облигациялар бойынша мəмілелер көлемі
2004ж 2005ж 2006ж 2007ж
11- Сурет. Жасалған мəмілелердің көлемі бойынша бағалы қағаздардың салалық құрылымы, %-бен
Дерек көзі: KASE Қазақстандық қор биржасы
акциялар бойынша мəмілелер көлемі
2004ж 2005ж 2006ж 2007ж
12- Сурет. Жасалған мəмілелердің көлемі бойынша бағалы қағаздардың салалық құрылымы, %-бен
Дерек көзі: KASE Қазақстандық қор биржасы
Қалыптасқан жағдай Қазақстан экономикасының түрлі субъектілерінің (акционерлік қоғамдар не қор биржасына орналастыруға мүдделі емес не өзінің есептілігін көрсеткісі келмейді, бұл қор биржасының талаптарының бірі болып табылады, не АҚ шетелдік қор биржаларына орналастыруды артық санайды) қызметіне ықпал ететін субъективті факторлар ретінде, сол сияқты қор нарығын дамытудың жалпы үрдісі ретінде түсіндірілуі мүмкін. «А» санатындағы ресми тізімдердегі бағалы қағаздардың елеулі бөлігі - екінші деңгейдегі банктердің шығарылымдары екендігін атап өткен жөн.
Қазақстандық қор биржасында жасалған мəмілелер көлемі бойынша БҚН салалық құрылымында (Сурет 12) акциялар нарығы бойынша да облигациялар нарығы бойынша да басым рольді қаржы секторы алатындығын көрсетеді, бұл БҚН дамытуда сақталып отырған дисбалансты көрсетеді. Акциялар нарығы айналымының өсуі 2007 жылғы нəтижелер бойынша 2006 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 25,9% болды, ал тиісті кезеңдегі облигациялар нарығының өсуі 6,3% болды. Облигациялар нарығы бойынша айналым құрылымы 2007 жылы əлуеттік қол жетімді корпоративтік борышқа сəйкес келді жəне негізінен инфляция деңгейі бойынша индекстелген жəне теңгеге деноминирленген индекстелмеген қағаздардан қалыптастырылды. Ұйымдастыру нарығындағы ахуал бастапқы ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығындағы белсенділік аз болған кезде қайталама бағалы қағаздар нарығын дамытудың оң динамикасымен сипатталады. Мəселен, қайталама нарықта акциялар бойынша жасалған мəмілелер көлемі 2006 жылмен салыстырғанда 57,3% жəне РЕПО операциялары бойынша 47,5% ұлғайған кезде 2007 жылы бастапқы айналым нарығында акциялар бойынша ешқандай мəмілелер жасалған жоқ. Облигациялар нарығында да осыған ұқсас проблема бар. Нəтижесінде 2007 жылы РЕПО операциялары бойынша мəмілелер көлемінің үлесі 77%, қайталама нарықтағы операциялар көлемінің үлесі – 21,5% болды, ал фьючерспен операцияларға үлес 1,41% тиесілі. 2007 жылы мемлекеттік емес бағалы қағаздармен мəмілелер көлемі 19,3% қысқарды. Есепті кезең ішінде ұйымдасқан нарықтағы мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша биржалық мəмілелер көлемі РЕПО мəмілелері көлемінің - 46,2% жəне бастапқы орналастырулар көлемінің - 58,2% ұлғаюына байлансты 40,9% ұлғайды (1-кесте).
1-кесте
KASE-дегі мемлекеттік бағалы қағаздармен мəмілелер көлемі (млн. теңге)
|
2005ж
|
2006ж
|
2007ж
|
Мәмілелер көлемі, оның ішінде
|
1754640
|
4227032
|
5956126
|
Бастапқы орналастырушылар
|
17812
|
25456
|
40282
|
РЕПО мәмілелері
|
1623701
|
3849637
|
5626627
|
Дерек көзі: KASE Қазақстандық қор биржасы
Мемлекеттік бағалы қағаздармен мəмілелердің жалпы көлемінде РЕПО мəмілелерінің үлесіне 94,46% тиесілі. 2007 жылы РЕПО нарығы бір бағалы қағаздар нарығының кəсіби қатысушыларының қысқа мерзімді теңгелік өтімділігін қолдауға арналған «қысқа ақша» функциясы болып табылатын бірнеше функцияларды орындағандықтан операциялар көлемі бойынша KASE-да жетекші позицияда болды. РЕПО-ның басқа функциялары – Ұлттық Банктің уақытша бос қаражатын инвестициялау жəне ақша агрегаттарын басқару құралы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |