Диплом жұмысы «жеке адамның этнопсихологиялық ЖӘне әлеуметтік діни қалыптасуы»



бет2/7
Дата17.07.2016
өлшемі0.73 Mb.
#205871
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7

I.2. ДIН ЖӘНЕ ЖЕКЕ АДАМ


Дiн - әлемдiк өркениеттегi барлық қоғамдық құрылыстарға тән тарихи, саяси - әлеуметтiк, дүниетанымдық және психологиялық құбылыс.

Дiн, адамзатпен бiрге келiп және де әрдайым адамзатпен бiрге болмақ. Тарихтың қай дәуiрiне қарасақ дiнсiз адам кездесер-ау, бiрақ дiнсiз қоғам еш кездеспейдi. Қай жерде бiр қоғам болса ол жерде бiр дiн бар. Яғни адамзат дiннен еш уақытта ажырамаған. Адамзат әр уақыт өзiнен үстiн бiр құдiреттiң бар екенiн және оған жалбарыну керек екенiн бiлген. Қасиеттi Құран Кәрiмде былай делiнген :



«Ей адам баласы! Сендер Аллаһқа мұқтажсыңдар. Аллаһ ол әр нәрседен мұңсыз өте мақтаулы.”53

Адамның немесе қоғамның дiннен айырылуы мүмкiн емес. Өйткенi дiн өмiрiмiздiң әр бiр кезеңiнде орын алады. Адамдарға күш-жiгер беретiн, қоғамды тәртiпке келтiретiн, жақсылық пен туралыққа жетелейтiн, жалғыздық пен қиыншылықты жойып, сенiмдiлiктi орнататындардың басында қашанда дiн тұрмақ.

Атақты философ һенри Бергсон (Henry Bergson): “Өткен тарихта және заманымызда ғылымды, пәндi яки фәлсәфәнi бiлмейтұғын инсан қоғамдарын кездестiруге болады. Бiрақ, дiнсiз ешбiр қоғам болмайды”, деген. Тағы да бiр батыстық философ Уильямс Жеймс (Williams James): “Бiздiң ойымызша адам баласы ең соңғы күнге дейiн құлшылығын жалғастырмақ” деген. Эрнест Ренан (Ernest Renenan): “Сүйген нәрселерiмiздiң, дүниедегi өмiрiмiздiң және нығметтердiң бәрiнiң жоқ болып кетуi мүмкiн. Дiндарлығымыздың жоғалуы мүмкiн емес” дейдi. Бартемели Сейт Хилаирдың (Bartemely St. Hilair) дiндарлықтың пайда болуы хақында айтқаны: “Iлiм деген не? Инсан деген не? Бұлар қайдан келдi? Оларды кiм жаратты? Соңы қалай болмақ? Хайат деген не? Өлiм деген не? Өлiмнен кейiн не болмақ? Әр милләт, қоғам және жамағат осы сұрақтарға өзiнше жақсы-жаман, қабылданар-қабылданбас жауаптар берген. Мiне, дiндарлық дегенiмiз осы”.

Сондықтан, дiн секiлдi адамның адамдығының басты көрсеткiшi боп табылатын қасиеттi ұғымды құртамын деп соғыс ашқандардың өздерi құрдымға кеткен. Дiндер тарихын зерттеген мамандар дiни сезiмдердiң адамдарды бiрiктiруде қандастық, жерлестiк, руластық, нәсiлдестiк қатарлы факторлардың бәрiнен күштi болғанын дәлелдеген.

Дiн адамның өзiнiң жаратылысындағы құпияларды анықтап, табиғаттағы құбылыстардың, ғарыштағы қозғалыстарды астарын түсiну үшiн iзденiске түсуiнен, сұрақтарға жауап iздей бастауынан алау алған сезiмнен туындайды. Құран Кәрiмдегi мына аяттар осыған саяды: “Өз бойларыңда Аллаһ Тағаланың барлығының неше дәлелдерi (нышандары) бар! Көрмейсiңдер ме?”54

“Адамдар түйенiң қалай жаратылғанына, аспанның қалай биiкттiлгенiне, таулардың қалай үйiлгенiне, жердiң қалай жайылып төселгенiне қарамай ма?”55

Ешбiр қоғамның дiнге жеңiл қарамағаны белгiлi. Хақ болсын, ғайри-хақ болсын адамдардың өз дiндерiне берiлгенi, тiптi сол дiн үшiн жанын аямағаны байқалады. Пайғамбарымыз кезiндегi пұтқақұл арабтар Мәуләмiздiң (Хз. Мұхаммед) уағызына, түсiндiрген дiнiне немқұрайлылықпен қараған жоқ, кiм не iстесе соны iстесiн деген жоқ. Олар Исламды тоқтату үшiн қарулы қақтығыстар, қуғындау, қудалау сықылды қаймықтырушы қатал шаралардың бәрiн де қолданып бақты. Сондықтан, дiндарлық сезiмнiң қаншалықты күштi екенiн осыдан-ақ байқауға болады. Түркi халықтары да өздерi қабылдаған дiндердi сақтап қалу үшiн аталмыш шаралардың бәрiн дерлiк қолданған.

Дiни жолдар 1) Құдайы бұлақтан 2) адами бұлақтан хасiл болған. Адами бұлақ дегенiмiз адамдардың ағаштарға, аспан денелерiне, жыртқыш аңдарға, теңiзге, тауға, т.б. табыуы болса, Құдайы (Иләһи) бұлақ дегенiмiз Адам Атамыздан бастап, нәбилер арқылы күллi адамзат баласына мәлiм етiлген хақ жол. Нақтылы Бiр Аллаһ ұғымына жету, әрине әркiм үшiн оңай болмасы анық: өйткенi адамдар көбiнесе көзге көрiнетiн, заттық тәңiрлерге сенуге бейiмдi болып келедi. Заттық денелерден арылған, шексiз, барлық құдiрет иесi Аллаһ ұғымына жету үшiн адамның көп ұмтылып, зер салып, ойланып, толғануы керек. Сондықтан, тарих қойнауында пайда болған наным-сенiмдерге осы тұжырымды ескере қарағанымыз жөн.56

Ақырет сенiмi тек жаза және сыйлық қана емес, сонымен бiрге адамның iшiндегi мәңгiлiк сезiмiне жауап беру жағынан да маңызды. Адам өлiмнен емес, жоқ болудан қорқады. Кейбiр дiндердегi сияқты Исламда да адам өлiммен жоқ болмайды, басқа бiр әлемде өмiрiн жалғастырады. Бұл өмiрдiң сыртында басқа бiр өмiрге сену адамды ертеңгi өмiрге дайындайды. Күнәлардан арылып мәңгiлiк бақытқа жету, жәннәт сияқты үлкен қол жетпес нығметке қауышу, Аллаһ ризалығын табу. Сондай-ақ адамдарды үнемi үмiт пен қорқыныштың арасында жүруге және өмiрдегi қиыншылықтарға төзуге үйретедi.

Адам құрылысы жағынан да дiнге мұқтаж. Өйткенi адам рух және денеден тұрада. Адам үшiн дененiң қажеттiгiн қанағаттандыру өмiр сүру үшiн керек болса, рухани жағының жалғасуы да рухының қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға байланысты. Өйткенi адамның рухани сүйенiшi - дiн.

Дiн адам рухының сусыны. Ол халық үшiн ауада й қажет. Адамдағы үмiтсiздiктi жойып үмiт беретiн, болашаққа деген сенiмсiздiктi де жоятын мiне осы дiн.

Сондықтан дiн секiлдi адамның адамдығының басты көрсеткiшi болып табылатын қасиеттi ұғымды құртамын деп соғыс ашқандардың өздерi құрдымға кеткен.

Дiн адамның өзiнiң жаратылысындағы құпияларды анықтап, табиғаттағы құбылыстардың, ғарыштағы қозғалыстардың астарын түсiну үшiн iзденiске түсуiнен сұрақтарға жауап iздей бастауынан алау алған сезiмнен туындайды. Мiне осы сезiмнiң арқасында Ұлы бiр күштiң бар екенiн, оның әрбiр нәрсенiң жаратушысы екенiн қабыл етiп, бұл Ұлы құдiретке ықылас-ниетпен тәуелдi болуы оны қуаттандырады.

Ешбiр қоғамның дiнге жеңiл қарамағаны белгiлi. Хақ болсын, адамдар жағынан шығарылған болсын, адамдардың өз дiндерiне берiлгенi соншалықты, тiптi сол дiн үшiн жанын аямағаны байқалады. Пайғамбарымыз (салләллоһу аләйһи уәсәлләм) кезiндегi бұтқақұл арабтар Пайғамбарымыздың уағызына, түсiндiрген дiнiне немқұрайлықпен қараған жоқ, кiм не iстесе iстесiн деген жоқ. Олар Исламды тоқтату үшiн қарулы қақтығыстар, қудалау сияқты қаймықтырушы қатал шаралардың бәрiн де қолданып бақты. Сондықтан дiндарлық сезiмнiң қаншалықты күштi екенiн осыдан-ақ байқауға болады.

Дiн - қоғамды дамытып, iлгерiлететiн бiр жүйе дедiк. Өйткенi дiн хақсыздықтың, әдiлетсiздiктiң, жамандықтың дұшпаны. Қоғамды тәртiпке келтiру де дiннiң басты мақсаттарының қатарына жатады. Егер дiн әлсiресе тәртiпсiздiк пен әдепсiздiк етек алар едi. Адал-арам түсiнiгi жойылса қоғамдағы тәртiп бұзылады, адамдарды ешнәрсе реттей алмайды, осылайша қиыншылықтар басталады. Дiн болмаса өмiрдiң мән-мағынасы қалмайды.

Дiн адамға сүйiспеншiлiк пен бейбiтшiлiктi және өмiр сүрудi, жақсы сезiмдер мен iс-әрекеттер, қайырлы iстер мен дұрыс ғибадат жасауды үйретедi. Жамандық, кек, жек көру, дұшпандық, бұзықтық, сенiмсiздiк сияқты жағымсыз нәрселерден адамды алыстатып, тән тазалығы мен адамгершiлiкке шақырады.

Бұлардың бәрiне қарамастан “дiннiң қажетi жоқ”, “дiн өркениетiмiздiң дамуына кедергi жасайды”, “дiннiң орнына ғылым мен техника жеткiлiктi”, “дiн апиын”, сонымен қатар “дiнсiз де адамзат дами алады” дегендер болған және қазiр де бар. Бұл пiкiрлерiнде олар дiндi жойып оның орнына басқа нәрселердi қойғысы келедi. Уақыт өте келе адамдардың бұл пiкiрдегi адамдарға табынатындай жағдайға келуi, дiнсiздiктi дiн қылулары, адамның бiр нәрсеге сенуi мәжбүр екенiн көрсетедi. Қоғамды дiнсiздендiру үшiн мектептерiн ашып, дiнге қыспақ көрсетiп, дiнсiздiктi үстем қылғысы келген жүйелерде де адамдарға сену, табыну сезiмдерiнiң жойылмауы, сенудiң жаратылыстан бар мұқтаждық екенiне дәлел болады.

Бүгiн дүние жүзiнде дiнге бетбұрыс түзелiп, имандылардың қатары бiрте-бiрте артып келедi. Тәңiрге, ақыретке, қайта тiрiлуге сенiп, атеистiк сенiмнен арылуда. Қазiргi таңда дiнге қайтадан көңiл бөлiнуi, дiннiң ғылыми тұрғыдан зерттелуiне және дiн ғылымдарының жылдам дамуына, ғылыми бiлiм және ой-өрiстiң артуына және дiннiң қоғамдық-саяси және халықаралық жағдайларда орын алуына себеп болуда.

Көне Европада дiн, ғылым және философия барлығы бiрге едi. Егер адамның iстеген iсiне үкiм берiлетiн болса осылардың барлығының қатысуымен бiр шешiм берiлетiн. Бiрақ философия дiннен, ғылым да әдеп және философиядан айырылғаннан кейiн бiрлiк бұзылды. Ренесанстан бұрын ғылым, философия мен теологияға байланысты едi. Ренесанс кезеңiнде тәжiрибе және зерттеу методтары қатты қолға алына бастағандықтан ғылым бiрте-бiрте теологиядан яғни дiннен айырылды. Тiптi дiн тұрғысынан шетке шыққандықтары соншалық Аллаһтан келген дiндi жоққа шығарып, мұның орнына ақыл-оймен шығарылған жасанды дiндi дiн деп қабылдады. Бұл дiндi “табиғи дiн” деп атады. Бұл жайында Мажит Гөкберк былай дейдi : “Бұл дiни түсiнiктiң негiзi ежелгi ғасыр философиясынан бастау алады. Ақыл мен табиғатты тең, сана және ақыл табиғат сәулесi деп түсiнген бұл философия дiнге былай деп анықтама бередi : “Дiн – тәңiрдiң өзiн танытуы үшiн түсiрген уахи емес, ол ақылдың жемiсi. Дiннiң негiзгi сенiмдерiн бiзге ақылымыз көрсетедi, бiз мұны ойлап ақылымызбен табамыз. Өйткенi бұл сенiмдер бiздiң жаратылысымыздан бар”.57

Мажит Гөкберк “Философия тарихы” атты еңбегiнде Ренесанс орта ғасырдағы дiн мәдениетiнiң орнына, барлық жағына материяның көрiнiс беретiн әрi материяны негiзге алатын түсiнiк екенiн айта отырып былай дейдi : “Ренесанс – орта ғасырдағы дiн мәдениетiнiң орнына барлық жағынан бұл дүниенi ғана есепке алатын, осы дүниенi ғана көксейтiн мәдениеттiң құрыла бастаған кезеңi”. Зияуддин Сердар осы түсiнiктi қолдай отырып, дiннiң тек қана адам мен Тәңiр арасындағы шектеулi қатынас дәрежесiне дейiн түсiрiлгенiн айтады.58

Европалық шығыстанушы Гибби, Ренесанс пен дiн арасындағы қатынастың қалай болғаны, оның дiнге берген зардаптары жайында былай дейдi: “Жалпы дiни көзқараспен қарағанда Христиандық Европаның дiни жағдайы 14-ғасырда 20-ғасырдағыдан да жоғары едi. Сол себептен дiннiң құлдырауы Ренесанстан бастау алады.”

Ғылым қаншалықты дамыса дамысын, бiрақ әдеп пен дiн еш уақытта қажетсiз және керексiз бола алмайды. Сондықтан ғылым адамзатқа қалай өмiр сүру керек екендiгiн және ешқандай маңызды нәрсе үйрете алмайды. Егер дiн болмаса адамзатты биологиялық өмiрден адами өмiр деңгейiне шығартын негiздер беймәлiм болып қалар едi.



Адам жайлы көзқарас.

Адам баласы жаратылғаннан күнiмiзге дейiн талай дәуiрлердi бастан өткердi. Әрбiр дәуiрдiң өз түсiнiгiне сай адам жайлы өзiндiк көзқарастары да болды. ”Адам дегенiмiз кiм?” “қалай жаратылған?” “қайда барады?”Осы сұрақтарға философ ғалымдардың көпшiлiгi; “табиғаттағы өзгерiстердiң нәтижесiнде пайда болған жаратылыс”, деп жауап берген. Олардың барлығы әлемнiң қалай пайда болғандығы жайлы әртүрлi көзқарас айтып келiсе алмаған. Ал адамға анықтама бергенде ортақ пiкiрге келiп: “Адам, сөйлей алатын хайуан, адам ойлана алатын хайуан т.б…” деген. Егер осы анықтаманы мағынасын сақтай отырып, терiс оқып көрсек, мынадай сөздердi оқуға болады: “Хайуан дегенiмiз, сөйлей алмайтын адам, хайуан ойлана алмайтын адам т.б…” Бұл пiкiрлердiң негiзсiз екендiгi соңы жылдары бой көрсеттi. Қазiргi ғылым мен идеологияның адам жайлы сөз қозғауға тiлi келте екенiн дәлелденген. Алех Каррел, әлемге “адам жұмбақ дүние” деп жар салып, “Нобель” сыйлығын иеленгенi, мұның айқын дәлелi бола алады.59 Мәселен ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында пайда болып, адамның асыл құндылықтарын аяққа таптап тiптi ешқандай елеусiз хайуанға айналдырған көптеген көзқарастар бой көтердi. Олардың бiрнешеуi төмендегiдей:



Чарлз Дарвин (1809-1882) жылдары өмiр сүрген англияның биологы. Дарвин, жер бетiндегi жан-жануарлардың бәрi бiр-бiрiнен тараған деген негiзсiз теориясын халық арасына таратып, қолдау тапты. Оның көзқарасының қысқаша түйiнi мынадай:

“Тiршiлiк атаулы, Ұлы жаратушы күштiң әсерiнсiз жаратылған. Жан-жануар өсiмдiктердiң барлығы ұзақ мерзiмнiң iшiнде бiр-бiрiнен пайда болып, алуан түрге бөлiнген. Мұның барлығы өмiр сүру үшiн күрестiң жемiсi. Өмiр сүруге құштар болғандар көп болғанымен, олардың тiршiлiк етуге мүмкiндiктерi шектеулi. Сондықтан да қоршаған ортасына бейiм, айналасындағы жәндiктердiң күшiне төтеп беретiндер ғана өмiр сүруге құқылы”.

Күштiнiң әлсiздi езiп-жаншуының нәтижесiнде тiршiлiк өз жалғасын тауып келедi дей отырып, Чарлз осы теориясына «өмiр заңдылығың, деп ат қойды.

“Түрлердiң пайда болуы” және “адамның құрлысы” атты еңбегiнде Дарвин, әлемде бұрын-соңды болып көрмеген, ғылыммен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын «адамның негiзi маймылң деген көзқарасты тариқты бетiне ойып жазды. Осының кесiрiнен адам баласының қадiр-қасиетi, өзiндiк бағасы жойылып, бар келбетiнен айрылды.

Дәл осы жылдары шiркеу десе төбе шашы тiк тұрып, шiркеудiң заңдылықтары халықты мезi еткен болатын. Халыққа да осындай тығырықтан шығарытын жол керек едi. Iздегенге сұрағанның керi келдi. Дарвинның идеясы халық тарапынан екшеленiп жатпай, дереу қолдау тапты. Олар қолдау көрсеткенiмен ынсанның ар-намысы мен беделiн жаныштап жатқанымен еш шаруалары болмады. Дарвин: “Тiршiлiк негiзi бiр клеткадан басталып, бiрте-бiрте дами отырып, өте тамаша бейнелер пайда болды. Соның iшiнде адамның орны ерек. Ол ең алдымен маймыл едi. Уақыт өте келе осындай әдемi кейiпке енген”, дей отырып, адамды, үңгiрдiң iшiнде қаншама жыл бойы қабан мен өлексенiң етiн жеп күнелткен хайуандардың қатарына қосты. Осылайшы ынсан бойындағы асыл қасиеттердi аяққа таптады. Дарвинның осы тұжырымын құптайтындар да аз болған жоқ. Соның iшiнде Карл Марх, Сигмунд Фрейд пен Эмил Дурхеймдер өз еңбектерiн Дарвинның көзқарасына негiздеп жазды.

Маркстың (1818-1883) көзқарасы бойынша адам, өмiрден шындық пен әдiлдiк iздеу үшiн емес, тек iшiп-жеп, жүрiп-тұру үшiн ғана өмiр сүредi. Адам баласы ешқандай сенiм, ой-пiкiрi жоқ жаратылыс. Ол тамағын ғана ойлайтын хайуан. Оны ары-берi жүгiртiп отыратын бiр ғана нәрсе бар, ол- азық iздеу. Егер ол әдiлдiк-шындық iздеп шыңғырғанымен түптiң-түбiнде бәрi бiр дүниенiң тұзағынан құтыла алмайды. Дiн, ахлақ пен әдет-ғұрыптар, бұлардың барлығы негiзгi құндылықтарға жатпайды, олар жер бетiндегi халықтарды бiр-бiрiнен ерекшелендiрiп тұратын белгiлер ғана.

Ежелде адам деген жаратылыс жер бетiнде мүлде болмаған. Сондай-ақ оған тән мiнез-құлық, ахлахи құндылықтар да сол сияқты. Маркс адамды материалды дүниенiң жемiсi деп түсiндiрiп бередi.



Фрейдтiң (1856-1939) адам хақындағы түсiнiгi Марске қарағанда бiраз адамдыққа бiр табан жақындау. Ол, адам тек қана хайуандық ерекшелiктерден құралмайды, оның бойында iшкi саналы сезiм бар. Адам iшкi сезiмнiң күшiмен басқарылып отырады. Адам дүниеге келгенде жыныстық сезiмi басым түсiп, оның айдауында жүредi, дейдi.

Жаңа туған сәбидiң барлық әрекеттерiнiң негiзiнде жыныстық сезiмнiң ұшқыны жатады. Адам үшiн жан терминi мүлде жат.

Оның ойынша дiн, әдеп пен мәдениеттiң бәрi жыныстық сезiмдi шектеу үшiн шығарылған. Бiр сөзбен айтқанда ынсан, жыныстық рахатқа бөлену үшiн келген.60

Дуркгейм (1858-1917) адам жайындағы ойларымен Фрейдке мүлде қарама-қайшы келедi.

Дуркгеймнiң көзқарасы төмендегiдей:

-Дiн адамдардың ойынан шығарылған.

-Үйлену мен отбасы құру да осындай.

-Ақлахи қағидалардың бәрi, үнемi құбылып тұрады, оның мынадй қағидасы бар деп ешкiм де айта алмайды. Адам әдептiлiк қағидаларын қоршаған ортасынан үйренедi. Өйткенi, күллi нәрсенiң негiзi адам емес, қоғам. (Дуркгеймнiң, Аллаһты қоғам жаратты ма? әлде Аллаһ қоғамды жаратты ма? деген пiкiрдi алғаш рет ортаға тастағандықтан осылай деп ой түйген). Ол осы ойы арқылы Дарвиндi шаңына да iлестiрмейдi.

Дуркгейм, адамның негiзi маймылдан тараған деген түсiнiктi қабылдағандықтан, айтар ойын ең алдымен хайуандардан бастап түсiндiретiн болған.61

Көрiп отырғанымыздай Европа Ренесанспен тек қана дiндi және дiн түсiнiгiн өзгертiп қана қоймай, сонымен бiрге адамға деген көзқарасты, дүниеге және ақыретке деген көзқарасты өзгерттi. Әрине бұл өзгерiстердi өте жақсы, өте тамаша, пайдалы деу мүмкiн емес. Европа мәдениетi тек қана жануарлар, өсiмдiктер және жансыз нәрселердiң табиғатындағы заңдылықтар мен қағидаларды ашуда табысқа жеттi. Яғни физика, химия, биология және астрономия сияқты заттық ғылымдардың қағида, ережелерiн табумен ғана табысқа жеттi. Бiрақ философия, социология, құқық, психология, экономика сияқты адамға байланысты ғылымдарда табысқа жеттi деу мүмкiн емес. Бұл ғылымдардың қағида ережелерiн шығарып табысқа жеттi дей алмаймыз. Европа материялдық тұрғыдан үлкен табыстарға жетсе, керiсiнше дiн және адамға байланысты ғылымдарда сәтсiздiктерге ұшыраған. Тiптi соның зардаптарын бүгiнде бүкiл дүниедегi адамзат тартуда.62



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет