен қонақ еткен.
Осындай қуғын-сүргін кезінде кіндік қаны тамған Жетісу жеріне сапар шегеді. Туған жерінде бірнеше жыл тұрақтап, Көкшетау өңіріне қайта оралады. Арқа еліне қайтып келген уақытында патша өкіметіне халық көтерілісі басталайын деп жатады. Балуан Шолақ қара халықтың басын қосып, патшаға қарсы қол бастап шығады. Бірақ елін патша құрсауынан қайтсем құтқарм деген арманына жете алмай, жауыздар қолынан мерт болады. Автордың осы сәттерді суреттеген де керемет талант иесі екенін көре аламыз.
Сан өнерімен халықтыриза етіп, Сарыарқасын сазды әуенімен тербеткен, заманының айтулы сал-серісінің бірі - Балуан Шолақ Баймырзаұлының өмірі туралы сыр шертетін тағы бір шығарма Есмұхамбет Айтмағамбетұлының "Балуан Шолақ пен Сағындық " әңгемесі.
Бұл әңгіме Балуан Шолақтың басынан өткен оқиғалар жиынтығынан құралған. Әңгіме желісі Ғалиясын аңсап, бара жатқан Балуанның бір ауылға түскендегі өткен жәйтті суреттейді. Балуан түскен ауылдың халқы балуан өнерін көріп, әніне сусындағанша асық болады. Балуан күш өнерін, ән өнерін көрсеткен соң қайтуға ыңғайланып жатқанда ауыл ақсақалы: "Сағындық деген жиеніміз келіп жатыр. Буыны бекіп, бұғанасы қатпаған өрім жас. Бірақ бойында күшпен қайрат мол секілді. Биылдан бері топқа түсіп жүр. Әзірше жамбасы жерге тиіп, меселі қайтып көрген жоқ. "Ағаның жағасынан ұстау-ақымақтың ісі" деседі ғой. Әйткенмен, "күш атасын танымас" деген тағы бар. Қарсы болмасаң сол баланы өзіңмен бір ұстастырмақ едік. Байқап көріп, бала қайратына көңілің толса, оң батаңды бер, толмаса екібастан..." (15,62б.) деп қолқа салады. Балуан Шолақ "мақұл" деп келісе кетеді.
Екі палуанын ортаға шығарып дүйім жұрт істің ақырын күтуде. Балуан Шолақ балаң жігітті ары-бері дөңгелетіп күшін байқап көрді. Жігіт жас болса да қайратты екен. Балуан жігіттің сағын сындырмай жай ғана: "Ол Сағындықты тік көтерген бойы Күндей ананың алдына алып барып, ақ батасын беріп, жігіттің болашағы бар екенін айтпақ еді. Осы жерде бір күтпеген жағдай болды. Оң қолымен Сағындықты салақтата көтеріп, Күндей анаға беттеген Балуан Шолақтың аяғы әлде бір шұқанаққа түсіп кетті де, тізесі сәл бүгілді. Осы сәтте Сағындықтың аяғы жерге тиіп те қалған екен. Сағындықтың тілеуін тілеген жігіттерге осыеың өзі де жеткілікті еді. Орындарынан даурыға көтеріліп, Сағындықты қаумалап алып кетті. Ауыздарында бір-ақ сөз:
- Балуан Шолақтың тізесін бүктірдің. Жігіт екенсің, Сағындық!" (37,63-64б.) деп Балуанның ақкөңілдігін пайдаланып кетеді. Осылай автор Балуан Шолақтың ақкөңіл, жомарттық қасиеттерін көрсетіп кетеді.
"Балуан Шолақтың белгісіз бір мықтымен кездесуі" бөлімінде Балуанның бір мықтымен, алып күшімен ойда жоқта, түнде кездеседі. Жол үстінде тұрған белгісіз жан қараңғыда Балуанға өтіп кетуге мұрсат бермей тұрып алады. "Балуан Шолақ" десе басқа емес патшаның өзі де үркіп түсетін, бірақ ана қазақ мыңқ етпеді. Ашуға булыққан Балуан орнынан атып тұрып, иығынан алып жерге қадамақшы болып еді, адам сенгісіз Шолақ анадай жерге ұшып түсті. Ызаланған, намыстанған балуан артына қарамай кетіп қалады. Кейін: "...Ана белгісіз қазақтың менен қайраты асқанына тіпті де өкінбеймін. Бір ғана өкінішім бар. Ашу үстінде сол қазақтың аты-жөнін сұрамай кетіппін. Өкінішім сол-мыңның түсін білгенше, бірдің атын білу ләзім. Оқасы жоқ алмас қылыш қын түбінде жатпас деген. Тірі болса жарық дүниеге шығар әлі." (15,68б.) - деп өкінеді. Балуан бойынан жеңіліп қалдым деген өкініш емес, сол адамның есімін сұрамағаны үшін өкінеді. Өзін жеңіп кеткені үшін оған кек сақтамай, қайта сол белгісіз жанның жарыққа шығуын, халыққа танылуын тілейді. Осыған қарап, біз Балуан Шолақты күш иесі ғана емес, жүрегі пәк, жаны таза адам болғанын көреміз.
Алуан Шолақтың өмірін шолып, қорытындылай келсек, жалпы айтқанда орыстар, байлар жүргізген саясаттың кесірінен Балуанның өмірі қуғын-сүргінде өтеді. Ақырында атып өлтіреді, осыдан кейін Аманкелді Иманов бастаған көтеріліске барлық қазақтар қол қосып, орыстарға, байларға қарсы шығады.
Сал-серілікті Қарқаралы елінде дамытқан қазақтың халық ақыны - Мәди Бәпиұлы. Мәди Бәпиұлы қазақтан шыққан біртуар әнші - композитор, ақын. Қарқаралы елінде туып-өскен. Әкесі ерте қайтыс болып, туысы Жақабайдың қолында өседі.
Мәди тағдыры - қиыры мен шиыры көп тағдыр. Таудан тауға қашып жүрсе де әр адамның жүрегінен ойып орын алатын қаншама туындыларды дүниеге әкелді. Мәдидің ұшы қиыры жоқ қиындыққа толы өмір жолы туралы Әбдіжәміл Әбішевтің "Найзағай" романынан оқи аламыз.
Автор "Найзағай" романында қазақ өнерінде "Мәди" аты алтын әріппен жазылып қалған, қайта тумас қазақтың баласы Мәди Бәпиұлының біз білмес батырлығы, сөзге шеберлігі, қарапайым халыққа деген жанашырлығы жайында сыр шертеді.
Алдындағы өнер, мәдениет саласында атағы шыққан Ақан сері, Біржан сал, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай, Жаяу Мұса, Абай, Естай әндерімен сусындаған Мәди ауыл-аймаққа әйгілі болып, той-думандарда жай халықтардың мұң-мұқтаждарын, олардың көріп отырған зорлық-зомбылықтарын әшкерелей жырлайды, толғайды. Ақындық, әншілік өнері қалыптасқан Мәди ауылда, аймақта өтілген айтыстарға қатысып, өткір тілімен, әсем ән ырғағымен жеңістерге жетіп, өзі де ағаларына еліктеп, ән шығара бастайды. Көңілге қонымды, жастар көкейінен орын тапқан "Үшқара", "Шіркін-ай", "Мәди"әндері орталық өлкеге тез тарап, халық арасында жас ақын композитордың беделі арта түседі.
Өнерімен, ақындығымен, қайтпас қайсарлығымен бүкіл қазақ даласына аты мәшһүр болған Мәди бейнесін ерекше өрнектеген. Романда Мәди образы халық арасында аңызға айналады. Келбетін білмесе де оның әндерінің арқасында барша халыққа мәлім болады. Азулы болыс-байлардың қысымын көреді. Туған жерден алыстатып жер аударып, артынан қуғын түсуі Ә.Әбішов романында егжей-тегжейлі, көркем көрініс тапқан. Барлық өнер адамына тән қасиет- ғашық болуда романда керемет суреттелген. Ақын жанының сұлулыққа құмар болып ғашық болмауы мүмкін емес. Мәдидің де қайғы-қасіретке толы өмірінің қуанышы болған нәзік жанды арулардың сұлулығын өте шебер бейнелей білген.
Әрине, өнер адамы халықтың сүйіктісі болған соң дұшпаны да көп болады. Ішіне пышақ айналмайтын қара ниет адамдар қай заманда болмасын арам пиғылдарын жүзеге асырады. Міне осындай, адамдар Мәди соңына түсіп, тыныш өмір сүруіне мүмкіндік бермейді. Автор осының бәрін өмір шындығы мен көркемдік шындықты қатар ала отырып айқын көрсетеді.
"Мәди" атын барша халыққа мәшһүр еткен, оның қайталанбас даусы мен суырып салма ақындығы, жүрегінің батырлығы. Мәди әндері жаныңа рахат бір сезім силайтын, естігенде жан жүрегіңді тебірентетін құдіретті. Ән құдіретін "Қаракесек", "Үшқара" сияқты рухы күшті әндерден көре аламыз. Бұл әндері жазықсыздан жазықсыз темір тордың арғы жағына түскенде, ауылын, жерін, елін сағынғанда сағыныштан туған. Туған жерге, елге деген сағыныш сазын әнмен жеткізе білген.
Мәди 1919 жылы түрмеден қашып, тау-тасты паналайды. Сол кезде Мәди аңызға айналады. Елдің бәрі танымйтын адамдарға өзін "Мәдимін"деп айтып, атын жамылып жүретін болған. Мұндай көріністің бірі- Ә.Әбішовтың романында жіті бір шеберлікпен суреттелген. "Автор Мәдиді ең алдымен заманның әділетсіздігіне қарсы ерлікпен бас көтерген өз дәуірінің батыры, халық қамқоры ретінде көрсетеді. Өзінің әнімен, жырымен ол туған елінің рухын көтерсе, күнделікті тіршілік үшін күресте әрқашан халықтың қасында болады. Халқын сүйген батыр ұл елім деп еңіреген кезде, қорлыққа шыдай алмай, үстем таппен, ел әкімдерімен, патша өкілдерімен бетпе-беткеліп қалады."(11, 352 б.) Ол билік басындағылардан қашып, ұзақ уақыт тығылып жүреді. Мәдидің атақты "Шіркін-ай" әні осы кезде дүниеге келеді. Ән арқылы өзінің көңіл-күйін жеткізеді. Ақын "шіркін-ай" деп тағдырына налиды.
Атағы әйгілі бола бастаған Мәдидің іс-әрекетін, өткір тілді ақындық, әншілігін көре алмаушы билік басында отырғандар, оны халықтан алыстату мақсатымен жала жауып, өмірінің орта шағын Атбасар, Қарқаралы, Семей, Омбы түрмелерінде өткізеді. Торға түскендей ақын - Мәди қатты өкінеді, мұңайяды да жігерленіп шығармашылығын тоқтатпай үдей түседі. Бірде бостандық, бірде серілік, бірде темір қайтадан торға түскен Мәди, "Қаракесек" атты ән шығарып, өзінің орындауымен қоршаған аймаққа таратады.
Мәдидің өзі өсіпжетілген өлкесі Қарқаралыға арналған әнінің мазмұны жан тебірентерлік табиғат сұлулығының компазиторғаеткен әсері, тау, аспан, бұлтты күндер, жайлаудың жайы, кіндік кескен жер, жасдәурен кез, жалтақтап қызығын көре алмай жүрген жастарды семсер алып жауға қарсы шығуға шақырады, үгіттейді. Әннің әуені де кең көлемді, орта екпінде орындалатын, әншілікшеберлікті қажет ететін жоғары дәрежедегі ерекше туынды. Мәдидің өскен ортасы, оқыған-тоқығаны халықтық өнер мектебі, бойындағы дарындылық дами келе, оны өзінің дарынды замандастарының қатарына қосты.
Мәди өлеңдерінің де Ақан сері, Біржан сал әндері сияқты әлеуметтік астары қалың болды. Ал енді ғашықтық, сүйіспеншілік, туған жер, табиғат тақырыбында ақын шығармашылығында Мәдидің көңіл-күйін, ішкі сезім толқындарын шынайы жеткізудегі маңызы жоғары.
Халық ақыны, әнші-сазгері дәрежесіне жеткен Мәди Бапиұлының шығармашылығы XIX ғасырда дүниеге келіп, XX ғасыр ұрпағының музыкалы-эстетикалық, көркемдік құдіретін, рухын тәрбиелеуде өз үлесін қосып, ұрпағының рухани байлығын тәрбиелеуге қажетілік болатынына кәміл сенеміз.
Осындай әдеби ағымның тағы бір өкіліне жатқызуға болатын адам қазақтың сал-серілерінің бірі - Ақан сері Қорамсаұлы. Ақан да Біржан сал, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ сынды қазақ арасынан шыққан ақын, сері жігіт. Оның тамыры өз халқының ғасырлар бойы жасаған жан тебірентер жүрекке жылы ән-өлең, жыр- толғауларында.
Ақан сері табиғатын ашуда Тәкен Әлімқұловтың "Көк қаршыға" повесі үлкен орын алады. Ақан өмірінің соңғы белестерінен сыр шертетін повесть, сол заманның тұтас қоғамдық, әлеументтік шындығын сипаттайды.
Т.Әлімқұлов ақын образын жасауда табиғат аясында айшықты, айбынды көрінеді. Табиғатты шынайы, өте нәзік бейнелеуі қаламгерлік шеберлікке байланысты.
Ақан бейнесі Т.Әлімқұлов повесінде ерекше бір қырынан танылады. Осы орайда профессор Қ.Абдезұлының: "Т.Әлімқұлов өз шығармасында жоғарыда айтылған тек "Ақанға тән мінез-құлықты, іс-әрекетті" көрсету үшін сан-сала оқиғалар, кезеңдерді кең қамтитын, оларды арна-арнамен дамытып, таратып әкететін қалың сюжеттік желілерді іздеп жатпайды. Ақан өмірбаянынан ең бір айшықты, жарқырап көрінетін тұсына ат басын тіреген де, осы кезеңдегі ақынның жан дүниесі үшін ерекше мәні болған бірнеше оқиғалық желіні негізге алады. Осы желі бірте-бірте ақын жанының терең иіріміне бастайды" деп жоғары баға береді. (7,134б.)
Автор тарихта өшпес аты қалған Ақан тағдырының бір ғана сәтіне байланысты оқиғаны алып, сол оқиғаға байланысты және онымен жақындас мәліметтерді ұштастырып, шындық құбылысты суреттеу үлкен көркемдік қажеттіліктен туады.
Ақанның құсбегілік өнерін ерекше бір талантпен суреттейді. Табиғат ғажайыбы, аң-құс жаратылысын түсіну, саятшылықпен айналысу Ақан сері өмірінің бір бөлігі іспеттес. Ақан тілі мен табиғат тілі үндесе білген. Т.Әлімқұловтың өз сөзінде: "Мен Ақан серінің құс салғанын, әрине, көргенім жоқ. Бірақ оның есесіне Қаратау өңіріндегі қаршыға салған құсбегілерді көрдім" деп айтып кетеді. Көзімен көрмесе де көргендей етіп суреттеуі жазушының асқан шеберлігі. Ақанның табиғатпен жан дүниесінің үндесуін нақты оқиғалармен тартымды бейнелеп, меруерттей тізіп көрсетеді. Ақын жан-дүниесін табиғат құбылысымен көркем айшықтырады. Ақан жанының сұлулығы - жан-жануарлар, өсімдіктер аясында ерекшеленеді.
Т.Әлімқұлов "Көк қаршыға" повесінде Құлагерінен айырылған, Ақанның жабырқау өміріне жұбаныш болған қыран құсы көк қаршығаны, яғни Көкжендетті көк түтінге тұншықтырып өлтірген Тінә болыстың астамшыл әрекетін қаламгер шығарма соңына қарай күлкілі оқиғалармен кестелейді.
Шығарма ішкі монолог, авторлық баяндаулар, кейіпкер сөзі көркемдік тәсіл ретінде ерекше көрінеді. Қ.Әбдезұлының өзінің еңбегінде шығарма жайында: "С.Жүнісовте авторлық баяндаудың салмағы басымырақ та, ал Т.Әлімқұлов болса, ішкі монологтың бар қыр-сырын терең меңгеріп пайдаланған. Сондықтан да Т.Әлімқұлов повесінде қысқа жанрда болса да Ақан серінің ішкі жан дүниесі, жүрек сыры, көңіл толқындары анағұрлым астарлы, терең тебіренісімен оқырманын тербетеді. Осының негізінде повесть өте әсерлі қайланбас туындыдай есте қалады". (7,144б.) деп көрсетіп кетеді. Сал-серілік дәстүрді барша сән-салтанатымен ұстанған Ақан сері жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазыны жан серігі еткен.
Ақан өмірінің соңғы жылдарында басынан өткен қиыншылықтарды автор жіпке тізгендей көрсетіп кеткен. Қаламгер Ақан жан дүниесін, жүрек сырын, тыныс алысына дейін көркемдік жинақтаудан өткізген. Тақырыпты кеңінен аша отырып, ақын портретін өмір шындығымен көркемдік шындықты үйлестіре отырып, ғажайып туындыны дүниеге әкелді.
Ақан серінің әншілік-композиторлық болмысы дара. Оның шығармалары әуендік - нақыш-ырғағы жағынан да тақырып өріс тұрғысынан да, тақырып өрісі тұрғысынан да қазақтың классикалық ән өнерінің үздік үлгілері болып табылады.
Ақан сері образы, әндері Қазақстан жазушылар шығармаларына арқау болған. С.Жүнісовтың "Ақан сері" дилогиясы да Ақан серінің бейнесін тұлғалайды. Ол жайында екінші бөлімде кеңінен тоқталамыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет