Диплом жұмысы корпоративтік бағалы қАҒаздар портфелін басқару


ІІІ. Корпоративті бағалы қағаздар нарығының дамуы



бет12/16
Дата20.05.2022
өлшемі0.91 Mb.
#458299
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
stud.kz-45149

ІІІ. Корпоративті бағалы қағаздар нарығының дамуы
және оны жетілдіру жолдары


3.1. Қазақстанда корпоративті бағалы қағаздар нарығының әлсіз дамуының себептері

Қазақстанда корпоративті бағалы қағаздар нарығының әлсіз дамуының бірнеше себептері бар. Оның маңыздыларының бірі - нормативті және институционалды инфрақұрылымның сәйкестілігінің жеткіліксіздігі және жаппай немесе жеке жекешелендірудің арасындағы нақты байланыстың сәйкессіздігі, ал екінші жағынан бағалы қағаздар нарығының дамуымен байланысты.


Нарық 3 бағыт бойынша өркендеуде деп күтілуде:

  1. «Көгілдір фишка» нарығы А листингі талаптарын толығымен қанағаттандыратын және бірінші деңгейдегі сауда жүйесінің қор биржасында сатылатын компания үшін.

  2. В листингі шарттарын қанағаттандыратын және екінші деңгейдегі сауда жүйесінің шеңберінде қор биржасында сатылатын компаниялар үшін екінші эшелондағы бағалы қағаздар нарығы.

  3. Листингтен өтпеген компаниялар үшін ұйымдастырылған котировкалық жүйе.

Бірінші деңгейге немесе А листингіне келесі листингтік талаптар тән: компания құрылғанына 3 жыл мерзімі болуы керек, дауыс беру құқығы бар акциялар ұстаушыларының саны 500-ден астам, болуы керек, соңғы жылдары үшін қаржылық есеп беруінің аудиторлық қорытындысы болуы керек және 1000000 доллардан астам капиталы болуы керек. В листингі: соңғы жылдар үшін қаржылық есеп беруінің аудиторлық қорытындысы болуы керек./19/
Жоғарыда айтылған шаралардың барлығы, яғни корпоративті бағалы қағаздар нарығының техникалық инфрақұрылымын нормативті – құқықты дамыту, қор биржасы арқылы мемлекеттік ірі кәсіпорындарды жекешелендіру және инвестициялық жекешелендіру қорларын жабық түрдегі инвестициялық ауыстыруы жекешелендіруде неғұрлым ашықтыққа әкеледі және корпоративті бағалы қағаздар нарығының дамуын жылдамдатады.
Қаржы министрлігі және Ұлттық Банктің көмегімен өте жақсы дамып келе жатқан және инвесторлардың сенгендігімен пайдаланып жүрген МЕККАМ нарығынан ерекше корпоративті бағалы қағаздар нарығы бірнеше жыл бұрын басталған күйінде тұр. Бірақ оның заңдық базасы, нарықты реттеушілері (Қазақстан Республикасының қаржы нарығымен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау бойынша Агенттігі), брокерлік-дилерлік қызметке лицензиялары бар 51 ұйымы бар және 1 қор биржасы, жүздеген жекешелендірілетін ірі және орташа кәсіпорындары бар.
Осыған байланысты әртүрлі себептер туралы айтуға болады, бірақ іс жүзінде капиталдың қандай болса да нарығында оның қатысушылары үшін негізгісі – бұл қарыз алушылардың белгілі бір төлеміне қаражаттарды тарту мүмкіндігі және белгілі бір тәуекелдік деңгейінде инвесторлар мен делдалдардың ақшаны табу мүмкіндігі. Осы схема қызмет ету үшін барлық қатысушыларына түсінікті нақты ережелері керек. Оларға реттейтін органның нормативті актілер кешені, қор биржасының жарғысы мен ережелері, депозитарлы – есепті жүйені құру принциптері және әдетте өзін өзі реттейтін органдарға біріккен осы нарықта делдалдармен құрылатын стандарттар. /23/
Сонымен қатар, нарықтың қатысушыларын өз шешімдерін негіздей алу үшін сапалы және сенімді ақпараттық ұсынылуын қамтамасыз ету қажет. Осында негізгі рөл реттеуші органға беріледі – Қазақстан Республикасының қаржы нарығымен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау бойынша агенттігіне. Екінші жағынан, елдің басқармасы жекешелендіруді жүргізу және оның қор нарығымен үйлестіруді жүргізу бойынша, қор нарығының дамуының заңдылық базамен қамтамасыз ету бойынша, бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарды енгізу мен кәсіпорындардың аудитін жүргізу бойынша, ұзақ мерзімді жинақтарды ынталандыру ұлттық валютаның макроэкономикалық тұрақтылық пен айналымдылығы бойынша өз күштерін толық жұмылдыру керек. Бұл міндеттерді Қазақстан Республикасының қаржы нарығымен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау бойынша Агенттігі қызметінен тыс, бірақ олардың шешуінсіз қор нарығының дамуы мүмкін емес.
Факторлар тобының екеуі де, біріншіден, инвесторлар жағынан бағалы қағаздарға сұранысын ынталандыру қажет. Екіншіден, инвесторларға керекті бағалы қағаздардың ұсынысын қамтамасыз ету қажет.
Қазақстандағы қор нарығының дамуына кедергі жасайтын негізгі проблема – бұл инвесторлар үшін маңызы бар елдің ең ірі және потенциялы мықты кәсіпорындардың осы нарыққа шықпауы. Олардың бір бөлігі толығымен немесе бөлігімен жекешелендірілген, тағы бір бөлігі сыртқы басқаруға берілген, ал тағы бір бөлігі мемлекеттің меншігінде қалады. Егер осы тәсілін өзгертпей және осындай кәсіпорындардың акцияларының мемлекеттік пакеттерін қор нарығына бағыттамайтын болсақ (бұл туралы Өкіметтің шешімдері қабылданған) бұл нарық өте баяу қарқынмен дами отырып, портфельді инвесторлар үшін өтімді және қажетті болуы мүмкін емес.
Елдің экономикасының негізін құрайтын кәсіпорындар (мұнай, газ, тау – металлург кешені, байланыс, электроэнергетика мен банктер) Қазақстанның қор нарығының дамуын анықтайтын «көгілдір фишкалар» (blue chips) болуы керек. Сол фишкалар бойынша әр елдің экономикасының негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылатын қор индексі есептеледі.
Ал осы мәселе бойынша төменде көрсетілген шараларының жиынтығын өткізіп корпоративті бағалы қағаздар нарығын тірілту қажет. Таяу жылдарда корпоративті бағалы қағаздар нарығы стратегиялық инвесторларды тарту мәселесін шеше алмайды, сондықтан өкіметтің осы бағыттағы тырысулары жалғастырылуы қажет.
Үйлесімді тізбектегі барлық кәсіпорындар өз шоттар жоспарын халықаралық стандарттарға конверсиялану үшін және толық масштабты аудитті жүргізу үшін халықаралық аудиторлық фирмалар арасында тендер жүргізу керек. Бұл потенциялды инвесторлар әр кәсіпорындарының табыстары мен шығындары жөнінде түсінікті баланс пен есепті көре алу үшін керек. Сонымен қатар, барлық кәсіпорындарды бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарға аудару бойынша жұмысты тездету керек. Кейін осы кәсіпорындардың акцияларының мемлекеттік пакеттерін қор биржаның бірінші алаңына кезектесіп шығарудың графигі дайындалынады.
Капитализация деңгейіне талаптарын көтеру туралы Қазақстан Республикасының қаржы нарығымен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау бойынша Агенттігінің шешімі брокерлер және дилерлермен орындалуын бақылау және де олардың қызметі ерекше болып шаруашылық белсенділігінің басқа түрлерімен қабаттасып қалмау үшін бақылау керек. Брокер – дилерлік қызметпен айналысуға маманданған куәлігін алуға жеке тұлғаларға квалификациялық талаптарын қатайту қажет. Брокер – дилерлік ассоциациясын толық өзімен - өзі реттелетін ұйымға қайта құрылу жөнінде шаралардың жиынтығын жүргізу керек. Яғни ол маманданған қатысушылардың квалификациясын арттыру және оқытуын ұйымдастыра алатын, қор нарығы туралы ақпаратты тарата алатын, өркениетті өкімет пен парламентте саланың мүдделерін лоббировать етуге болатын болу үшін қажет.
Мәжілістен өткізген бағалы қағаздар нарығы туралы заңдар пакетін қабылдау және оның негізінде барлық нормативті базасын анықтау. Азаматтық кодекс пен Серіктестіктер туралы заңдарға өзгерістер еңгізу, соның ішінде мүмкін «халықтық компания» деген түсінік еңгізу. Бұл компаниялардың акциялары биржада айналады (яғни ол биржадағы листинг процедурадан және аудиттен өтіп жай акционерлік қоғамнан гөрі күштірек және сенімі жоғарырақ компания болып табылады.)
Инвестициялаудың ұйымдық схемаларының дамуының келесі этаптарында өзара қорлар құруға жағдайларды жасау қажет.
Бұл капиталдың көмегімен қайта құрылуынан кейінгі қор нарығына шыға алатын үшінші деңгейлі кәсіпорындарына венчурлық капиталды тарту жөнінде жұмысты жүргізу. Енді барлық институционалды және ұйымдық инфрақұрылым құрылғаннан кейін сыртқы нарықтарда жарнамалық компанияларды жүргізу және шетелдік портфельді инвестицияларының маңызды көлемін тартуға болады. Әсіресе мамандандырылған инвеситициялық қорларына назар аудару қажет. Олар ТМД және Орталық Азияның нарықтары бойынша әйгілі, бірақ олар әлі Қазақстандағы нарыққа өз қаражаттарын салуды жөн көрмейді, себебі мұнда қор нарығының инфрақұрылымы аяғына тұрмаған.
Бағалы қағаздар нарығының дамуын талдау елдің экономикалық дамуының ағымындағы этапын сипаттау тұрғысынан да, оның болашақ пен потенциалын бағалау тұрғысынан да қызықтырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет