Диплом жұмысының өзектілігі. Тіл адамзат қоғамында қатынас құралы, сөйлесім пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқаратын құбылыс, біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. «Тілсіз ұлт құрымақ»


I. Сөз тіркесі синтаксисі туралы түсінік



бет3/29
Дата21.05.2022
өлшемі492.5 Kb.
#458483
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Дип. Сөз тіркесі

I. Сөз тіркесі синтаксисі туралы түсінік
Синтаксистің объектісіне сөз тіркесі, жай сөйлем, құрмалас сөйлем және күрделі синтаксистік тұтастық жатады. Соңғыны В.В.Виноградов «Завершающей частью грамматики» деп синтаксистің объектісіне жататын синтаксистік категориялардың барлық жиынтығын шоғырланған тобы деп берген болатын.*
Кейде осы күнге дейінгі синтаксистік категорияларды осы ретпен берумен бірге, керісінше, күрделі синтаксистік тұтастық, құрмалас сөйлем, жай сөйлем және сөз тіркесінің синтаксисі деп беру де кездеседі.
Әсіресе осы синтаксис салаларының ішіндегі соңғы кезде жан-жақты қолға алына бастаған синтаксистік объектінің бірі - сөз тіркесінің синтаксисі. Ш.Сарыбаевтың библиографиялық көрсеткіші бойынша сөз тіркесі синтаксисі жөнінде қазақ тілі және қазақ тілі мен басқа тілдерді салыстыру жайында 400-дей монография, оқулық және мақала жарық көріпті. Ол еңбектерде сөз тіркесінің теориялық мәселелері, сөз тіркесінің орыс тілі, ағылшын, неміс тілдерімен салыстырыла берілуі, тарихы сияқты мәселелер қамтылады. Бұл зерттеулерге қарағанда сөз тіркестерінің теориялық мәселелері жан-жақты зерттеу объектісі бола бастағанымен, сөз тіркестерін мектептерде оқу, яғни оны оқытудың методикасы бірер мақаланың төңірегінде ғана сөз болып отыр. Сондықтан да сөз тіркесіне қатысты методикалық мәселелер жан-жақты қарауды күтіп отырған күрделі мәселе. Сөз тіркесінің теориясында, Түркология еңбектерде бір ізге түспеген мәселелер баршылық..
Атап айтқанда, сөз тіркесі сөйлемде қолданыла ма, жоқ одан тыс категория ма, сөз тіркесінің номинативті, не коммунакативті мәні, сөз тіркесіне салалас, не сабақтас тіркестердің қатысы, олардың құрылысы, сөз тіркесінің сөйлемнен айырмашылығы сияқты мәселелері әлі де болса жан-жақты талдауды қажет етеді. Енді осылардың кейбіріне аздап тоқталуды жөн көрдік.
1. Сөз тіркесі сөйлемде немесе сөйлемнен тыс қолданыла ма? Деген мәселе төңірегінде де талас пікірлер кездеседі. Бұл мәселенің өзі тек Түркологияда ғана емес, орыс тіл білімінде де онша шешімін таба қойған жоқ. Дегенмен, орыс тіл білімінде В.Виноградов, В.Н.Ярцева, Д.Ю.Корбин, К.Н.Абервух, Түркологияда М.Балақаев, М.З.Закиев сөз тіркесі негізінде тек сөйлемде яғни сөйлемнің құрылыс материалы ретінде қолданылады деп дәлелдейді.
Шынында да, сөз тіркесі де сөз тәрізді қолданылады. Жалпы сөз лексиканың, семансиологияның, морфология мен синтаксистің объектісі екені белгілі. Егер сөз сол тілдік салалардың барлығына да қатысты десек, сөз тіркесін құраудың да басты тірегі. Сөйлемде үнемі жекелеген сөздер ғана емес, тіпті тұрақты тіркестер, (ТТ) күрделі терминдер (КТ) де сол сияқты өмір сүреді. Сондықтан да сөз де, ТТ, КТ де сөйлемде

қолданысы жағынан ұқсас. Олай болса бұл топтар сөйлемге материал. Әрбір сөз сөйлемде өзара мағыналас сөздермен өзара сөз тіркесін құрайды, сол топтардың жиынтығы сөйлем құраудың негізгі материалы болып табылады. Сөз тіркесінің сөйлемде құрылыс материалы өзі, оның ажырамас бір бөлігі ретінде қолданылатынын, сөйлемнің ойды білдірудегі алғы шарты сөз тіркестері арқылы жүзеге асатынын көрсетсе керек. Мұның өзі сөз тіркесінің тек сөйлемде жұмсалатындығының негізі шарты. Әрине мына нәрсені де еске алған жөн. Сөйлем үнемі бірнеше сөз тіркесінен құрала бермейді. Сөйлем жеке сөзді де, екі сөзді де бола береді. Әрине, ол сөйлемнің негізгі құрылымдық ерекшелігінен туады, жалпы сөз де, сөз тіркесі де бір-бірімен тығыз мағыналық байланыста келіп, тек сөйлем ішінде сөйлем құрауға материал болады. Сонымен, сөйлемдегі сөз тіркесінің қалыптасуының өзі сол сөйлемді құрайтын әрбір сөздің келесі бір сөздермен қарым-қатынасының, мағыналық бірлігінің айқындалса керек.
Сөйлемдегі сөздер дара-дара, дара сөз бен күрделі сөз немесе күрделі сөз бен күрделі сөз болып келеді. КТ мен ТТ де басқа сөздермен мағыналық байланысқа түсіп, сол тобымен бір ырғақты топ құрай келіп, сөз тіркесінің де, сөйлемның де аясын кеңейтеді. Бұдан шығатын қорытынды - сөйлем үнемі тек сөз тіркестерінен құрала бермейтін де жайттар бола береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет