Диплом жұмысы «жеке адамның этнопсихологиялық ЖӘне әлеуметтік діни қалыптасуы»


II.3. ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ МЕТОДИКАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСI



бет6/7
Дата17.07.2016
өлшемі0.73 Mb.
#205871
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7

II.3. ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ МЕТОДИКАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСI


Сенiм мен адам болмысы арасында өте терең байланыс бар. Доктор Генри Линк “Дiнге оралу” атты кiтабында АҚШ-та психологиялық зерттеулер бөлiмiнiң бастығы ретiнде 15 321 әйел мен ер адамдарға зерттеу нәтижесi мен 73 226 психологиялық тестiнiң қорытындысын былайша келтiредi: “Бiр дiнге сенген және құлшылық орындарына үнемi барып тұрған адамдарда тұлғалық қасиет пен мiнез, дiнсiз адамдарға қарағанда берiк әрi жоғары болмақ.”

Дейл Карнеги, “Уайымды таста, өмiр сүруiңе қара” атты кiтабында, уайым-қайғының алдында алу шараларының бiрi ретiнде мыналарды жазған: “Бүгiн жарты сағаттық тынығуға уақытын бөлемiн. Бұл кезiнде Жаратушыны ойлаймын.”

Психология мамандары дұға мен қуатты сенiмнiң: ренiш, уайым мен қорқынышқа жол бермейтiндiгiн дәлелдеген. Бұл үшеуi де (ренiш, уайым мен қорқыныш) науқастануға басты себептер болып саналады. Психиаторлардың ең атақтыларының бiрi Доктор Карл Юнг, “Modern Man in Search of Soul” атты еңбегiнде былай деп жазады: Соңғы отыз жыл iшiнде дүниенiң түкпiр-түкпiрiнен менi iздеп науқас адамдар келедi. Олардың көпшiлiн қолымнан келгенше емдеп жiбердiм. Солардың iшiндегi отыз жастан асқандарының ауруға шалдығуының басты себептерi дiни сенiмнiң жоқтығынан туындаған. Олар өмiрге дiни тұрғыдан қарамай, дiндар жолдастары сияқты әрекет етпегендiгiнен. Олар дiни сенiмдерiне қайта оралмай толығымен шипа таба алмайды.

Буддадан кейiнгi үндi халқының ең үлкен лидерi Махатма Ганди: “Дұғалардың көмегi болмаса, қысқа уақыт iшiнде жынданып кетер едiм” “” дейдi. Нобель сыйлығының иегерi доктор Алекс Каррел: “Readers Digest” журналына жазған мақаласында: “Бiр адамның iстей алатын ең күштi iсi – дұға. Дұға әлемнiң тартылыс күшi сияқты шынайы құдiрет. Ешбiр ем пайда бермеген жағдайларда, адамдар тек қана дұғаның күшiмен ауруларынан айыққандарын көрдiм”-дейдi.

Jacgues Chevalier, “Pascal” атты шығармасында, Паскалдың “Аллаһтан ұзаған, оны iздемеген адам не өзiнде, не өзгеде ақиқатты және бақыттылықты таба алмайды” деп айтқандығын жазады.

Сенiмнiң жанұя тыныштығын сақтауда да ролi орасан зор. Домениян “Ажырасу” атты кiтабында: “Дiни дәстүрлер бойынша жасалған некелердiң басқаларға қарағанда аз ажырасумен нәтижеленетiндiгiн айтады”. Сол шығармада сенiмi жоқ адамдарда ажырасу дәрежесiнiң өте жоғары екендiгi статистикалармен дәлелденiп көрсетiледi.

Сенiм әлсiздiгiнiң өлiмге итермелеуде үлкен әсер бар материалдық жағдайдың барлық нәрсенi шешетiндiгiн мақұлдағандар статистикаларды мұқият зерттеген кездерiнде жаңылысқандықтарын түсiнедi. Мысалы АҚШ-та жыл сайын 100 дәрiгер өзiн-өзi өлiмге байлайды. Әлем денсаулық ұйымы және бiрiккен ұлттар баспасөзiне қарағанда Жапонияда 1955 жылы 22477 адамның өз-өзiн өлiмге қию оқиғасы тiркелген. 1978 статистикаларына сүйенсек, өзiн-өзi өлтiру 20000 болыпты. Барлық нәрсенi материяға таяп, экономиканы негiзгi тiрек ретiнде түсiнетiндердiң бұл жерде ойланулары керек ақ. Өйткенi бұл елдерде әлеуметтiк-экономикалық жағдай өте жақсы, бiлiм мен мәдениет дәрежелерi де жоғары.
Исламның шарттарының әрбiрi жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуында ерекше рол ойнайды. Пайғамбарымыз (с.а.) Исламның шарттарын хадисiнде былай түсiндiредi: “Исламның шарттары бесеу. Кәлимә шәһадат айту, намаз оқу, зекет беру, ораза ұстау, шамасы келсе өмiрiнде бiр рет қажыға бару”. Осы бес негiздiң жеке адамды қалыптастыруда елеулі орны бар. Оны еңбекте егжей-тегжейлі айқындап көрсетуге тырыстық.

Адам баласы иман мен жақсы әрекеттерiнiң арқасында перiштелерден де жоғары дәрежеге шыға алғаны сияқты, адамдық қасиетiн жоғалтқан жағдайда хайуаннан да төменгi дәрежеге түседi. Құран Кәрiмде бұл жайлы былай дейдi: “Расында адам баласын ардақтадық. Сондай-ақ оларды құрлықта да теңiзде де көлiктендiрдiк. Әрi оларды жақсы нәселермен қоректендiрдiк. Һәм оларды жаратқандарымыздың көбiнен неқұрлым артық жараттық”.166

“Расында адамзатты көркем бейнеде жараттық. Сосын оны төмендердiң төменiне қайтардық”.167

Құлшылық ету адам бойындағы жақсы қасиеттердi оятады. Ал құлшылықтың негiзi сүйiспеншiлiктен тұрады.

Сүйiспеншiлiк Аллаһ пен құл арасындағы байланысты жақсартуда маңызды ролi бар. Егер ол болмаған жағдайда өмiрден мән-маңыз жоғалады. Өйткенi адамның жаратылуындағы басты мақсат, Аллаһқа құлшылық қылу. Бұлай дейтiн себебiмiз Аллаһ адам баласын жаратқанда ерекше сүйiспеншiлiкпен жаратқан. Оның дәлелi Аллаһтың бiзге берген сансыз нығметтерi болмақ. Абай атамыз мұны:

Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сенде сүй ол Аллаһты жаннан тәттi.

Адамзаттың бәрiн сүй бауырым деп,

Және сүй хақ жол деп әдiлеттi.

деп Аллаһты сүю керектiгiн һәм нағыз махаббаттың Аллаһқа ғана арналатындығын айқын көрсеткен.

Хз. Пайғамбар, «Мен тек қана мұғалiм ретiнде жiберiлдiм деу арқылы168 Пайғамбарлардың адамдарға бiлмейтiндерiн үйретiп, әдептiлiктiң озық үлгiсiн көрсететiн елшiлер екендiгiн бiлдiрген.

Барлық Пайғамбарлар, жiберiлген қауымының тамақ жеу, киiну, сәндену, үйленуiне, ерлi-зайыптылардың қарым-қатынасына, сауда-саттығына, әдет-ғұрыптарына да мән берулерi тиiс. Осы шындықты Құранда былай баяндайды: «Сендерге Пайғамбар не берсе алыңдар да неменеден тыйса, одан тыйылыңдар әрi Аллаһтан қорқыңдар.169 Аяттан Хз. Пайғамбарды үлгi-өнеге тұтып, оның артынан ерудiң маңыздылығынын түсiнуiмiзге болады.

Пайғамбар (с.а.у.), Аллаһ тағаланың тәрбиесiнен өткен, адамдар арасында теңi жоқ мұғалiм һәм тәрбиешi. Хз. Пайғамбар, Құранның көрсеткен жолымен жүрiп, негiзгi қызметiнiң оқыту әрi тәрбиелеу екенiн түсiнiп, адамдардың қолдарынан ұстап оларды кемелдiкке жеткiзу үшiн бар күшiн салған. Өйткенi Ол, осы әдiстi қолданғанда ғана өз мiндетiн атқара алатындығын түсiнген.

Құрандағы қағидалар мен Пайғамбар сүннетіндегі бүкіл адамзат баласына жарайтын жеке тұлғаны қалыптастыру методы ақыр заманға дейін өз құндылығын жоймақ емес.

Елiмiзде негiзiнен басты екi дiн бар десек болады. Олар – Ислам және Христиандық. Ислам дiнiн ұстанушылар халық санының шамамен 67-70 пайызын құрайтын 24 этникалық топ. 2004 жылдың басындағы деректерге қарағанда елiмiзде 1648 мұсылмандар дiни бiрлестiгi мен 1534 мешiт жұмыс iстейдi. Осы арада Ислам дiнiнiң Қазақстандағы ең негiзгi дiн екенiн және халқымыздың тарихында үйлестiрушi, ұйымдастырушы һәм бiрiктiрушi күш ретiнде ең маңызды орын алғанын атап айтуымыз керек.

Қазақстандағы екінші орынды дін христиандықтың бүгінгі ахуалы Исламмен салыстырғанда тым күрделі. Христиандардың басым көпшілігі славяндық православие бағытында. Бүгінгі күнде олардың 240 діни бірлестік пен 8 монастрь жұмыс істейді. Ал католик жамағатының саны 38, діни бірлестіктер 80 мөлшерінде. Еліміздегі Ислам дінінің басқа діндермен салыстырғанда соңы 15 жылдың көлемінде дамып, халықтың көпшілігі мұсылмандар санын құрайтындығын төмендегі кестеден көруімізге болады.170




ДІН НЕМЕСЕ КОНФЕССИЯ

1989

1993

1995

1996

1997

1998

2003

Ислам

46

296

483

679

826

1000

1648

Православие

62

131

165

185

196

220

230

Баптистер

168

162

130

140

141

242

300

7 күн Адвентистері

3

36

34

41

45

64

70

Лютерандар

171

152

117

116

81

84

90

Иегова куәгерлері

27

33

27

45

52

94

106

Елуліктер

42

36

19

18

19

37

40

Рим католик шіркеуі

42

66

66

73

79

77

77

Дәстүрлі еместер

81

92

91

96

108

110

166

Иудаизм

-

-

-

-

-

1

23

Барлығы

642

1004

1132

1387

1547

1932

2750




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет