Диплом жұмысының өзектілігі. Тіл адамзат қоғамында қатынас құралы, сөйлесім пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқаратын құбылыс, біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. «Тілсіз ұлт құрымақ»



бет2/29
Дата21.05.2022
өлшемі492.5 Kb.
#458483
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Дип. Сөз тіркесі

Диплом жұмысының мақсаты. Бастауыш мектеп оқушыларына сөз тіркесі туралы ұғым беру, олардың сөйлеу тілін дамыту арқылы тілдік қабілеттерін жетілдіру.
Диплом жұмысының міндеттері:

  1. Бастауыш мектеп оқушыларына тілдік ұғымдарды түсіндірудің
    оңтайлы жолдарын анықтау;

  2. Шәкірттердің сөз тіркесін дұрыс қолдану дағдыларын
    қалыптастыру;

3. Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу тілін дамыту жолдарын
айқындау.
Диплом жұмысының нысаны болып Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту процесі алынды.
Диплом жұмысының әдістері. Жұмыста баяндау, талдау, салыстыру, сараптау, жинақтау, жүйелеу, қорыту әдістері қолданылды. Диплом жұмысы үш кезеңде жүргізілді.
Бірінші кезеңде диплом тақырыбына сай педагогикалық, лингвистикалық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалынды. Осының негізінде диплом жұмысының мақсаты, нысаны анықталды. 5-сынып қазақ тілі сабағында оқушылардың сөз тіркесін оқыту тәсілдерін қолданудың міндеттері айқындалды.
Екінші кезеңде Бастауыш мектеп қазақ тілі сабағында оқушылардың сөйлеу тілін дамыту тәсілдерін қолданудың тиімді жолдары қарастырылды. Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту тәсілдерінің тиімді түрлері анықталып, жүйеге келтірілді. Оқыту процесінде оқушылардың сөйлеу тілін дамыту тәсілдерін қолдануды ұйымдастыру және тиімді пайдалану жолдары айқындалды.
Диплом жұмысының теориялық маңызы. Бастауыш мектеп қазақ тілі сабағында оқушылардың сөйлеу тілін дамыту тәсілдері арқылы оқытуға байланысты алынған ғылыми қағидалар мен тұжырымдар қазақ тіл білімі мен қазақ тілін оқыту әдістемесін теориялық тұрғыдан толықтырады.
Диплом жұмысының практикалық маңызы
Диплом жұмысында ұсынылып отырған әдістеме оқушылардың қазақ тілінен алған білімін тереңдетуге және тілдік материалдарды дұрыс игеруіне ықпал етеді. Диплом жұмысы мектеп мұғалімдеріне және қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеушілерге көмекші құрал бола алады. Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет