Диплом жұмысы қазақ прозасындағы сал-серілер образы Орындаған: 4-курс студенті С. Сейдикенова



бет3/8
Дата24.07.2023
өлшемі3.09 Mb.
#475802
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
stud.kz-45681 (1) (1)

Көркемдік шындық - өмір шындығының жазушының ой иелегінен, творчестволық керегінен өтіп, қорытылып, әдеби шығармадағы баяндалудан, көркем суретке айналған қалып.
Монолог- драмалық шығармадағы, сондай-ақ басқа әдеби шығармалардағы кейіпкердің ішкі көңіл-күйін білдіретін толғау сөзі; кейіпкерді сөйлету тәсілі.
Портрет - сөз өнеріндегі портрет бір қалыпта қатып тұрып қалатын, өзгеретін, қозғалатын жанды келбет, тірі кескін.


Мазмұны


Кіріспе.................................................................................................3


I Сал-серілер жайындағы қазақ романдары..................................
II Сәкен Жүнісов "Ақан сері" дилогиясындағы Ақан образы...........
III Зейін Ақышев "Жаяу Мұса" романындағы Жаяу Мұса образы.....
Қорытынды................................................................


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................

Кіріспе


Зерттеудің өзектілігі. Прозалық шығармаға адамның ішкі дүниесінің сыртқы себептерімен, жалпы ақиқат шындықтың тарихи шындықпен үйлесіп, автордың алуан-алуан оқиғаларды қиыстыруы болып келеді. Автор өмір шындығы мен тарихы шындықты өз ойымен жалғастыра отырып көркем шығарма жазады. Жазушының көңіл-күйі әрқашан өзі өмір сүрген қоғамдық ортаның хал-жағдайына байланысты, өзін қоршаған шындықтың саяси-әлеуметтік сырымен сабақтас. Ол қуана шалқыса да, жабырқай толғанса да өзі жасаған кейіпкерімен бірге өмір жасайды. Кейіпкер өмірімен автордың ішкі жан дүниесі бірігіп, астасып отырады. Проза жанрынында көркемдік шындық, көркемдік жинақтау, көркемдік тәсіл, көркемдік шешім кеңінен қолданылады. Жазушының шеберлігіне байланысты көптеген әдіс-тәсілдерді пайдаланады. Көп жағдайда сюжетті өз дәуірінен, нақтылы шығармалардағы көркемдік шешімнен бөліп алып, жеке қарастыру ұтымды бола бермейді. Шығармалар көбінесе өмірдің өзінен туады, оларды халықтардың тұрмысындағы жағдайлардың әдебиеттегі көрінісі деу лайық.
Проза жанрынында көбінесе белгілі кейіпкердің өмірі, өмір сүрген ортасы мен қоғамдық қайшылықтар суреттеледі. Әр халық әдебиетінде бұрыннан келе жатқан, бір әдебиеттен екінші әдебиетке, дәуірден дәуірге көшіп жүрген сюжеттер бар. Осындай сюжеттер тарихи романдарда да қолданылады.
Қазақ әдебиетінде өнер адамдары туралы жазылған көптеген тарихи шығармалар бар. Тарихи шығармалар жазу барысында тарыхтан көп ауытқымай, көркем сөзбен өрнектей отырып, өнер адамының өмір сүрген заманын шынайы етіп оқырманына жеткізу білу керек. Өнер адамдары жайындағы аңыз-әңгімелерге сүйене отырып, өнер адамдарының жан-жақты қырларын ашып беру керек. Өнер адамдары ішіндегі сал-серілердің ғұмырнамалық тарихын жазу барысында, олардың өмір сүру салттарын кеңінен қарастырады. Тарихи кейіпкерлер кейде жеке жара ашылып, бертін келе автордың өзіндік суреткерлік шеберлігімен, дүниетанымымен, көркемдік шығарма құрылымымен ұштастырып қарала бастады.
Сал-серілер образын жасағанда тарих пен көркем әдебиетті ұштастыра отырып терең бойлау қажет. Олардың бейнесін толықтай ашу аясында авторлық шеберлік пен авторлық баяндау үлкен рол атқарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет