Диплом жұмысы оған қойылатын талапқа сай орындалды және бітті


Ертегілер, олардың бала тілін дамытудағы маңызы



бет52/93
Дата19.04.2024
өлшемі1.99 Mb.
#499246
түріДиплом
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   93
Дип.-Бастауыш-мектепте-сөз-тіркестерін-оқытудың-әдістемесі

2.2 Ертегілер, олардың бала тілін дамытудағы маңызы
Ертегі - ауыз әдебиетінің ықылым заманынан келе жатқан көне де мол мүрасы. Оның ертегі деп аталуының өзінен де, сол сияқты ертегілердің «Бұрынғы өткен заманда, ерте-ерте, ертеде» деп басталуынан да оның атам заман туындысы екенін аңғару қиын емес.
Ертегілерде халық басынан кешкен, ғасырлар ізі жатыр. Оларда еңбекші халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғүрпы, елдік тарихы, қилы-қилы қиын асулары, халықтың мүң шері, арман-мүраты бейнёленген.

Барлық елдің ауыз әдебиетінен мол орын алған және халықтың жазу-сызу өнері болмаған кезінде ауызша шығарған күрделі шығармасының бір түрі - ертегілер.
Ертегілер көбінесе, қара сөз ретінде айтылатындықтан, оны халықтың ерте заманда шығарған көркем әңгімесі деп қараймыз.
Халық әдебиетінің басқа түрлері секілді, ертегілер де адам баласының еңбек-кәсіп ету, тұрмыс тіршілік құру тәжірибесіне байланысты туған. Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неліктен болатындығын толық түсінбеген ертедегі адамдар әр нәрсені қиял еткен; өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған. Бұл жөніндегі ұғым-түсініктерін, нанымы мен сенімін әңгімелеп айтатын болған. Сөйтіп ертегі-әңгімелердің алғашқы үлгілері туған. (Халық шығармасының бұл түрі «ертегі» деп аталуының өзі-ақ, онда аитылатын әңгімелердің есте қалмаған ерте заманда туғандығын анғартады).
Бертін келе, әкономиканың ілгері дамуы, қоғамдық карым-қатынастардың алға басуы, адам баласының дүние танымының, ой-өрісінің, сапа-сезімінің үлғайып өсуі жалпы халық шығармаларына, соның ішінде ертегілерге көп әсер, еткен. Осы негізде ертегілердің алғашқы үлгілері әр түрлі өзгерістерге үшырап, жаңа ертегілер туа бастаған және онда адам баласының арман-мүддесін, ой-санасы, болашақтан күтетін үміті суреттелген. Осы ретте туған ертегілерден адам баласының тұрмыс-тіршілігі, өмірі, ісі басты орын алады, қоғамдық мәні бар мәселелер көтеріледі. Бұлардың бәрін халық ертегілері көркемдеп суреттеу, образдар арқылы бейнелеген.

Бұл секілді жағдайларды қазақ ертегілері де басынан кешірген деуге болады. Алайда, қазақ ертегілерін сөз еткенде, біз оның ең алғашқы үлгілері, олардың мазмұны, көркемдік дәрежесі қандай болғандығы жағын анықтап айта алмаймыз. Өйткені ол ертегілер алғашқы айтылу қалпын сақтай отырып, біздің дәуірімізге жеткен емес. Ауыз әдебиетінің басқа түрі секілді, ертегілер де ауызша шығарылып, ауызша тарағандықтан әр түрлі өзгерістерге үшыраған, бір ертегіге бірнеше ертегінің әңгімесі қосылып араласқан. Бергі заманда туған ертегілер ерте заманда шыққан кейбір ертегілердің алғашқы үлгілерін олардың оқиғаларын бойына жинай да жүрген.
Осыған байланысты тағы бір жайды ескерте кетелік. Қазақ тілінде ауызша айтылып келген ертегілердің барлығын бірдей қазақ халқы шығарған жоқ. Қазақ ертегілерінің ішінде ағайындас-аралас, көршілерден, атап айтқанда: орыс, қырғыз, өзбек, Түркімен, қарақалпақ халықтарынан алынған, бізге сіңісіп кеткен, өзіміздің төл- тумамыз болған ертегілер де бар. Бұл алуандас ертегілер кездейсоқ түрде келіп енбеген. Ол қазақ халқымен көршілердің арасында көп заманға созылған әкономикалық, ағайын-достық қарым-қатынастардың негізінде енген. Сөйтіп, қазақ халқы бұл ертегілердің жалпы мазмұнын алып, мәнерлеп әңгімелеген, өзінің тума шығармасы етіп жіберген. Сондықтан да біз оларды қазақ халқының ертегісі деп қарауға тиістіміз.
Ертегіге бай елдердің бірі - қазақ халқы. Қазақ фольклорындағы ертегілердің сан алуан түрлері бар. XIX ғасырдан бастап, қазақ ертегілерінің ғажап та көркем үлгілерін В.Радлов, Г.Потанин, И.Березин, А.Алекторов, П. Мелиоранский, Ш. Уәлиханов, Ә.Диваев сияқты белді де белгілі ғалымдар жинап, жариялай бастады. Қазақ фольклорының кейбір нұсқалары «Дала уалаяты», Айқап», «Туркестанские ведомости», «Тургайская газета», т.б. мерзімді баспасөз бетінде жарияланып келді. «Образцы народной литературы тюркских племен» атты 10 томдық жинақтарында В.В. Радлов қазак, қырғыз, ұйғыр, өзбек, әзербайжан сияқты кептеген Тұркі тайпалардың әпостық жырлары мен ертегілерін молынан жариялаған. Сонымен қатар қазақ әпосы мен ертегілерін жинап бастыру ісінде башқұрт ғалымы, профессор Әбубәкір Диваевтың еңбегі де елеулі.
Осы аталған адамдар сол кезде Орынборда, Омбыда, Казаньда, Астрахань мен Ташкентте шығатын газет-журналдар бетінде қазақ ертегілерін үнемі жариялап отырады. Олар өздері жинаған ертегілерді не орысша, не қазақша бастырады, кейде бір тілде ғана шығарады. Ертегілерді қазақ тілінде шығаратын болса (тілі қазақша әрпі орысша), онда қысқаша мазмұнын орысша аударады. Бұлардың жинаған материалдары өткен ғасырдың бесінші жылдарынан бастап, «Дала уалаяты» газетінде, Торғай облыстық ведомосында», «Ақмола облыстық ведомосы, «Орынбор газетінде», «Орынбор губерниялық ведомосы, «Астрахань газетінде» т.б. үзбей басылып тұрады. Қазақ ауыз әдебиетінің, соның ішінде ертегілердің көптеген үлгілері, әсіресе, Омбы мен Орынборда шығатын газеттерде молырақ жарияланады.
Жоғарыда аталған адамдардың ішінен қазақ ертегілерін жинап бастыруда айтарлықтай еңбек еткендер - А. Алекторов, Пантусов, А. Васильев, Б.Дауылбаев, М. Досымбековтар. Олар ел арасынан жинаған материалдарын төрт-бес газетке бастырып отырған және жеке жинақ етіп те шығарған. Мысалы, Алекторовтың жинаған ертегілері Омбы, Астрахань, Орынбор газеттерінде үнемі жарияланып келген және ол бір ертегіні бірнеше жерде бастыратын болған. Кейіннен ол өзі жинаған ертегілерін кітап етіп 1898 жылы «Киргизская хрестоматия» деген атпен екі тілде Орынборда шығарған.
Қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін ел арасынан жинау ісіне белсене араласқан және бұл жөнінде асқан үкыптылық жасаған адамның бірі Н. Пантусов болды. Ол жетпісінші жылдардан бастап қазақ елінің көп жерін аралайды, қазақ тілін үйренеді және жүрген жерінде ауыз әдебиеті нүсқаларын жазып алып отырады, жинаған материалдарын орыс тіліне аударады. Оның материалдары, көбінесе, «Дала уалаяты» газетінде (орысша аты «Киргизская степная газета») екі тілде үзбей жарияланып Тұрады. Кейіннен ол «Қазақ-қырғыз» тілін үйренушілерге көмекші материалдар» және «Қазақ халық әдебиетінің үлгілері» деген атпен 1899-1909 жылдар арасында (әрпі орысша, сөзі қазақша) жеті жинақ шығарады. Олары Қазан қаласында басылады. Бұл жинақтарға казақ ертегілерінен көп материалдар енеді.
Қазақ ауылдарын көп аралаған, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, баспа жүзіне шығаруда бірсыпыра еңбек сіңірген адамның бірі -А. Васильев. Оның жинаған материалдары «Дала уалаяты» газеті мен «Торғай облыстық ведомосында» екі тілде үзбей басылып Тұрады және «Қазақ ауыз әдебиетінің үлгілері» деген атпен 1897 жылы «Торғай облыстық ведомосының елу шақты нөмірінде көптеген ертегілер басылады. А. Васильев жинаған «Үлгілер» 1896 жылы Орынборда (сөзі қазақша, әрпі орысша) жеке кітапша болып шығады. 1900 жылы «Дала уалаяты» газетінде «Бозжігіт», 1901 жылы «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жарияланды. Бұл екеуін де жинап, газетке бастырған А.Васильев болды. Қазақ ертегілерін жинау, баспа жүзіне шығару жөнінде советтік дәуірде бірсыпыра жұмыстар істелді. Егер Октябрь революқиясына дейін бұл істі жеке адамдар ғана жүргізсе, советтік дәуірде оған ғылыми-зерттеу мекемелері қатысады, мемлекет тарапыпан каржы бөлінеді. Мүнымен қатар, советтік дәуірде қазақ ертегілері орыс тіліне аударылып бірнеше рет жеке жинақ болып шықты. Бұл жөнінде қазақстандық жазушы Л.В.Макеев пен профессор В.Д.Сидельниковтың еңбектерін айрықша атауға болады.
Октябрь революқнясына дейін қазақ ертегілерін ел арасынан жинап алушылар болса да, оны ғылыми тұрғыдан баяндайтын үлкенді-кішілі еңбектер болмады. Бұл ретте Потанин, Васильев, Диваев, Мелиоранский т.б. бірен-саран ғана мақалалар жазып, пікірлер айтқан. Олар көбінесе қазақ ертегілерін жинау керектігін сөз етті.
Қазақ фольклоры Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, А. БайТұрсынан, сондай-ақ М.Әуезов, С. Сейфуллин еңбектерінен де мол орын алғаны бар. Алайда 30-40 және 50-жылдары казақ совет әдебиетінде халық мұрасынан безу, оның басым көпшілігі байлар мән үстем тап өкілдерінің ықпалынан туған шығармалар деп түсіну бел алды.
Алпысыншы жылдары Қазақ ССР Ғылым академиясының әдебиет және өнер институты қазақ ертегілерінің екі томдық жинағын жарыққа шығарды. Бұл іске дайындық жұмысы 1945-1946 жылдарына жасала бастағанды. Алайда 1947 жылғы партия қаулысына байланысты бұл игі бастама аяқсыз қалған еді.
Кейінгі кезеңде қазақ ертегілерін зерттеуге М. Әуезов, Қ. Жұмалиев, Е.Ысмайыловтар белсене араласты. М. Ғабдуллин, Б. Кенжебаев, Х.Сүйіншәлиев, С. Садырбаев, С. Касқабасовтардың қосқан үлесі де елеулі.
Қазақ ертегілерінің қай түрі болса да замана елегінен өтіп, халық санасына сіңіп кеткен сюжеттер. Онда бір елден екінші елге ауысып, төл сюжет болып жүрген мотив-образдар да аз емес. Ертегінің түтынушылары қоғамның түрліше тобынан шыға береді. Төменгі тап ортасынан шыққан ертегілерде сатира, демокартия сарыны елеулі болатынын кезінде М. Әуезов жақсы айтқан болатын. Сонымен бірге қазақ ертегілерін тек қана феодализм дәуірімен түйықтап, оны 1868 жылғы реформадан да кейін туғызу ертегі генезисін кенжелету ме дейміз. Шыншыл ертегілер антифеодалдық сарында болған десек, сол жеткілікті.
Қазақ ертегілерін тақырыбына қарай бірнеше топқа бөлуге болады. Олар: а) мифологиялық (қиял-ғажайып) ертегілер; ә) хайуанаттар (жан-жануарлар) жайындағы ертегілер; б) реалистік (Тұрмыс-салт) ертегілері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет