Диплом жұмысы оған қойылатын талапқа сай орындалды және бітті



бет73/93
Дата19.04.2024
өлшемі1.99 Mb.
#499246
түріДиплом
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   93
Дип.-Бастауыш-мектепте-сөз-тіркестерін-оқытудың-әдістемесі

Қосымша тапсырмалар:

  1. Жаз мезгілін суреттеп жазыңдар.

  2. Табиғатты суреттеген қандай өлеңді білесіндер.

  3. Монологты сөйлеуді диалогты сөйлеуге қалай айналдыруға
    бола-ды.

  4. Мәтіңді өз сөзінмен айтып беріңдер.

Берілген жаттығулар оқушыларға көп қиындықтар туғызды. Себебі, сабақ барысында оқушылар өздерін еркін үстау, өз ойларын дәлелді Тұрде түсіндіру дағдылары қалыптаспағандықтан, мәтінді игеру деңгейлері төмен болды. Мәтінде берілген ауыспалы мағынада қолданылған сөздер көп кездескендіктен және синоним сөздерге антонимдерді табуға ізденімдік дағдыларының жетілмеуіне байланысты оқушылар ірі қателіктерді көп жіберді.
ІҮ. Сабақты қорытындылау.
Сабақты қорытындылау кезінде мұғалім мысалдарды пайдалана отырып, сұрақ-жауап әдісі арқылы бүгінгі сабақта берілген ұғымдарды қалай түсінгенін тексеріп шығады.
Үйге тапсырма: 152-жаттығу.
Төртінші сабақ
Тақырыбы: Кімдер? нелер? Қанша? Неше? сұрақтарына жауап беретін сөздер.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өткен сабақтарда алған
түсініктері мен дағдыларын орнықтыру. Олардың сөз мағыналары туралы ұғымдарды тереңдетіп, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.
Сабақтың көрнекілігі: Үлестірмелі қима қағаздар, кестелер.
«Біздің көше» деп аталатын плакат.
Сабақтың барысы: I. Оқушылардың өткен сабақта лаған

түсшіктері мен дағдыларын орнықтыру.
Үйге берілген тапсырма тексеріліп, оқушылардың жіберген қателері (бәрі дұрыс орындалып келсе, жақсы жақтары) талданып болған соң, мұғалім өткен сабақта берілғен ұғымдарды мысалдар арқылы қайта бір айтып өтеді де, 153-жаттығуды орындатады. Содан соң әр оқушыға жеке - жеке қима қағаздар таратады.
Үлестірмелі қима қағаздар үлгілері:
№1. Көп нүктенің орнына тиісті сұрақтар қой.
Ай (...), жүлдыздар (...), аспан (...), ғарышкер (...), ғалымдар (...), т.б.
№2. Мына сөздердің қай дұрысының астын сыз. Оларды бөлек көшіріп, жанына тиісті сұрағын жаз.
1. терезедер 2. үшқыштар З.қүлыншақтар
терезедер. үшқышдар қүлыншақдар
№3. Әңгімені оқып шығып, асты сызылған сөздерді бөлек көшіріп жазыңдар. Оларға сұрақ қойыңдар.
Асқар ауылда тұрады. Оның бес қозысы бар. Қозылар өте сүйкімді. Олар қойлар өрістен келгенше, Асқардың жанында болады. Асқар оларға шөп береді. Ауылдағы балалар Асқарға қызығады.
№4. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жаз.
Тас(не?) ...(Қанша?)
кеме (не??) ...(Қанша?)
жылқы (не?) ...(Қанша?)
бақташы (кім?) ...(Қанша?)
Мал баққанға бітеді.
Атам Русланға кішкентай қозы сатып әперді. Қозысы сүйкімді, бір орнында тыныш тұра алмайтын еді. Руслан қозысына күнделікті шөбін, суын беріп, астын тазалап Тұратын. Русланның қозысын көрген көршісі Асан атасына қылқылдап жүріп ол да бір қозы алды. Қозысын бір апта қарағаннан кейін Асанның қызығы басылып, далаға ойынға кетуді әдетке айналдырды. Екі аптадан кейін мүлде қозысын үмытып кетті. Асанның қозысы ауырып, өліп қалды. Атасы осы жөнінде айтып, Русланға ризалық білдіріп, «Мал баққанға бітеді»,- деді.

Бұл тәсіл оқушылардың тапқырлығын, еңбексүйгіштікке, бауырмалдыққа тәрбиелейді, нақты ой болжамын жетілдіреді. Оқушылардың осы ойын арқылы сөздік қоры молайып, байланыстырып сөйлеу қабілеттері дамыды. Мәтінді жоспарлау, қорыту, сөйлемдерді байланыстырып жазу дағдылары жетілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет