Диплом жұмысының өзектілігі. Тіл адамзат қоғамында қатынас құралы, сөйлесім пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқаратын құбылыс, біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. «Тілсіз ұлт құрымақ»



бет1/29
Дата21.05.2022
өлшемі492.5 Kb.
#458483
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Дип. Сөз тіркесі


Мазмұны
Кіріспе ……2-3
I Сөз тіркесі синтаксисі туралы түсінік......................................................................4-7
II Қазақ тіл білімінде сөз тіркесінің зерттелу тарихына шолу............................8-15

  1. Сөз тіркестерінің байланысу формалары........................................................16-18

  2. Бастауыш мектепте сөз тіркесін оқыту жолдары............................................19-38

Қорытынды …..39-40
Пайдаланған әдебиеттер тізімі …...40-43



Кіріспе
Диплом жұмысының өзектілігі. Тіл - адамзат қоғамында қатынас құралы, сөйлесім пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқаратын құбылыс, біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. «Тілсіз ұлт құрымақ» (Ахмет Байтұрсынов). Тіл адамзат қоғамының өмір сүруінің қажетті шарты. Екіншіден, тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғам - тілдің өмір сүруінің шарты. Қоғамның өмір сүруі үшін, тіл қаншалықты қажет болса, тілдің дамып өркендеуіне қоғам да соншалықты қажет.
Тіл - тірі тарих. Себебі онда халықтың ғасырлар бойы жинақтаған іс-тәжірибесі мен даналығы бар. Сананың аздығы мен көптігіне қарамай, әрбір халық өз тілінде асыл армандары мен әсем жан дүниесі, барша жақсылық атаулығы құрметін адамзат бақытына кесір келтіретіндерге лағынетін бейнелеген. Тіл — оны жасаушы халықтың тарихи шежіресі, бүкіл өмірдің жаңғырығымен мен ізі, арманы мен алдағы үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні естіліп тұрады. Мағжан Жұмабаев тілдің осы бір қасиеттері жайында былай дейді: «Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түнде тымық, біресе құйынды екпінді тарихы сар далада көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінді - бәрі көрініп тұрады»
Демек, айтылғандардан шығатын қорытынды, тіл - адам қоғамның рухани өмірінде объективті тіршілік ететін, қарым - қатынас құралы Тіл негіздерін бастауыш мектепте бір-бірімен тығыз байланыста, тіл білімнің қайнар көзін сөйлесім құралы ретінде оқытудың маңызы ерекше. Осындай оқыту процесі арқылы балалар өз сөздерін еркін құрастырып, өз ойын анық, дәл жеткізеді. Соңдықтан, бастауыш сыныптарда сөз тіркесі туралы ұғым беру арқылы біз оқушылардың сөз бен сөйлем туралы білімдерін дамытамыз. Қазіргі заман бастауыш мектепке арналған оқулықтарда сөз тіркесі туралы мағлұматтар аз берілген. Мұндай құбылыс қазақ тіліне арналып шыққан соңғы екі ғасыр уақытқа тән. Оқулықтың сапасы оның методикалық негізіне байланысты, сондықтан оқулықтар алдыңғы қатарлы методикалық жетістіктерге сүйеніп жазылады. Біздің ойымызша сөз тіркесінің ерекшеліктерін анықтап, оны дұрыс тани біліп, сөз тіркесінің өзіне ұқсас тілдік құбылыстарын ажыратып, оның басты қасиеттерін нақтылай түсу қазақ тілі оқыту процесінде жүргізілетін практикалық жұмыстардың түрлеріне, мазмұнына, тиімділігіне байланысты. Аталған тілдік құбылысты игерту оқушының логикалық ойлау қабілетін, олардың ауызша және жазбаша тілін дамытуда маңызды роль атқарады. Қазақ тілі сабағында орындалатын практикалық жұмыстар негізінде оқушылар грамматиканың, оның ішінде синтаксистік құбылыстарды игере отырып, оны сөйлеуде, әр түрлі сөйлеу жағдаяттарында қолдана білуге дағдыланады. Оқушы алдымен тілдік жаттығулар орындау арқылы синтаксистік ұғымдар мен ережелерді, олардың тілде дұрыс қолдану ерекшеліктерін меңгереді. Осы тұрғыдан тақырып өзекті. Бұл тақырып жөнінде бүгінгі таңға дейін ғылыми зерттеу жұмыстары орындалмаған. Сондықтан аталған диплом жұмысы алғашқы жұмыстардың бірі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет