Диплом жұмысы оған қойылатын талапқа сай орындалды және бітті


-топ оқушыларына, мәтіндегі сан есімді табыңдар! Соңынан бір-біріңнің қателеріңді тексеріңдер; 2-топ



бет76/93
Дата19.04.2024
өлшемі1.99 Mb.
#499246
түріДиплом
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   93
Дип.-Бастауыш-мектепте-сөз-тіркестерін-оқытудың-әдістемесі

1-топ оқушыларына, мәтіндегі сан есімді табыңдар! Соңынан бір-біріңнің қателеріңді тексеріңдер;
2-топ оқушыларына мәтіннен сан есім Тұрлерін тап.; Антоним сөздерді байланыстыра отырып, сөйлем құрату;
II. Оқушылардың сөз мағыналары туралы ұғымдарын тереңдету.
Бү_л мақсатты орындау барысында мұғалім екінші сабақта пайдаланған плакаттарды оқушыларға қайта көрсетіп, сол түста берілген ұғымды пысықтайды:
Қүстар: қарлығаш, қарға, торғай, жапалақ.

Ыдыстар: қасық, ақ қүман, тәрелке, табақ.
Оқу құралдары: кітап, дәптер, сызғыш, пенал, қалам.
Сөздердің мағыналарына қарай топтауын оқушылар естеріне түсіріп болған соң, олардың назары тақтадағы басқа кестеге аударылады:
Қой, ешкі, сиыр, жылқы, түйе - үй жануарлары.
Қоян, аю, қасқыр, арыстан - аңдар
Жамал, Дәулет, Ержан - оқушылар.
Тапсырмалар:

  1. Оқушылар дәптеріне алдымен кім? деген сұраққа, кейін
    Қанша? деген сұраққа жауап беретін сөздерді тауып, көшіріп жауы
    керек.

  2. Алдымен не? деген сұраққа, содан соң нешінші ? деген
    сұраққа жауап беретін сөздерді тауып, көшіріп жауы керек.

Бұл жаттығулардың оқушылар бірнеше заттың не жан-жануарлардың немесе адамдардың жалпылама атауына «кімдер?» деген сұрақ қойылатын біледі. Енді мұғалім оқушылар түсінген осы ұғымды орнықтырып. Оларды сөз мағыналарына қызықтыра түсу мақсатымен жаттығуларды Тұрлендіре түседі. Ол үшін тақтадағы кестені алып қойып, жаттығуды өз бетінше орындау тапсырылады.
Жаттығу №1. Көп нүктенің орнына керекті сұрақты қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.
Үй жануарлары: ...
Аңдар: ...
Оқушылар: ...
Осы үлгіден жаттығулар бірте - бірте күрделене түседі. Енді оқушылар тапсырылған жұмыстағы керекті сөздерді ойлап табулары қажет.
Жемістер: (нелер?)...
Өсімдіктер: (нелер?) ...
Машиналар: (нелер?)...
Балалар: (кімдер?)...
Жаттығуларды орындап болған соң, жеке затты (жан-жануарды, адамды) білдіретін сөдерге кім? деген сұрақтар қойылатыны, .ал бірнеше заттың жалпылама атауын білдіретін сөздерге кімдер? нелер? деген сұрақтар қойылатын тағы бір рет түсіндіріледі.
Сабақтың қорытындысы ретінде тағы бір жаттығу (мысалы, оқулықтағы 154-жаттығу) орындатуға да болады. Сондай-ақ мына үлгідегі жаттығуды ауызша орындатса да артық емес:
Сөйлемдерді оқыңдар. Асты сызылған сөздерге сұрақ қойыңдар. Олардың орнына төменде берілген сөздердің тистісін

қойып, сөйлемдерді көшіріңдер. Сол алған сөздеріңе де сұрақ қойыңдар.
Біз тауға шықтық. Мұнда жауқазын, бәйшешек, қызғалдақ өседі екен. Алыстан бәрі көрінеді. Үлкен жолдың бойымен төрт автобус, бес трактор, бір такси кетіп барады. Асан, Сәуле, Мұрат гүл терді.
Берілген сөздер: балалар, гүлдер, машиналар.
III. Оқушылардың байланыстырып сөйлеуін дамыту.
«Біздің көше» деп аталатын сурет бойынша әңгіме. (Мұғалім өз мүмкіндігіне орай басқа суретті пайдалануға да болады.)
Суреттің мазмұны: Көше. Қаз-қатар тізілген үйлер. Тал, қайын, теректер өсіп Тұр. Көшеде әртүрлі машиналар өтіп барады. Арқаларына сөмке асынған екі бала мектептен қайтып келеді.
Ең алдымен, әдеттігідей балаларға ат қойылады. Содан соң сурет бойынша мұғалімнің көмегімен оқуышлар ауызша әңгіме құрастырады.
Мұғалімнің сұрақтары

  • Суретте не бейнеленген?

  • Көше бойыда нелер бар?

  • Ағаштарды жеке — жеке атаңдаршы?

  • Жол бойымен нелер кетіп барады?

  • Сабақтан қайтып келе жатқан кімдер? т.б.

  • Неше бала кетіп бара жатыр

ІҮ. Үйге тапсырма: «Біздің көше» деген тақырыпқа өз көшелерің туралы 4-5 сөйлемнен әңгіме жазып келіңдер. Әңгімелерінде кім? не? кімдер? нелер? деген сұрақтарға жауап беретін сөздер болсын.
Қорыта айтқанда бұл сабақтар бастауыш мектепте сан есімді оқыту сабақтарының үлгілері ғана. Бастауыш мектепте сан есімді басқа сөз таптарымен байланыстыра оқыту арқылы біз оқушыларға барлық сөз таптары жөнінде мағлұмат береміз.

Қорытынды
Қоғамның ғылыми-техникалық, әлеуметтік- әкономикалық
даму үрдісі мектепке өскелең үрпақты интеллектуалдық, білімдік,
жек тұлғалық қабілеттерін барынша терең де жан-жақты дамытып,
шығармашыл ойлай алатын болуын талап етуде. Осы талапты
орындауда қазіргі кезеңде орта білім беретін мектептердің
әдістемелеріне түрлі жаңа технологиялар мен әдіс- тәсілдер көптеп
оқыту процесіне енуде. Мұның өзі оқушыларға деген көзқарасты
түбегейлі өзгертті. Қазір оқыту процесінде мұғалім мен оқушы
арасындағы іс-әрекеттер репродуктивті әдіспен ғана шектеліп, «
таратқыш-қабылдағыш » тұрғыда қалыптаспай, мұғалім мен оқушы
арасынлағы қарым-қатынас «тұлға-тұлға » күйінде өзара сыйласым-
дылыққа, сенімділікке негізделген. Мұнда оқушы оқыту үрдісінде тек
дәлелденген, қатып қалған білімдерді ғана игермей, өзіндік мақсатты
іс-әрекеттер жасай алатын, өз ой-пікірін айтып, оны дәлелдей алатын
болуы қажет. Қандай да болмасын оқыту процесі оқушыға арналған.
Демек оқушының бойында қалыптасқан дағды мен біліктерінің,
меңгерген білімдерінің қай деңгейде қалыптасқандығына қарай оқыту
үрдісінің нәтижелігі шығады.Бұл мәселе турасында қазақ тілін оқыту
әдістемесінің негізін қалаған Ы.Алтынсариннің пайымдауы бүгінге
дейін өз қүнын жоймаған: « Мұғалімнің жұмысы — балалар. Егер
балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы олардың көкейіне
қондыра алмағаны үшін өзін-өзі кінәлауға тиіс. Ол балалармен
сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлесуі, шыдамдылық етуі керек,
әрбір нәтижені ықыласпен түсінікті етіп, түсіндіруі керек, мәнерсіз
сөз, орынсыз терминдерді пайдаланбау керек » Бұл жерде оқушының
білім деңгейі мұғалімнің жылы дүсінікті сөзімен қатар оның
педагогикалық заңдылықтар мен ережелерді, оқыту әдістерін
қаншалықты білгеніне де байланысты. Сондықтан да болар соңғы
кездері қазақ тілін жаңа технологиялармен ( деңгейлеп,
саралап оқыту технологиясы, оқушыларды ізгілендіре оқыту технологиясы т.б.) оқытудың әдіс-тәсілдері ( инновациялық әдіс, қатысым әдісі т.б.) арқылы оқыту жұмыстары зор қарқынмен жүруде. Мұның барлығы оқушының қазақ тілінде жатық, таза сөйлеу қабІлеттері мен білімін тереңдетуге, қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесінде өркендетуге арналған. Сондықтан « Қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесінде бекіту — қазақ тілін жан-жақты жұмсай алу үшін күрес»- деген академик Р.Сыздықованың тұжырымын іс жүзіне асырып, қазақ тілін оқыту мәселесін заман талабына сай үнемі жетілдіріп, жаңартып отыру қажет.
Мұғалімнің оқушыға сапалы білім беру дәрежесі сабақты үйымдастыру жолдарын білуімен тікелей байланысты. Күнделікті бір

сарынды, бір ғана әдіспен өтілген сабақтар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын кемітіп, оның білімді игеру қабілеттерін төмендетеді.Сондықтан да әрбір сабақта оқушыларды қызықтыратын, сабақта белсенділігін арттыратын түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану қажет. Оқытушы бастауыш сынып оқушылардың сабаққа деген құлшынысын, оқу мотивтерін туғызуда кеңінен пайдалануы керек. Әрбір сабақта оқу мазмұнын жаттығуларға, тақырыпқа байланыстырып кіріктіруі, оларды өзара біріктіруі тиіс. Бұл — сан есімді оқыту арқылы оқушыларға сапалы білім,саналы тәрбие беруді жетілдірудің негізгі бағыты.
Қорыта айтқанда бастауыш мектепте сан есімді оқыту әдістемесінің тиімділігін атай отырып, төмендегідей қорытынды шығаруға болады:
1) Сан есімді оқыту тапсырмалары арқылы меңгертуде
оқушылардың тереңдейді;
2) Сан есімді оқыту тапсырмаларын қолдану арқылы
бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту сапасын арттыруға болады;

  1. Оқушылардың сан есімді оқыту тапсырмалары арқылы тіл
    мәдениетін, сөздік қорын жетілдіруге болады;

  2. Бастауыш сынып қазақ тілі сабағында сан есімді оқыту
    тапсырмаларын қолданудың педагогикалық, психологиялық
    негіздерін айқындау тапсырмаларды жан-жақты сапалы пайдалануға
    әсер етді;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет