Диплом жұмысы корпоративтік бағалы қАҒаздар портфелін басқару


ІІ. Бағалы қағаздар нарығындағы корпоративті бағалы қағаздар операцияларЫН ТАЛДАУ



бет6/16
Дата20.05.2022
өлшемі0.91 Mb.
#458299
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
stud.kz-45149

ІІ. Бағалы қағаздар нарығындағы корпоративті бағалы қағаздар операцияларЫН ТАЛДАУ


2.1. Қазақстан Республикасындағы 2005-2007жж. бағалы қағаздар нарығына талдау

Қазіргі уақытта Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының (АӨҚО) қатысушыларының саны 50 компанияны құрайды. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының (әрі қарай – АӨҚО АСА) ресми тізімінде 30 эмитент (18 эмитент акция және 22 - облигация) тіркелген. АӨҚО АСА айналымындағы бағалы қағаздар эмиссиясының жалпы саны 81 құрайды, оның ішінде 26 акцияға, 56 – облигацияға келеді. Аталған қаржы құралдарының жалпы капиталға айналдырылуы 15,4 млрд. АҚШ долларын құрайды, оның акция үлесіне 11,6 млрд. АҚШ доллары, облигация үлесіне – 3,7 млрд. АҚШ доллары келеді. АСА келісім көлемі сауданың басталуынан 616,58 млрд. АҚШ долларын құрайды.



Сурет 5. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының айналымындағы бағалы қағаздар үлесі
Дерек көзі: ҚР Қаржы Министірлігінің есебі негізінде автормен кұрылған


Сурет 6. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының айналымындағы бағалы қағаздар үлесі (млрд. АҚШ доллары)
Дерек көзі: ҚР Қаржы Министірлігінің есебі негізінде автормен кұрылған
Сонымен қатар, мүдделі мемлекеттік органдармен келісіліп және Агенттік Төрағасының «Қаржы құралдарының Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына ену үшін аудиторлық ұйымдарға біліктілік талаптарын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін жіберілді), «Заңды тұлғаларды – Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығы бекітілді.
Есепті кезең ішінде «Pre-IPO Қорын» құру шараларының жоспары қалыптастырылды. Аталған Қор «Kazyna Capital Management» қоры базасында шағын және орта бизнес кәсіпорындарының 10% дейінгі акцияларын сатып алып, бағалы қағаздар нарығына шығуға дайындау мақсатында құрылды.
Шағын және орта бизнес субьектілерін тарту мақсатында биржалық саудаға шығудың оңтайландырылған тәртібін көздейтін жаңа Листингтік ережелерді дайындау аяқталды. АӨҚО АСА өңірлік эмитенттерді тарту мақсатында республика өңірлерінде тұрақты негізде білім беру- ақпарат семинарлары өткізіледі.
Мемлекеттік қызметкерлерді оқыту мақсатында «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы: қызмет механизмі және даму болашағы» атты тақырыбында жергілікті және аумақтық мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін білімдік семинарлар өткізіледі.
2008 жылдың наурызында Агенттік «Қаржы барометрі» атты айдармен жалпыұлттық «Казахстанская правда» газетінде жоба жарияланды, онда Қазақстандағы қор нарығының жағдайының Қазақстан қор биржасында сауда жасайтын компания акцияларының индексінің ағымдағы кезеңінің өзгеру қозғалысы туралы газет аудиториясымен жеңіл қабылдану үшін ұғынықты түсініктермен жазылған.
Қазіргі таңда Агенттік бағалы қағаздарға инвестициялау мүмкіндіктері туралы халықты ақпараттандыруға, бағалы 2008 жылдың 1 наурызында бағалы қағаздар нарығындағы өзгерістермен және жалпы отандық қор нарығын дамытуға бағытталған екі телевизиялық бағдарламаны шығару жұмысы жүргізілуде.
Қазақстанның бағалы қағаздар нарығында шетелдік инвесторлардың төмен белсенділігі сақталуда. Облигациялар акционерлік қоғамдардың ағымдағы санына қарағанда үлесі елеулі төмен акциялардан басым тұр. Бағалы қағаздардың бастапқы айналысы нашар дамыған. Туынды қаржы құралдарының нарығы мүлде дамымаған күйінде қалды. Шетелдік инвесторлардың белсендігі төмендеді. Бағалы қағаздар нарығының құрылымы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының 2007 жылы институтционалды инфрақұрылымының өзгеруі Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қызметінің кеңеюімен байланысты. АӨҚО қатысушылары - брокерлер мен дилерлер санының өсуі байқалады, инвестициялық компаниялар жəне инвестициялық портфельді басқарушылар саны ұлғайды. Брокерлер жасаған мəмілелер саны ұлғайып, 2007 жылғы жағдай бойынша осы көрсеткіш 54% жетті. Банктер үлесі 32% болды, ал зейнетақы қорлары 2006 жылмен салыстырғанда 10% төмендеп, 7% болды (7-сурет).



2006ж 2007ж

7-сурет. Институтционалды инвесторлар жасаған мəмілелер саны


Дерек көзі: KASE Қазақстандық қор биржасы

Мəмілелердің негізгі көлемін - 63% банктер жасады, брокерлердің үлесіне мəмілелердің 23%, ал зейнетақы қорларына – 11% тиесілі (8-Сурет).



2006 ж 2007ж

8-сурет. Институтционалды инвесторлар жасаған мəмілелер көлемі


Дерек көзі: KASE Қазақстандық қор биржасы

Биржаның Қазақстанның қор нарығын дамытудағы ролі едəуір маңызды. Листингтік бағалы қағаздарды шығару саны өсуде, акциялар мен облигациялар эмитенттерінің саны ұлғаю үстінде (9- сурет). 2006 жылдан бергінің өзінде эмитенттер саны 1,5 есе өсті, ал «А» листингін жəне «В» листингін шығару саны 1,3 жəне 1,5 есе ұлғайды, 2007 жылғы 1 қазанда тиісінше шығару 246 жəне 71 болды. Бұл ретте ресми тізімге енгізілген мəмілелер көлемі "А" санаты бойынша 19,7% азайды, "В" санаты бойынша 22,3% ұлғайды. Барлық шығарылған бағалы қағаздардың негізгі үлесін «А» листингінің облигациялары - 63%, ең аз үлесін «В» листингінің облигациялары - 8% құрайды.





2003ж 2004ж 2005ж 2006ж 2007ж



9- сурет. KASE сауда-саттыққа жіберілген бағалы қағаздар


Дерек көзі: KASE Қазақстандық қор биржасы

2003ж 2004ж 2005ж 2006ж 2007ж

10 - сурет. Қолданыстағы акциялар шығарылымы бар акционерлік қоғамдардың (АҚ) саны


Дерек көзі: KASE Қазақстандық қор биржасы
Акциялар үлесі 30% болды, бұл Қазақстандағы барлық акционерлік қоғамдардың жалпы шығарғанының 4% құрайды. 2007 жылы бойынша қолданылып жүрген акциялар шығарылымның жалпы саны 2 325 болды, бұл ретте қолданылып жүрген шығарылымы бар акционерлік қоғамдардың саны - 2 290 (Сурет 11).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет