2-тапсырма. Мәтінді оқып, жазушының қай шыгармасынан үзінді екенін айтыңдар. Мәтіндегі сөз тіркестерін ауызша айтып беріңдер байланысу формаларын, тәсілін айтыңдар.
¥зын бойлы, аршын, ақ сұр жігіт шекпенінің бір жеңін беліне қыстырып, жерден шөп рып алып, алақанына үйкеп жіберді де, аспандағы бурашы шабынып шыға келді. Кеспектей дембел қара жігіт талтаңдай басып қарыс барды. Есік пен төрдей жерге келгенде, аңға шығатын жолбарыстай екуі де арбасты. (Ж.Аймауытов).
Мақсаты -
мәтінен сөз тіркесін тауып, байланысу формаларын, жасалу тәсілін анықтау, сын есімнің мәтінде қолданылу мақсатына назар аударту.
Міндеті - әдебиет пәнімен байланыстыра отырып, Жүсіпбек Аймауытовтың
творчествосын таныстыру, мәтіндегі сын есімдердің түрлеріне талдау жасату. Нәтижесі:
мәтінді түсініп оқып, оны қайтадан ауызша айтып беруге
тырысты;
сөз сөйлеудегі кемшілігін жоюға жаттықты;
ойлау қабілетін дамытты;
естігені, білгені жайындағы мағлұматтарды еске түсірді;
сын есімнің түрлерін қатыстырып, өз айналысындағы бір адамға
мінездеме беріп, сөзбен портрет жасауға дағдыланды.
Тапсырманың екі түрі берілді. Қалғандары қосымшада қамтылған.
3. Техникалық оқу құралдарын оқу үрдісінде пайдалану оқушылардың оқу белсенділігін арттырып, олардың пәнге деген қызығушылығын дамытады, мұғалімнің еңбегін жеңілдетеді.
Сөз
тіркесін, оны өзін ұқсас тұлғалардан ажырата білуде, сөз тіркесінің түрлерін, құрылысын, лексика-грамматикалық сипатын анықтай түсуде магнитафонды (үнтаспа) тиімді қолдануға болады. Сабақтың тиімділігін арттыру мақсатында мәтінді магнитофон арқылы тыңдатып, одан сөз тіркестерін теріп жазуды көздейтін терме диктанты жүргізілді.
Диалог немесе әр түрлі жағдаятқа берілген
мәтіндерді тындау арқылы, сөйлем құрауда сөз тікестерінің тақраып тұрған рөлін анықтау сияқты тапсырмалар орындатылады.
1. Сабақтың тиімділігін артыруда кодоскоптық (эпидоскоп) атқаратын ролі зор. Кодоскоп транспоранттары арқыдлы фотосурет, схема, сурет, грамматикалық кестелерді үлкейтіп көрсетуге болады. Мысалы, оқулықта берілген 22-24-беттегі схеманы, тілдік модельдерді кодоскоп арқылы көрсетуге болады. Сондай-ақ, кодоскопта сөз тіркесін меңгертуде мына жұмыстарды жүргізуге болады: