Диплом жұмысы оған қойылатын талапқа сай орындалды және бітті



бет60/93
Дата19.04.2024
өлшемі1.99 Mb.
#499246
түріДиплом
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   93
Дип.-Бастауыш-мектепте-сөз-тіркестерін-оқытудың-әдістемесі

1. Оқытудың ғылыми принципі бойынша оқушыларға сан есімді оқытуда берілетін білімдік, танымдық материалдар қазақ лингвистикасының қол жеткізген үхтанымдарына сай болуы керек. Оқулықта берілген материалдар ғылыми стильмен оқушыларға түсінікті етіп жазылуы қажет. Бұл үшін оқушыларға игертілетін білімнің дәлдігі, тақырыптар мен терминдердің анық болуы талап етіледі. Сондықтан бастауыш сыныпта қазақ тілін меңгертуде тілдік
материалдар тіл біліміне сүйеніліп сүрыпталды. Бү_л жерде екі талап орындалуы қадағаланды. Біріншісі, сан есімді оқыту арқылы тілдік материалдар білім стандартында белгіленген міндетті деңгейден жоғарылатып берілді, қазақ тілі сабақтары тереңдетіліп оқытылды. Мысалы, бастауыш сынып қазақ тілі оқулығында синонимдер туралы түсінік қалыптастыру барысында синоним сөздердің мағыналық реңктері әр түрлі болатынын, ару, сүлу, ажарлы, көрікті, келбетті, көркем, сүйкімді сөздерінің өзара мағыналас болатынын түсіндіре
келе, ару сөзінің мағыналық дәрежесі басқа сөздерге қарағанда жоғары екендігін жан-жақты мысалдар арқылы үғындыру балалардың білімі оқулық көлемінде қалмауына әсер етіп, шәкірттердің пәнге қызығушылықтарын оятады. Екіншісі, бастауыш мектепте қалыптасқан тілдік білімдері жетілдірілдіОсыған орай оқушылардың сөз таптары мен сөйлем туралы теориялық және практикалық дағдылары мен біліктерін еске түсіріліп отырылды. Әрбір сабақта сан есімді өткен кезеңде уақыт өлшеміне байланысты
бір-екі мысалдар арқылы қайталанды. Бұл оқушылардың тілдік дағдыларын еске түсіруіне көмектесумен қатар оларды сөздерді дұрыс тіркестіруге, сөйлемді нақты құрауға үйретті. Сондықтан мұғалімдерден оқушылардың игерген білімдерін практикада жиі қолдануына жағдай жасауы талап етілді. Бұл балалардың танымдық, білімдік қабілеттерін жетілдіреді.
2. Оқытудың жүйелік принципі дегеніміз оқушыларға сан есімді оқытуда игертілетін білім, дағды және біліктер өзара ішкі тәртіппен бір-бірімен сабақтаса байланысып, тілдік материалдарды белгілі бір ретпен берілуі. Бұл жалпы білім беретін бастауыш мектептерде оқытылатын қазақ тілінен меңгертілетін тілдік материалдардың бір-бірімен тығыз байланыста, бір жүйеге біріктірілгендігін көрсетеді. Қазақ тілін меңгертуде жүйелік принципі, біріншіден, сан есімді оқыту тапсырмалары қазақ тілі оқулығында берілген тақырыптар мен білім мазмұнына сәйкестілігімен, екіншіден, сан есімді оқыту тапсырмаларды орынды қолдануымен, үшіншіден, оқушылардың сөйлеу тілі, шығармашылдық қабілеттерінің біртіндеп дамуына сай етіп құрастырылуымен анықталады.
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет