Тура немесе мол ұйқас. Бұл кезеңде бас үлкен ақын жас ақынға тілге тез оралатын, өлең сөзде көп ұшырасатын, бір сөзбен айтқанда күрделі емес тура және мол ұйқасты ұсынады. Мұндай ереже жас ақынды тәрбиелеуге, жұрт алдына шығарып, жолын ашуға үлкен айтыс өнеріне төселу үшін жасалатын оңтайлы тәсіл.
Тар немесе сирек ұйқас. Ұста ақын өз қарсыласын сөзден сүріндіріп, аяғын тұсау үшін оның есіне дереу түспейтін сирек кездесетін күрделі ұйқасты ұсынып сынайды. Әріптестер бір-бірінің өлеңді қиыстырып қиыннан өре алатын хас шебер екенін осындай сыннан өту арқылы ел алдында дәлелдейтін жауапты кезеңі болып табылады. Бұл кезеңде айтыскерлер бір-бірлеріне шеберлік, жылдамдық, жүйріктік, алғырлық көрсетулері үшін психологиялық шабуыл да жасайды. Жабық және тар ұйқастар көбінде шебер айтыскерлер жағынан жас айтыскерлерге қарсы олардың деңгейін білу, немесе сабақ беру, айтыскерліктің ауырлығын көрсету үшін ұсынылады.
Сонымен қатар айтыскерлер арасында шеберлік көрсету үшін үштік, төрттік ұйқастар да қолданылады. Бірақ бұл ұйқастың қызметі өте көп. Бұл себепті айтыскерлер бұл түрді көп қолданбайды.
Айналмалы ұйқас. Бұнда шумақтың соңғы жолындағы ұйқас келесі шумақтың аяғында алмакезек қайталанып отыруға тиіс. Айналмалы ұйқастарда ұйқасты қалыптастырған сөз өлең бойында әлденеше рет қайталанады
Қисынсыз аяқталған ұйқастар. Бұл айтыстағы өлеңде қолданылған ұйқастар мен ұғымдар логикалық тұрғыдан сырттай қарағанда қайшылықты болып тұрғанымен пәлсапалық терең мағына береді, іштей бір-бірімен берік үйлесіп тұрады. Айтыс «біреу не? екеу не? үшеу не?» деген күрделі сауалдарға жауап беруге құрылып, ақынның ойшылдығын, дүниетанымының зеректігін көрсетеді. Бірақ бұл көбінде жазба ақындар тарабынан айтысқа көшкен күрделі түр, сол себептен көп тарала қоймаған
Қайталама ұйқас. Айтыскерлер өлеңінде шумақтардың төртінші жолдары тұтастай қайырма болып қайталана беретіндіктен шыққан атау. Дәстүр ішінде қызметі өте оңай болғандықтан көп мөлшерде мысалдар табылады. Бұндай ұйқастар айтыстың кіріспе сәлем беру бөлімдерінде ерекше қолданылады.
Түрік айтысының кезеңдеріне тоқталсақ төмендегідей:
I. Қарсы алу
II. Еске түсіру
III. Дидарласу
Дидарласу бөлімін ішінара төмендегі кезеңдерге бөлуге болады:
1. Бастау (Ұйқас беру).
2. Үгіттеу-насихаттау
3. Жұмбақ айтыс
4. Наразылану
5. Өтірік өлең
6. Мазақтама
7. Түкетмеже
8. Қоштасу [30, Б. 47-77]
Бірақ ақындар айтысы осы тәртіпке, бұл жүйелеуге қатаң бағынып, әрдайым үйлесе бермейді. Сәлем беру бөлімі кейде тек қана ресми мекемелердің кештерінде өткізіледі. Сонымен қатар еске түсіру және әңгімелесу бөлімдері жалпы айтыстардың барлығында кездеседі деуге болады Дидарласу-әңгімелесу бөлімінде орын алған көпірту мен шығарып салу бөлімдері көбінесе айтылмайды. Қазіргі айтыста наразылану және жұмбақ бөлімдері болса еш қалмағандығын айта аламыз [34, 211-б.].
Енді осы айтқан жайттарға тоқталып талдасақ.
Достарыңызбен бөлісу: |