2.3. Қазақстан Республикасындағы корпоративті бағалы қағаздар портфелінің құрамы мен құрылымына талдау
2007 жылғы төртінші тоқсанда инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға 6 лицензия берілді («MAG Finance» АҚ, «Альфа Траст» басқарушы компаниясы» АҚ, «REAL ASSET MANAGEMENT» АҚ, «Инвестментс Компании «ЦентрИнвест»АҚ, «VOSTOK CAPITAL» АҚ, «Евразия Капитал» АҚ («Еуразиялық банк» АҚ-ның ЕҰ)).
2008 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша инвестициялық портфельді басқаратын ұйымдардың жалпы саны 61 болды. Трансфер – агенттік қызметті жүзеге асыруға лицензия алған 3 ұйым болды: «Казпочта» АҚ жəне «C-n-D Express» АҚ жəне «ДОС Финанс» ЖШС-і.
4-кесте
2007 жылы ҚР-ғы акциялар шығарылымы жəне шығарылымдарды жою
|
Саны
|
Шығарылымдар тіркелді
|
310
|
Шығарылым және орналастыру қорытындысы туралы есеп бекітілді
|
363
|
Шығарылымдар жойылды
|
218
|
Дерек көзі: ҚР каржылық бақылау агенттігінің мәліметтері
2007 жылы ҚР-ғы 310 акциялар шығарылымы тіркелді, шығарылымдарды жою саны -218 болған. Осы жылы шығарылым және орналастыру қорытындысы туралы 363 есеп бекітілді
5 -кесте
ҚР-ғы қолданыстағы акциялар шығарылымдары бар акционерлік қоғамдар
|
2007 ж
1 тоқсан
|
2007 ж
2 тоқсан
|
2007 ж
3 тоқсан
|
2007 ж
4 тоқсан
|
2008 ж
1 тоқсан
|
Акция шығарылымдар саны
|
2308
|
2299
|
2306
|
2325
|
2319
|
Акционерлік қоғамдар саны
|
2168
|
2166
|
2180
|
2290
|
2200
|
Дерек көзі: ҚР каржылық бақылау агенттігінің мәліметтері
Нəтижесінде қолданыстағы акциялар шығарылымының жалпы саны 2008 жылғы 1 қаңтарда 2 319, қолданыстағы акциялар шығарылымы бар акционерлік қоғамдар саны - 2 200 ұйым болды.
6- кесте
Тіркелген мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы
|
2007 ж
1 тоқсан
|
2007 ж
2 тоқсан
|
2007 ж
3 тоқсан
|
2007 ж
4 тоқсан
|
2007 ж
жиыны
|
Шығарылымдар саны
|
26
|
21
|
12
|
12
|
71
|
Шығарылым көлемі
|
142050
|
153400
|
63638,5
|
50230
|
409318,5
|
Дерек көзі: ҚР каржылық бақылау агенттігінің мәліметтері
Агенттік 2007 жылы жалпы көлемі 409 318,5 млн. теңге болатын мемлекеттік емес 71 облигациялар шығарылымын тіркеді.
7-кесте
Тіркелген мемлекеттік емес облигациялардың қолданыстағы шығарылымы
|
2007 ж
1 қаңтарға
|
2007 ж
1 сәуірге
|
2007 ж
1 шілдеге
|
2007 ж
1 қазанға
|
2008 ж
1 қаңтарға
|
Шығарылымдар саны
|
233
|
252
|
267
|
277
|
286
|
Шығарылым көлемі
|
1094473
|
1200298
|
1336356
|
1392278
|
1429247
|
Дерек көзі: ҚР каржылық бақылау агенттігінің мәліметтері
2008 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша барлық қолданыстағы облигациялар шығарылымының саны 286 жиынтық номиналды құнмен 1 439 247 млн. теңге болды, оның 202 шығарылымы "А" санаты бойынша жəне 28 шығарылымы "В" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілген.
- Шығарылым көлемі, млн теңге,
- Шығарылым саны
17-сурет Қолданыстағы облигациялар шығарылымының саны мен көлемінің өзгеру динамикасы
Дерек көзі: ҚР каржылық бақылау агенттігінің мәліметтері
2008 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша корпоративті облигациялардың қолданыстағы шығарылымдарының жиынтық көлемі былайша көрініс алды:
− зейнетақы активтері есебінен сатып алынған облигациялар– 24,79%;
− екінші деңгейдегі банктер сатып алған облигациялар – 8,27%;
− инвестициялық портфельді басқарушы клиенттердің активтері есебінен сатып алынған облигациялар– 4,50%;
− сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алған облигациялар –4,12%;
− өзге қаржы ұйымдары сатып алған облигациялар –6,12%;
− өзге инвесторлар – 52,20%.
Айналыстағы корпоративті облигациялардың тұрақты өсуіне қарамастан оның жалпы көлемінің жартысынан астамы қаржылық емес ұйымдардың жəне басқа да инвесторлардың портфелінде болып отыр. Сонымен қатар, институционалды инвесторлар–облигацияларды ұстаушылардың Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған облигацияларының жалпы көлеміндегі үлес салмағы 29,29% болды.
8-кесте
Тіркелген пайлар шығарылымы туралы деректер
|
2006ж
|
2007ж
|
Шығарылымдар тіркелді
|
41
|
64
|
Шығарылым және орналастыру қорытындысы туралы есеп бекітілді
|
47
|
122
|
Қолданыстағы шығарылымдар
|
86
|
183
|
Дерек көзі: ҚР каржылық бақылау агенттігінің мәліметтері
2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бағалы қағаздар рыногында 146 -жабық, 19–ашық жəне 18 – аралық болып табылатын 183 инвестициялық пай қоры жұмыс істеді. 2007 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең ішінде ПИҚ- ның саны 97-ге өсті. 2007 жылы 33 пай шығарылымы тіркелді, пайларды шығару жəне орналастыру қорытындысы туралы 122 есеп бекітілді.
Достарыңызбен бөлісу: |