Диплом жұмысы қазақ прозасындағы сал-серілер образы Орындаған: 4-курс студенті С. Сейдикенова


Зейін Ақышевтің "Жаяу Мұса" романындағы Жаяу Мұса образы



бет6/8
Дата24.07.2023
өлшемі3.09 Mb.
#475802
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
stud.kz-45681 (1) (1)

Зейін Ақышевтің "Жаяу Мұса" романындағы Жаяу Мұса образы.

Сал-серілер ішіндегі аты аңызға айналған, өмірі жұмбақ ертедегідей ел еркесі, ұлт мақтанышы, сұлулық пен пәктіктің символына айналған Мұса Байжанов болды. Ол жастайынан домбыраның үнімен жанын тебіренті, қазақ музыкасына ден қойып өсті. Серіге тән кербездік, жинақылық, сезімталдық Жаяу Мұсаға тән. Қазақтың белгілі халық сазгері, әншісі мен халық арасындағы танымал көптеген әндердің авторы Мұса Байжанұлы. Мұса қазақ өнеріне жаңашылдық алып келген, алғаш рет қазақ даласына сырнай мен скрипканың үнін естірткен, халықтың жүрегін әнімен қоңыр даусымен баурап алған ұлы тұлға. Мұса өнері бүкіл қазақтың кең байтақ даласын әнге толтырып, елдің сусынын қандырған. Кең даланың ерке баласы Мұса Байжанов өмірі жайлы Зейін Ақышевтің "Жаяу Мұса" романы қазақ әдебиетінен өз орнын алды деуге толық негіз бар.


"Өнері мен өжеттігі бірдей, аттыдан жаяу жүріп кек алған батыр атамыз - Жаяу Мұсаға ескерткіш."- деп автор өзі айтпақшы, бұл роман арқылы қазақтың батыр ұлының тарихтағы жолын келешек ұрпағына аманат етіп қалдыру. Қазақ елінің ел болып қалыптасу жолында аянбай тер төккен ұлдарының рухына арналған.
Әдеби шығарма бар жағынан кемелді, бір тұтас, бір жүйеге бағындырылған көркем шығармадағы әрбір сюжеттік желінің себеп-салдары бар, кез келген ұсақ деталь дәлелденген. Осы орайда көркем шығарманы күрделі композициялық жүйе деп қарастырсақ, айрықша қызмет атқаратын әр бөлшегі оның идеялық-эстетикалық мән-мағынасын айқындайды. Портрет те туындының шағын құрылысы ретінде автордың айналаны қоршаған орта мен адам характері хақындағы концепциясына бағыт-бағдар сілтейтін көркемдік құралына айналады.
Шынтуайтына келгенде, адамның мінез-құлқын, көзге көріне бермейтін ішкі жан қозғалысын, психологиялық күйін айқындауда портреттің атқаратын ролі зор. Осы ойымыздың айқын көрінісін жазушы Зейін Ақышевтің "Жаяу Мұса" романынан көре аламыз.
Әрине, көркем әдебиеттердің заңдылықтарына сай әрбір тарихи оқиғаны, оның ішінде өнер тұлғалары туралы тарихи деректер негізінде жазылған көркем шығармаларда әр жазушы өзнің көркемдік шеберлігіне орай образ, нақты өмірдің шындығын бейнелейтін көркем туынды жасауы заңды.
Эстетикалық идеалы, талғамы жоғары Мұсаның адам ретінде өмірді тануы, қабылдауы ғажап құбылыс. Сондықтан ол өз ортасынан оқшау. Жаяу Мұсаның өзгелерде қайталанбас эмоциялық, психологиялық ерекшеліктер оның жеке индивид ретінде қалыптасуына себеп болды. Жазушы З.Ақышев Мұсаның қоғамдағы ролін оқырман сұранысына сай дер кезінде көркем шығармаға арқау етіп, ұлттық тұлғаны биік деңгейге көтерді. Сал-серілерде жинаған байлықты саналы ғұмырына, сәнді де мәнді тіршілігіне жұмсау қазақ халқының ежелден келе жатқан дархандылығы, жомарттылығы болса керек.
"Жаяу Мұса" - қазақ халқының тұрмысын, салт-санасын, қоғамдық, әлеуметтік өмірін танытқан және сол қиын кезеңде өмір сүрген ақын, әнші, композитор Жаяу Мұса туралы сәтті шығарма. Бір жақсысы, З.Ақышев әрбір қоғамдық құбылысқа суреткерге тән қырағы көзбен қарайды; оның қозғалтушы көздерін, қайнар көзін ашып, әлеуметтік факторлардың бір-бірімен байланысын айқындайды; нәтижесінде күрделі, қарама-қайшылықты өмірдің кең көріністі кейпін жасайды.
З.Ақышев бұл романды жазу үшін де аянбай еңбек етіп, Мұсаның туып өскен жеріне саяхат жасап, көптеген адамдармен тілдесіп, барынша тарихтан деректер жинайды. Тарих беттерін қайта ашып, Мұса өмірін асқан көркемділікпен суреттейді.Бұл романды жазуға тиек болған Баянауыл ауыланан кедей отбасынан шыққан халық әнші-композиторлық өнерімен танылған Байжанұлы Мұса.
"Қазіргі тарихи романда да бас кейіпкерлердің өмірі түгел қамтылмайды. З.Ақышев "Жаяу Мұса"романының бет ашар сөзінде: "Жалғанда тоқсан төрт жыл жасап қайтқан адамның бүкіл өмірін кітапқа түсіру мүмкін емес. Әсіресе, Жаяу Мұса өмірі, өйткені оның әр жылы, бейнелеп айтқанда, бір кітапқа молынанжетерлік қой,"- деп жазады . Рас сөз. Сөйтсе де З.Ақышев Жаяу Мұса туралы романда бас кейіпкердің ана құрсағында жатқан сәтінен бастайды." (2, 57 б.)
Туылмай жатып, ана құрсағында жатып-ақ қиыншылықтарды көреді. Дүние есігін аша салып-ақ анасынан айырылады. Әкесінің екінші әйелі, өгей шешесінің таяғына шыдамай, әкесінің жалғыз атын мініп қашуы Мұса өміріндегі қиыншылықтың бір белесі ғана еді. Романда автор өнер адамының жолының қиындығын, үстемдік таптың халыққа деген қиянатшылдығын Мұса өмірі арқылы көрсетпек болған.
Үйінен қашқан Мұса татар саудагерімен бірге Қызылжар қаласына барады. Көпес татарға жұмысқа тұрып бос уақытында өз бетінше оқи бастайды. Кедей тұрмыста өмір сүрген Жаяу Мұса қанша қиыншылық көрседе, жасымай халық үшін күресе білген батыр ұлының бірі. Бөтен қалаға барып, орыстың тілін үйреніп, мәдениетімен танысады.. Ол тез арада орыс тілін үйреніп, орыс жазушыларының шығармашылығымен, қаланың музыкалық өнерімен танысады. Бозбала өзінің білімінің жеткіліксіз екендігін, әрі қарай оқу қажеттілігін түсінді. Аз-маз қаражатын жинап, ол Омбыға аттанады. Бұл туралы Ахмет Жұбанов былай деп жазды: "Ресейдің шеткері қалаларының бірі болған Омбы секілді қалада ең болмағанда бастапқы музыкалық білім алудың өзі орындалмас арман болатын. Дегенмен, Омбы Мұсаның музыка мектебіне айналады. Ол орыс классиктерінің шығармашылығын мұқият зерттеп, сыни әдебиеттер оқып, концерттерге қатысады. Бұл қалада Мұса бірінші рет үрмелі аспаптар оркестрінің ойынын естиді, орыс халық аспаптары оркестрімен танысып, кәсіби музыка туралы алғашқы мәлімет алады. Егер ол бұған дейін тек ән мен күйді ғана есітсе, енді басқа музыка жанрлары - марш, вальс, мазурка және тағы басқа болатынын білді." Мұса Омбыда көп жаңа нәрсемен таныс болды, ол үшін би музыкасы үлкен жаңалыққа айналды. Сазгер ақын керемет шығармашылық шабытты сезінді. Домбыра мен қобызбен қатар, скрипка және сырнайды игеріп алады. Осы жылдары Мұса тек Ресейде болып жатқан толқулар туралы ғана емес, әлемдегі барлық маңызды оқиғалар туралы өз түсінігін қалыптастырды. Ол байлар мен кедейлердің жолдары бөлек болатындығын нақты түсінді. Мұсаның Омбыда қазақтан шыққан тұңғыш офицері Шоқан Уәлиханов пен таныс болып, екеуі бір үйде тұрады. Мұса Шоқаннан көп нәрсе үйренеді. Ол Мұсаның орысша білім алуына көп көмектеседі. Шоқан бейнесі шығармада автордың баяндау шеберлігінің арқасында өте тартымды және шынайлықпен суреттеледі.
Туып өскен еліне, Мұса сауатты азамат, көптеген музыка аспаптарында шебер ойнап ән салатын, ақын, өнерпаз болып оралады. Жазда ауылына қайтып келген кезінде Мұса ауыл адамдарына Омбыда көргені жайлы әңгімелеп беретін. Оның даңқы далаға жайыла бастады.Қазақтың әндері мен күйлерін тамаша орындаумен қатар, ол орыстың, татардың, башқұрттың сазды аспаптарын шеберлікпен игерді. Мұса өз тыңдармандарын орыс музыкасының кейбір үлгілерімен таныстырды. Оның сырт бейнесі де дала тұрғындарынаерекше әсер ететін: қалалық киімі мен жүріс-тұрысы, гармон мен скрипкадағы ойыны, орыс ақындарының туындыларының аудармалары оны ерекше ететін. Ол ауылының қоғамдық өміріне де белсене қатысатын. Өзінің сүйікті атына мініп алып, ауылдарды аралап, адамдарға газеттер мен журналдардан, кітаптардан оқығаны туралы әңгімелеп, жаңа әндер орындап, домбыра, скрипка мен гармонда ойнап, халықтың көңілін көтеретін. Өнерпаздың айналасына қашанда халық көп жиналатын. Ән мен күй, ойын-сауық,әзіл мен сықақ оның ажырамассеріктері болатын.Осының барлығы жергілікті феодалдар - ағайынды Мұса мен Мұстафа Шормановтардың ызасына тиетін. Қайдағы бір кедейдің атағы олардан асып түсті! Шормановтарға Мұса олардың атағын тартып алғандай көрінетін. Бір күні Мұса әнін айтып Шормановтардың ауылынан өтіп бара жатқан жерінен, олар оның жалғыз атын алып қояды.
"- Екінші, мұнан былай Мұса деген атты таста. Шорманның Мұсасы тұрғанда басқа қазақ баласы Мұса бола алмайды. Бір елге екі Мұса көп! Әліне қарамай атыңды Мұса қоюын қарашы әкеннің! Сен мұнан былай "Жаяу" атанасың.Қояндыдан қой айдап қайтқан саудагерінің қойының соңынан Қызылжарға жаяу кетті деп естігем.Соныңды ұмытпа. Есіңнен шығып кетпесін. Бар енді, енді жүре бер. Ауылыңа жаяу кет.
Өзінің тілмашын Ақбеттаудың болысынай старшыны Құсайын Боштаевқа аттандырды.
-Өшірсін кенегеден, өшсін Мұса аты. Жаяу атандырсын!" деуінің себебі, олардың ойынша, Мұса ауылдан өткен кезде қазақ даласының беделді тұқымдарына құрмет көрсетіп, атынан түсуі тиіс еді. Шорманов дала тек жалғыз Мұса - Шорманов болуы тиіс деп сенетін. Құрметті Шормановтарға қарсы кедей Мұса шарасыз еді. Сазгер әнші енді ауылдарда жаяу аралай бастады. Сөйтіп халық арасында ол Жаяу Мұса атанып кетті. Мұстафа Шорманов әншіні қорлау үшін оның атын тартып алған болатын. Қазақ үшін жаяу қалу - қорлық. Бірақ Мұса, енді Жаяу Мұса, уайымға батпай, баяғыдай ауылдарды аралап, әнін айтып, скрипка мен гармоньда ойнап, халықтың көңілін көтеретін. Дегенмен Шормановтардың әлімжеттігі Мұсаның намысына тиді. Ол тек өзінің өнерімен ғана кек қайтара алатындығын түсінді. Әнші Шормановтардың дөрекілігіне өнердің жеңілмес күшін қарсы қойды. Осылайша, бүлік пен күрестің гиміне айналған оның атақты әні - "Ақ сиса" пайда болды. Ән тек Шормановтардың ғана әшкерелеп қана қоймай, қазақ даласындағы феодалдық өмір салтын сынайтын. Мұса осы ән арқылы Мұстафадан өз кегін қайтарды. ""Ақ сиса" Мұстафа Шормановтың төбесінен түскен жәй оғындай болды. Ұйықтап бара жатса, құлағына "Ақ сиса" келгендей шошып оянады, ояу отырса, ауыл сыртынан біреу "Ақ сисаны" шырқап өтіп бара жатқандай елеңдейді. Кейде "Жаяу" атанып, ауылдан жаяу айдалып бара жатқан көзі өткір, қара торы жігіт артына жалт бұрылып, тесіле қарап тұрғандай, кейде жұдырығын түйіп айбат шеккендей, кейде сақ-сақ күліп мазақтағандай елестеп кетеді.
Мұстафадан тыныштық кетті. "Ақ сисаны" ешбір жан алақанымен басып тұншықтыра алмады".
Ауылдың өмірімен танысып, болыс, би, әкімдердің жай халыққа көрсетіп жатқан зорлық-зомбылығын әшкерелеп, Баянауылдың аға сұлтаны Мұса Шормановпен оның інісі Мұстафаның іс-әрекетін әшкерелеп, Омбы генерал-губернаторына шағым жазады. Осылай пайда болған ерегіс-тартыстың нәтижесінде, ағайынды Шормановтар әр қилы жалалар жауып, Жаяу Мұсаны он екі жылға жер аударады. Мұңға толы "Сүйіндік", "Тұтқын зары" әндері осы кезде пайда болады. Тұтқында екі жылды атқарысымен өзі сұранып әскер қатарына алынады да Литвада, Орта Азия, Қазақстанға бағытталған генерал М.Г. Черняевтің отрядына қосылып, жүк батальон құрамында Шымкент, Әулие ата, Верный әскери жорығына қатысады.
Осы жорықта Шоқанмен қайта жүздесіп бірге болады. Генерал Черняевтің қазақ халқына жасаған қорлығына шыдамаған Шоқан мен Мұса әскер қатарында бола беруден бас тартып, бостандыққа шығысымен Шоқан Алтынемелге, Мұса өз ауылына қайта оралып, ауылнай болып сайланады. Көп ұзамай Жаяу Мұсаны жаулары қайталап қуғынғасалып тынышын алады. Жай халыққа әрі өзіне көрсеткен зорлық, қиянатты көріп отырған Мұса ауыл, аймақ билеушілердің зорлық-зомбылықтарын әшкерелеу мақсатымен Петербургқа аттанады. Орыс патшасының кеңсе қызметкерлерінен қолдау таппай, Украина, Латвия, Польша елдерін аралап, Қазан қаласында болып еліне оралады. Дарын иесі Мұса өлең, арнау, ән шығармашылығының екінші саласы - әлеуметтік теңсіздікті әшкерелейтін бас бостандықты аңсайтын өткір тіл, сөздер, оған ыңғайлы сазды әуен қосылып шыққан: "Шормановқа", "Хаулау", "Толғау" әндері халық арасында тез тарап кетеді.
Мұсаның халық арасында танымал әндерінің бірі - "Құлбай" - оның қайын атасына арналған. Әнде кекесін де, қулық та, ойнақы әзіл де бар. Қайынатасының және оның үйіндегілерінің мәдениетсіздігі мен ұқыпсыздығын әшкерелей отырып, Мұса оның қызы Сапарға жылы лебізін айтады. Бойжеткен Сапар Мұсадан едәуір жас болатын. Мұса жайбарақат ауыл өмірінен ләззәт алып, жұбайы, балаларымен жолдастарының арасында өмір сүріп жатты. Бұл кезең ақынның өміріндегі ең тыныш, бейбіт кезі болатын. бірақ бұл жайбарақат өмір ұзаққа созылмады. Көп ұзамай Сапар қайтыс болады. Мұса әйелінің өліміне қатты қайғырды. Бұл кезде сазгер мен қайын атасы Құлбайдың арасында қырғи қабақтық өрши түсті. Өз жарының бейітіне балаларымен келіп, қайғырып ұзақ отыратын. Ол қайтыс болған әйеліне "Сапар" әнін арнады. Жаяу Мұса музыкалық шығарамшылығы пішіні жағынан да, мазмұны жағынан да көп қырлы, әрі бай. Оның шығармашылығына атақты әнші сазгерлер Біржан мен Ақанның және үздік "Қалалық" әуен үлгілерінің ықпалы тиген. Ақын өзінің "Гаухар қыз" туындысын Біржанның, Ақан серінің ықпалымен шығарған.
З.Ақышев романында жаяу Мұса бейнесі кеңінен ашылған. Басына түскен қиындықты тайсалмай жеңе білген, бай демей, басқа демей кінәсін бетіне басқан. Мінезінің қайсарлығы, тік болуы романда ерекше суреттеледі. Байлардан жасқанбай, кедейдің сөзін сөйлеп, соларды жақтаған.
Романда Жаяу Мұса образы әр қырынан көрінген тұлға деңгейіне көтерілген болатын. Табиғат көрінісі де кейіпкердің жан дүниесімен бірлікте, сабақтастықта суреттелетін болғандықтан, шығарманың эстетикалық әсері арта түседі. Осында туған жер табиғатының сұлулығы ақынның тамаша әндерінің өмірге келуіне әсер етеді. Алыста жүріп, туған жерін сағынып "Сүйіндік", "Бозторғай" әндерін шығарады. Мұса әндерінің қай-қайсысын алсаң да туған жерге, туған елге деген сезімнің ұшқыны байқалады.
Адамгершілік қасиеттер, жеке адамның бойындағы жақсы, жаман мінездер ешқашан уақыт кезеңіне тәуелді ем ес. Жаяу Мұсаға қайғы қасірет әкелген адамдар қай заманда болмасын өмір сүреді. Сондай адамдар Шорманның Мұстафасы мен Боштайдың Құсайыны жаяу Мұса өмірін тозаққа айналдырады.
Туындыдағы Жаяу Мұса - ерік күші мықты, алдына қойған мақсаттары айқын, әрдайым әділеттілік, әлеуметтік теңдік жағынантабылатын көпшіл әрі күрескер тұлға. Сол себепті З.Ақышев Жаяу Мұсаның ақындық, адамгершілік қасиеттері жан-жақты ашылып, болашақ тағдыры шешілетін өмірдің қиын-қыстау кезеңінде оны толық суреттейді де содан кейін ақын портретіне жол-жөнекей толықтырулар енгізіп отырады.
З,Ақышевтің "Жаяу Мұса" романы халықтың ардагер, ақын ұлы - Жаяу Мұса өмірінің бел-белесін қамтып, еңісі мен биіктері туралы айтқанымен, негізінен феодалдық қарым-қатынастарға құрылған қазақ қауымының шежіресі іспеттес тарихи шығарма. Сол себепті романдағы көркем тарыхшылдық, қоғамдыққұбылыстар Жаяу Мұса характерін бейнелеуде елеулі орын алады. Жазушы ақыни тұлғасын сомдағанда әлеуметтік-психологиялық жағынан терең зерттеулер жүргізеді. З.Ақышев үшін кейде Жаяу Мұса образы өнер адамына тән қасиеттерімен ғана қымбат емес, оның саяси-әлеуметтік оқиғаларға белсене араласуымен қадірлі.
Шығармадағы Жаяу Мұсаның рухани жағынан кемелденіп, өсіп-жетілуі қоғамдық тарихи құбылыстардан тартынбай, аянбай ат салысумен айқындалады.
Қазақ халқында: "Мал аласы сыртында, адам аласы ішінде" деген мақал бар. Әрине, қашанда кісінің жаны қараңғы. Алайда адам баласы қанша тұйық болғанымен, оның жан толқынысын, толғаныс-тебіренісін сыртқа білдіріп қоятын дене мүшесі бар. Ол - көз. Дәлірек айтқанда, шығармадағы адам жанының айнасы - көз.
Автор "Жаяу Мұса" романында ұнамсыз образдарды сомдағанда: олардың әлеуметтік жағдайын, шыққан тегін, мінез-құлқынашуға ерекше мән береді. Айталық, шығармадағы: Мұстафа, Құсайын, Жақып, Құлбай сықылды ұнамсыз типтерге: қаталдық, екіжүзділік, сараңдылық, дүниеқоздылық тән десек, олардың қарау, арам ниеттерінде, сыртқы портреттерінде де осы қасиеттері тайға таңба басқандай көрініп жатады. Сондықтан феодалдық-патриалхалдық қоғам өкілдерінің моральдық азғындауы жазушы концепциясымен үндесе отырып, сол қоғамның шындығын әшкерелейді, екінші жағынан, адам пиғылын бұзған, тауда өскен тағы кейпіне енгізген ықпал-әсеріне де сатиралық баға береді.
З.Ақышев ұнамсыз қаһармандарының жанына терең үңіледі. Себебі, бұл кейіпкерлер қуыршақ емес, ырықсыз, жетесіз кісі де емес, үнемі өзгеріп, құбылып отыратын қайшылығы мол динамикалық характерлер және олардың өмір тәртібі, сүйініш, күйініш сезімдері романда көзқараспен көздің әртүрлі құбылыс, өзгерістері арқылы айқындалып отырады.
Жазушы Жаяу Мұса образын сомдап, характерін ірілендіріп, оның ақындық, азаматтық терең сырын ашып типтендіру үшін, қаһарманды көпшілік өмірімен, қоғамдық құбылыстармен ұштастырып сипаттайды. Сондықтан романдағы Жаяу Мұса образы белгілі образы қоғамның қарама-қайшылықтарын ақиқат ашып берген іргелі, ірі характер болып шыққан. Сонымен, жазушының туындысындағы әрбір образы белгілі бір мақсатты көздей отырып жұмсалатыны, ондағы барлық факт, өмір құбылысы, портрет те кейіпкер характерін жасауда жұмсалатыны менмұндалап тұратыны байқалады. "З.Ақышев та "Жаяу Мұса" романында Мұса Байжанұлы туралы түрлі естеліктерді пайдаланады. Хатқа 1938 жылы түскен бір естелікте Мұса Байжанұлының өмір тарихы баяндалып, өлеңдерімен ол өлеңдердің көпшілігі жайлы түсініктер берілген. Жазушы өз кейіпкерінің туған ортасына, жеке өміріне қатысты деректердің мол тобын осы естеліктен табады. С.Торайғыров туралы қолжазба, деректермен салыстырғанда, Мұса Байжанұлы жөніндегі естеліктер беретін деректер әлде қайда аз, оның үстіне ақынның басты деген өлеңдерінің жазылу тарихы туралы түсініктер де мардымсыз. Соған қарамастан З.Ақышев өз романында Мұса Байжанұлы өмірі мен ақындық өнерінің шын негізінен, ақиқат ойлау ерекшелігімен нанымды ашып көрсетеді. Бұл орайда жазушы қиялы өз кейіпкерінің қаламынан туған өлеңдерінен көп медеу табады."( 2, 78 б.) Жазушы деректердің аздығына қарамай көркем сөзді пайдалана отырып, ақын өмірін бізге шынайы жеткізе білді.
Жаяу Мұса шығармашылығының өлең, ән мәдениетіне келтірген жаңалығы - ән құрылымында, ырғағында, тақырыбы мен мазмұнында, екпіндеп орындалуы болса, мысқыл өлеңдері - "Шал мен торғай", "Бөдене мен қаншыр" атты мысалдары да жатады. Өз халқының өнері мен мәдениетін барынша игерген Мұса орыс халқының тілін, мәдениетін қатар игеріп, қазақ қоғамының даму барысына белсене араласқан ұлы ретінде, мәдениетіне айтарлықтай өз үлесін қосқан қайраткер ретінде танылады. Жаяу Мұса халықтың ән өнерін мазмұн, түр жағынан байытып, шығармашылық жаңалықтар енгізіп, әуен сазын жаңа биіктерге көтерген аса дарынды композитор. Ол өз шығармаларында қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, өз заманының арман аңсарын әнмен бедерлей білді. Оның әлеуметтік көзқарастары, азаматтық ұстанымдары сол кездің демократтық-ағартушылық озық идеяларымен астасып жатты.
Тоқсан төрт жыл ғұмыр кешкен қазақтың күрескер ұлының басынан басынан көптеген қиыншылықтар өтеді. Қиыншылықтар елмей, елі үшін аямай тер төгеді. Осындай күрескер бабамыздың еңбегі еш уақытта елеусіз қалмақ емес. Жаяу Мұса әндерін күні бүгінге дейін халық сүйіп тыңдайды. Оның алуан нақысты асқақ әндері қазақ композиторларымен жазушыларының шығармаларына арқау болған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет