Диплом жұмысы корпоративтік бағалы қАҒаздар портфелін басқару


Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногының институционалды инфрақұрылымы



бет9/16
Дата20.05.2022
өлшемі0.91 Mb.
#458299
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
stud.kz-45149

2.2. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногының институционалды инфрақұрылымы

Қазақстандық эмитенттердің акциялары үлкен өтімділікпен сипатталмайды, демек акция нарығы тиімді болып табылмайды. Өтімділіктің жоқтығы акционерлердің тар шеңберімен және көптеген қазақстандық компания операцияларының айқын еместігімен түсіндіріледі. Осы себептерге байланысты ірі институционалды инвесторлар Қазақстанда Қор Биржасының "А" категориялы ресми сауда тізіміне енгізілсе де, қазақстандық эмитенттер акциясын мүліктенбейді. Сондай-ақ коммерциялық банктер үшін Ұлттық банк белгілейтін пруденциалды нормативтер оларға үлкен көлемде акцияны мүліктенуге мүмкіндік бермейді. Сонымен, институционалды инвесторлар портфелінде акция елеусіз үлес алады.


Қаржы секторының институционалдық құрылымында қаралып отырған кезеңде өзгерістер байқалған жоқ. Республиканың қаржы секторының басым сегменті банк секторы болып қала береді. Өткен жылдардағы сияқты, ресурстардың көп бөлігі банктерге шоғырландырылған. Қаржы нарығының жиынтық активтеріндегі банк активтерінің жеке үлес салмағы өсу үстінде, бұл елеулі дəрежеде екінші деңгейдегі банктердің кредиттік белсенділігіне байланысты болды. Сонымен қатар, 2006 - 2007 жылғы аралығындағы кезең үшін банктік емес ұйымдардың активтерінің, жинақтаушы зейнетақы қорларының активтерінің үлес салмағының төмендеуі жəне сақтандыру секторының тұрақты үлесі кезінде бағалы қағаздар нарығының кəсіби қатысушылары активтерінің ұлғаюы байқалды (14-сурет). Бұл ретте қаржы секторының институционалдық инфрақұрылымы тұрақты болып қалып отыр.



14- сурет. Қаржы секторы активтерінің институционалдық құрылымы (%-бен) 2006 жылғы жағдай бойынша


Дерек көзі: Қазақстан Республикасы Ұлттық банк ресми сайты



15- сурет. Қаржы секторы активтерінің институционалдық құрылымы (%-бен) 2007 жылғы жағдай бойынша


Дерек көзі: Қазақстан Республикасы Ұлттық банк ресми сайты

Банк секторының қаржы нарығының басқа сегменттеріне ықпал ету дəрежесі оның корпоративтік облигациялар нарығына қатысуымен сипатталады. Мəселен, 2007 жылғы жағдай бойынша мемлекеттік емес облигацияларды шығарудың жалпы санының 40% (Сурет 15) екінші деңгейдегі банктер жүзеге асырған.





16- сурет. ҚР корпоративтік облигациялары нарығындағы негізгі инвесторлар (пайызбен, 2007 жылы)


Дерек көзі: Қазақстан Республикасы Ұлттық банк ресми сайты

Айналыстағы корпоративтік облигациялардың тұрақты түрде ұлғаюына қарамастан жалпы көлемнің жартысынан астамы қаржылық емес ұйымдардың жəне басқа инвесторлардың портфелінде жатыр. Бұл ретте институционалдық инвесторлардың – облигация ұстаушылардың үлес салмағы Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған облигациялардың жалпы көлемінің 43,7% болды. Осылайша, банк жүйесіндегі тұрақсыздық қаржы нарығының барлық басқа сегменттерінің тұрақтылығына теріс ықпал етеді. Бұл ретте, қаржы секторы субъектілерінің банктердің еншілес ұйымдары болып табылатындығы немесе банктік конгломераттар құрамына кіретіндігі барлық қаржы секторының жүйелік дағдарысқа ұшырауын күшейтеді.


Қазақстандық эмитенттердің акциялары үлкен өтімділікпен сипатталмайды, демек акция нарығы тиімді болып табылмайды. Өтімділіктің жоқтығы акционерлердің тар шеңберімен және көптеген қазақстандық компания операцияларының айқын еместігімен түсіндіріледі. Осы себептерге байланысты ірі институционалды инвесторлар Қазақстанда Қор Биржасының "А" категориялы ресми сауда тізіміне енгізілсе де, қазақстандық эмитенттер акциясын мүліктенбейді. Сондай-ақ коммерциялық банктер үшін Ұлттық банк белгілейтін пруденциалды нормативтер оларға үлкен көлемде акцияны мүліктенуге мүмкіндік бермейді. Сонымен, институционалды инвесторлар портфелінде акция елеусіз үлес алады.
Бұрыннан белгілі корпоративті нарықтың дамуының басталуы қазақстандық компания инвесторлары үшін ірі және тартымды мемлекеттік акция пакетінің бір бөлігін ұйымдастырған қор нарығына шығаруды қарастыратын "көгілдір фишка" (мемлекеттік емес бағалы қағаздар инвесторлары үшін тартымды тапшылықты шешуде негізгі мөлшерлеме жасалды) бағдарламасын тәжірібеде жүзеге асыру әлемдік қаржы дағдарысының басталу уақытына сәйкес келді.
"Көгілдір фишка" бағдарламасы – бұл мемлекет қор нарығына акция пакетін сақтайтын ірі акционерлік қоғам акцияларын шығару бойынша "Бағалы қағаздармен биржалық сауданы жетілдіру бойынша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметі № 1538 қаулысымен анықталған іс-шаралар жиынтығының шартты аты. Берілген жиынтық өзінін енгізіледі:

  1. банктерді, қор нарығы арқылы сатылуға тән мемлекеттік акция пакетін қоса есептегенде, базалық және басқа өндіріс салаларының, акционерлік қоғамдардың тізімін анықтау;

  2. акционерлік қоғамның шоттар жоспарын жаңа бухгалтерлік есептің қазақстандық стандартын жаңғырту, ауыстыру;

  3. акционерлік қоғам қызметіне толық масштабты аудит жүргізу;

  4. қор биржасында акционерлік қоғам акцияларының листингі;

  5. қор биржасы арқылы акционерлік қоғам акциясын сату.

Бұдан басқа "көгілдір фишка" бағдарламасын ұйымдастыру – техникалық қамтамасыз ету ретінде өзіне қор биржасының үлгісін таңдау бойынша тендер жүргізу мен депозитарлық – есептік жүйені құру сияқты шараларды да қосты.
Қазіргі кездегі Қазақстан қор биржасында келісімшарттар құрамынан шығатын негізгі проблеманың бірі – бұл қаржы құралдарын жетіспеушілігі дефицит. Портфель табыстылығының проблемасымен беттескен жинақтаушы зейнет ақы қоры үшін бұл мәселе қатал тұр.

  • Мұндай проблемаларының болу себебінің алғы шарттары;

  • Институционалды инвесторлардың өте ликвидтілігі;

  • Ішкі инвесторлар нарығының өсуімен эмитенттер нарығының дамуының жайбасарлығы арасындағы дисбаланс;

  • Капиталдың ішкі және сыртқы нарығында қарыздың бағалы қағаздар табыстылығының төмендеу тенденциясының жалғасуы;

  • Акция нарығының дамымағандығы;

  • Туынды бағалы қағаздар нарығының дамымағандығы.

Жоғарыда айтылған проблемаларды шешу және алдын алу үшін, Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаевпен Қазақстан қаржыгерлерінгің Конгресінде айтылған бағалы қағаздар нарығымен Жинақтаушы зейнет ақы орта мерзім аралығында, бағдарламада айтылған шараларды іске асыру қажет.
Осыған орай, Қазақстан қаржыгерлер бірлестігімен келесідей ұсыныстар кіргізілді:

  • ұжымдық формада немесе нысанда инвестициялау және акция нарығын жетілдіру мақсатында инвестициялық және венчурлік құралдарды құруда өз үлесін қосу;

  • активтерді секьюритизациялау бойынша заң шығарушылардың жұмыстарын жылдамдаттыру, сонымен қатар, жаңа қарыздық инструменттермен инвесторлардың қызығушылығын қорғау мақсатында коммерциялық бағалы қағаздарды шығару механизімін жетілдіру;

  • Қазақстан қор биржасының "А" және "Б" категориялардың листингтік талаптарына сай құрастыру, яғни сыныпталуды енгізу іс шараларын жүргізу, осыған орай эмитенттің ұйымдастырылған нарыққа шығуын жігерлендіру мақсатында зейнет ақы активтерін орналастыру заңнамаларыфн өзгерту;

  • Сауда ұйымдастырушысының "А" категориясының ресми тізіміне енгізілген компаниялардың акциясына зейнетақы қорларын инвестициялау лимитін өсіру жағдайын қарастыру. Осыған орай "көгілдір фишкаларды" нарыққа шығару процессінде пакеттің кейбір бөлігін тек қана зейнетақы қорлар арасында орналастыру.

Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногының институционалды инфрақұрылымының 2007 жылғы жай-күйі жалпы тұрақты болды. Сонымен қатар мынаны атап айту керек, Алматы қаласында Өңірлік қаржы орталығының ашылуына байланысты АӨҚО қатысушы – брокерлер мен дилерлердің санының өсуі байқалып отыр.
3-кесте
АӨҚО қатысушы – брокерлер мен дилерлердің 2006-2007жж. саны






2006ж

2007ж

Оның ішінде барлық брокерлер–дилерлер

69

106

банктер

24

-24

олардың 1-санаттағысы

21

23

  1. банктік емес ұйымдар

44

63

  1. олардың 1-санаттағысы

35

54

  1. АӨҚО қатысушылары

1

19

  1. олардың 1-санаттағысы

1

19

  1. Тіркеушілер

16

17

  1. Кастодиандар

9

10

  1. ЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқарушылар

13

11

  1. Инвестициялық портфельді басқарушылар

37

61

  1. Инвестициялық компаниялар

-

4

  1. ӨӨРҰ

2

2

  1. Трансфер-агенттер

2

3

  1. Бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушы

1

1

Дерек көзі: ҚР каржылық бақылау агенттігінің мәліметтері

2007 жылы номиналды ұстаушы ретінде клиенттер шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік жəне дилерлік қызметті жүзеге асыруға 19 лицензия берілді ("Тор Инвест" АҚ, "Asia Broker Services" АҚ, "Алиби Секьюритиз"АҚ, "Қазақстан Финсервис" АҚ, «АСЫЛ-ИНВЕСТ» АҚ, «Seven Rivers Capital» АҚ, "Верный Капитал" АҚ, «АЛМЭКС» Эссет Менеджмент" АҚ, "VOSTOK CAPITAL" АҚ, "Gold Investment Group" АҚ, «ИФГ КОНТИНЕНТ» АҚ, "Қазинвестбанк" АҚ, "Авангард Капитал" АҚ, " «Əлем» инвестициялық компаниясы" АҚ, «Unicorn IFC» АҚ, «Delta Bank» АҚ, «MAG Finance» АҚ, «Альфа Траст» басқарушы компаниясы АҚ, «Инвестментс Компании «ЦентрИнвест») АҚ.


Сонымен қатар қаңтар-желтоқсан аралығындағы кезеңде Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уəкілетті мемлекеттік орган тіркеген номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар ұйымдарға бағалы қағаздар рыногындағы брокерлік жəне дилерлік қызметті жүзеге асыруға 1+ лицензия берілді.
Агенттік есепті кезеңде «СЕНІМ-БАНК» АҚ-на, «Gold Investment Group» АҚ-на номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар бағалы қағаздар рыногындағы брокерлік жəне дилерлік қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның қолданылуын уақытша тоқтатты жəне «Алматы Инвестмент Менеджмент» АҚ-на номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар бағалы қағаздар рыногындағы брокерлік жəне дилерлік қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның қолданылуын қалпына келтірді.
2008 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар саны 17 болды. Есепті кезең ішінде уəкілетті органның кастодиандық қызметті жүзеге асыруға лицензиясын иеленген банктердің жалпы саны өзгерген жоқ жəне 10 болды.
2008 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 11 ұйым жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырды, олардың ішінде зейнетақы активтерін дербес басқару жөніндегі лицензиялары бар 6 жинақтаушы зейнетақы қоры бар («МЖЗҚ» ЖЗҚ» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі ЖЗҚ» АҚ(«Қазақстан Халық Банкі» АҚ еншілес ұйымы),«ТұранƏлем Банкі» АҚ БТА Қазақстан» ЖЗҚ» еншілес ұйымы» АҚ, «Капитал» ЖЗҚ» АҚ («Банк ЦентрКредит» АҚ-ның еншілес ұйымы), "Қазақмыс ЖЗҚ" АҚ жəне «Отан"ЖЗҚ» АҚ).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет