Қорыта келгенде дiн адам өмiрi үшiн маңызды фактор екенiн көремiз. Адам баласы ешқашан дiннен айырылмаған, еш уақыт дiнсiз, сенiмсiз өмiр сүрмеген. Дiн түсiнiгi үшiн әр халықтың, әр бiр қауымның белгiлi бiр сөздердi қолданғанын да көрдiк. Бiрақ барлық дiндердегi дiн түсiнiгi Исламдағы дiн түсiнiгiне ұқсамауда. Яғни олар үшiн дiн тек қана құлшылық, мейiрiмдiлiк қысқаша айтқанда дiн өмiрлерiнiң белгiлi бiр жерiнде орын алады. Ал Ислам дiнi адам баласының өмірлік мәселелерінің барлығына дерлік етене араласады. Бұл жайт дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде қарастырылды.
Ал екінші бөлімде Құран мен Пайғамбар Сүннетінің әлеуметтік мағынасы мен оның қоғамға әсері әрі ғылымилығы да сөз болды. Сондай-ақ шет ел ғалымдарының да осы саладағы ғылыми еңбектері мен жүргізген тәжірбиелік жұмыстары да айтылды.
Құранды дұрыс түсiнбейiнше Исламды түсiну мүмкiн еместiгiн мойындауымыз керек. Құранды дұрыс түсiну екi жолмен ғана болады: 1) арабшаны меңгеру; 2) Құранның мағынасын дұрыс жеткiзетiн сапалы тәржiмәсiн жасау. Азаматтардың барлығын арабшаға үйрету мүмкiн емес, сондықтан қолымыздан келетiнi қасиеттi кiтабымыздың бүгiнгi ғылымдар негiзiнде адамзаттың өркениет деңгейiн есепке ала отырып және шынайы ғылыми жетiстiктер бойынша Ислам тарихына қайтадан талдау жасай отырып аудармасын жасау.
Ислам дінінің негізгі қайнар бұлағы болып табылатын Құран мен Сүннеттің жеке тұлғаның кемелденуіне тигізер әсері мол. Аллаһтан келген Құран кітабының ерекшелігі сол, бос аңыз әңгімелерге негізделмей нақты ғылыми тұжырымдар мен сәйкестенуінде. Оның ішіндегі құндылықтар қазіргі таңда қоғамның кез-келген мәселесіне жауап бере алатындай дәрежеде. Бұлай дейтін себебіміз ол- Аллаһтың сөзі. Оның сөзінен ақау табу мүмкін еместігін еңбегімізде ашып көрсеттік. Құранда адамның не үшін өмір сүру керектігімен қоса қалай өмір сүру керектігін де айтқан. Сондай-ақ адам баласының құлқының құлы болып, күнделікті өмірдің күйбең тіршілігінен айналшықтап шыға алмай қалудан сақтандырып, қайткенде бақытқа жетудің сара жолын көрсеткен.
Исламның бес негізгі принцпі (сенім, намаз, ораза, зекет қаж) жеке адамның қалыптасуына өте үлкен ықпал етеді. Ислам дінінің қағидаларын меңгерген кез-келген тұлға, қоғамда кездесетін әртүрлі негізсіз нәрселер мен арам пиғылдан туған ойлардың құрбаны болып кете барудан сақтана алады. Ислам діні не үшін өмір сүру керектігін әрі қалай өмір сүру керектігін тек теориялық жағынан біліп қою ғана емес, практикалық жағынан жүзеге асыруды басты талап етіп қояды. Сонда ғана өмірдің мән-мағынасын жете түсінетіндігін білдірген. Исламның екінші бір негізі болып саналатын Пайғамбар Сүннетінде де адам баласының өзіне тән қасиеті мен қабілеттерін ашудың жолдарын көрсетіп қана қоймай, оны тәрбиелеудің жолын айқындап берген. Хазіреті Пайғамбардың қолданған методтары еңбектеген баладан, еңкейген кәрі дейін үлгі боларлық дәрежеде десек артық айтқандық болмаса керек. Өйткені бұған тарихымыз куә. Пайғамбардың адам психологиясымен әрі ұлттық ерекшеліктермен де санасуы кез-келген адамды ойландырмай қоймайды. Сондықтан Құран мен Сүннеттегі негіздер әлі де болса зерттеуді қажет етеді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Мұртаза Жүнiсұл Бұлұтай. “Ата баба дiнi” Алматы. “Бiлiм” 2000.
2. Сайд Кутуб. «Дін бұдурң, Арслан яинлары. Ыстанбул 1998.
3. Гуней Тумер, Абдуррахман Кучук. «Дінлер тарихың, Ожак яинлары. Анкара 1997.
4. Мұхаммед Хамидуллах. «Ислам Пейгамбериң, 2-том. Ирфан яинлары. Ыстанбул 1993.
5. «Ислам анциклопедисиң, 9-том. Ыстанбул 1994.
6. Осман Ескижиоглы. «Ислам хухуки ачысындан Хукук ве инсан хакларың. Анадолы баспасы. Измир 1996.
7. Мавдуди. «Құран керимде дөрт теримң. Кахраман яинлары. Ыстанбул 1999.
8. Халифа Алтай. “Құран Кәрiм қазақша мағына және түсiнiгi”
9. Елмалылы М. Хамди Языр. «Хак дили куран дилиң, 2-том. Заман яинлары. Ыстанбул.
10. «Шамил Ислам анциклопедисиң, 2-том. Ыстанбул 1999. Акыт яинлары.
11. Ахмед Файз. «Фи зилалил куранда давет жолың, 1-том. Сечкин яинлары. Ыстанбул 1990.
12. Ахмед бин Ханбел, аль-Муснад, I-VI, Ыстанбул 1992.
13. Айхан, Халис, Дин егитим ве өгретими, Ыстанбул 1997.
14. Байраклы, Байрактар, Исламда егитим, Ыстанбул 1997.
15. Байрактар, Фарук, Ислам егитимде өгретмен өгренжи мунасибетлери, Ыстанбул – 1994.
16. Бухари, Абу Абдиллах Мұхаммед Мұхаммед бин Исмайл, ал-Жамиус сахих, I-V, Ыстанбул 1992.
17. Жанан, Ибрахим, вд..., Исламда айле ие чожук тербиеси, Ыстанбул 1996.
18. Чакан, Исмайл Лутфи, Хадис усулу, Ыстанбул 1999.
19. Чамдиби, Хасан Махмут, Егитим илклери ве рехберлик, Ыстанбул 2000.
20. Челик, Омар вд..., Усвеи хасане, I, Ыстанбул 2003.
21. Челик, Омар вд..., Усвей хасане, II, (Басылмыш китап).
22. Дихлеви, Шах Валиуллах, Хужжатуллахи Балига, трж.М.Ердоган. I-II. Бейрут 1990.
23. Додургалы, Абдуррахман, Дин егитим ве өгретиминде илклер ве ёнтемлер, Ыстанбул 1990.
24. Абу Давуд, Сулейман бин Ешас, Сунен, I-V, Ыстанбул 1992.
25. Елмалылы, Мұхаммед Хамди Языр, Хак дини Куран дили, I-X. Ыстанбул.
26. Фирузабади, Мұхаммед бин Якуб Междуддин, ал-Камусул мухит, Бейрут 1987.
27. Ғазали, Мұхаммед ибн Мұхаммед, Ислам тербиеси, Ыстанбул 1989.
28. Ибн Мажа, Мұхаммед бин Язид, Сунен, I, Ыстанбул 1992.
29. Кутуб, Сайд, Фи зилалил Куран, трж. С. Учан, I-X, Ыстанбул.
30. Маверди, Абу Хасан Али бин Мұхаммед бин Хабиб, Едубуд-Дүния вед Дин, трж. Али Акын, Ыстанбул -1982.
31. Муслим, Абу Хусейн бин ал-Хажжаж, ал-Жамиус Сахих, I-III, Ыстанбул 1992.
32. Невеви, Риязус-Салихин, трж. М.Яшар Кандемир. I-VIII, Ыстанбул 1997.
33. Тирмизи, Абу Иса Мұхаммед бин Иса бин Севра, Сунен, I-X, Ыстанбул 1992.
34. С.Улудаг, Исламда Амир ве Ясакларын хикметлери, Анкара 1989.
35. Түркістан газеті 4.02.2005 ж,
35. Ғ.Есім, Дінтану негіздері, Алматы 2003
Достарыңызбен бөлісу: |