ә) Берілген бір сөзді қатыстырып мақал құрау тәсілі.
«Мақалды тап» ойыны
Мұғалім сынып оқушыларын екі топқа бөледі. Әрбір топтың алдына келіп, бір сөз айтады. Қай топ осы сөз кіріктірілген мақал-мәтелдердерді көп тапса, үтқан болып есептеледі. Мысалы, мұғалім бірінші топтың алдына келіп, тіл деді, оқушылар тіл туралы мынадай тақпақтар айтты.
Өткір тіл - дарын
Үзын тіл - жауың.
Тіл — тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады.
Келісті сөз алтын
жемісті жұмыс алтын.
Тоқсан ауыз сөздің
Тобықтай түйіні бар т.б.
Мұғалім екінші топтың алдына келіп, еңбек деді. Оқушылар еңбек туралы бірнеше мақал-мәтелдер айтты:
Ердің атын еңбек шығарар,
Еңбек мүратқа жеткізер,
Жалқаулық абыройды кеткізер.
Еңбегімен танылсын,
Ердің алтын тұлғасы.
Еңбекті сүйгенді ел сүйеді.
Егін ексең, тыңға,
шықтым дей бер шыңға т.б.
Осындай ойындар арқылы оқушылар сөз қадірін түсінуге дағдыланып, сөздік қорлары молаяды. Мақал-мәтелдерді табу, оқушылардың тілін дамытумен қатар олардың әсерлі сөйлеу дағдыларын да қалыптастырады. Оқушылардың сөйлеу тілінде мақал-мәтелдер көп болса, олардың тілдік қарым-қатынасқа түсу Тұрткілері артады. Сөйлеушінің сөзінде орынды қолданылған мақал-мәтелдер тыңдаушыға да әсер етеді. Нәтижесінде сөйлесіп Тұрған адамдардың арасында жағымды жағдай қалыптасады.
б) Мақал-мәтелдердегі түсіп қалған сөзді орнына қою
тәсілі
«Сөзді тап» ойыны
Мұғалім оқушыларға бір сөзі түсіп қалған мақал-мәтелдерді таратып берді. Мысалы, Су ішкен ... түкірме. Ауру қалса да ... қалмайды. Қайтып кірер ... қатты жаппа. Екі ... таласса, бір қарғаға жем болар. Бірлік түбі - ... тірлік. Тозған ... топтанған қарға алады деген мақал-мәтелдер жазылған кеспе қағаздарды оқушыларға таратып береді. Әрбір оқушы өз кеспе қағаздарындағы мақалдардың қалып қойған сөздерін тауып дәптерлеріне жазуға тиіс. Мұғалім орындаған жұмыстарын тексеріп, бағалайды. Дұрыс әрі жылдам орындаған оқушы ұтқан болып есептеледі. "
Бұл ойыннан кейін оқушыларда сөздерді дү-рыс қолдану дағдылары жетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |