Диплом жұмысының өзектілігі. Тіл адамзат қоғамында қатынас құралы, сөйлесім пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқаратын құбылыс, біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. «Тілсіз ұлт құрымақ»



бет6/29
Дата21.05.2022
өлшемі492.5 Kb.
#458483
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Дип. Сөз тіркесі

4. Сөйлемдегі сөздердің байланысы. Сөйлемдегі сөздер сабақтаса және салаласа байланысады. Жалпы тіл мамандарынның арасында сөздердің сабақтаса байланысын сөз тіркесіне жатқызу туралы пікір таласы болмаса керек. Соңғы кезде сабақтаса байланысқан топтен бірген салаласа байланысқан сөздер тобын да сөз тіркесіне жатқызу жағы көріне бастады.
Егер, сабақтаса байланысқан сөз топтары құрамындағы сөздердің біріне-бірі бағына байланысып, олардың синтаксистік қызметі мен мағыналық тобы, әр түрлі сөз таптарынан жасалуы сөз болып келсе, салаласа байланысқан сөздер тобын сөз тіркесіне дейін ғалымдар: олар тең дәрежеде әрі жалғаулы, әрі жалғаусыз болады деп, Асан мен Үсен, жазушы мен оқушы, жақсы мен жаман, әрі оқыды әрі жазды сияқты екі сыңары да бір ғана сөз таптарынан жасалған топты жатқызады. Сөз тіркесі салаласа да байланысады деушілер сөз тіркесін басқаша түсінеді. Неге сөз тіркесіндегі сөз тек сабақтаса байланысады дейміз?
1. Сөз де ондай тіркесу нәтижесінде жаға грамматикалық мағыналар пайда болады. (анықтауыштық, пысықтауыштық, толықтауыштық). Сол мағыналар тек сабақтаса байланысқан сөздерде ғана пайда болады.Ондағы сөздер бір-біріне бағынады. Ал, салаласа байланысқан сөздерде ондай қасиет болмайды. Сондықтанда ондай топ сөздер тіркесі емес. Дегенмен кейде ол топқа жатпайтын қызыл ала, көк жасыл, жеті жүз жиырма бір, алты жүз, мың бес жүз, оқып отыр, оқып еді тәрізді сөздер тобынан не салаластық, не сабақтастық элемент таба алмаймыз. Әсіресе мұндағы сын есім, сан есімдермен салыстырғанда күрделі етістіктерде бір сыңары толық мағыналы да, екінші сыңары көмекші қызметте жұмсалады. Соңғы кезде сабақтаса байланысқан топпен бірге салаласа байланысқан сөздер тобын да сөз тіркесіне жатқызу жағы көріне бастады. Ондай сөздер тобы күрделі сөздер тобын құрайтындықтан, өзара сөз тіркесі бола алмайды. Тек сабақтаса байланысқан сөз тіркестері арқылы сөз тіркестерінің заңдылықтары жан-жақты айқындалады.

II Қазақ тіл білімінде сөз тіркесінің зерттелу тарихына шолу
Сөз тіркесінің жалпы мәселелермен бірге оның жеке тілге, яғни қазіргі қазақ тіліне тікелей қатысты мәселелерін жан-жақты зерттеу қажет. Бұл - оның байланысу формасы мен байланысу тәсілі, түрлері, кейбір сөз таптарының тіркесу қабілеті т.б. мәселелерді жеке-жеке қарауды талап етеді. Біз төменде сол мәселелердің әрқайсысына арнайы тоқталамыз.
Тілдің басқа салалары сияқты, оның синтаксистік құрылысы да даму барысында өзгеріске түсіп отырады. Синтаксистік құрылыстағы өзгерістер қоғам өміріндегі сондай құбылыстармен тығыз байланысты болып келетіні тіл білімінде әр кез айтылып жүрген жайт. Ал, синтаксистік құрылымының үлкен бір саласы - сөз тіркестері құрамындағы болуға мүмкін өзгерістер жайлы Н.Ю.Шведова: «Изменения в системе словосочетаний происходят значительно быстрее, чем в системе предложения» деп атап атйтады.. Осы пікірді қазақ тілі материалы бойынша Т.Қордабаев, С.Исаев, т.б. көптеген авторлар қолдайды.
Сөз тіркестері құрамындағы өзгерістер олардың құрылымдық ерекшеліктерінен, яғни, байланысу формасынан, байланысу амалдары мен құрылымдық түрлерінен көрінеді. Сөз тіркесінің байланысу формалары мен тәсілдеріндегі өзгерістер, шындап келгенде, морфологиялық, яғни әрбір сөз тобы құрамында кейін пайда болған құбылыстармен тығыз байланысты. Екінші сөзбен айтқанда, сөз тіркесіндегі өзгерістер, түптеп келгенде, әрбір сөз табының тарихи дамуымен тығыз байланысып жатады.
Синтаксистегі өзгешіліктердің морфологиялық өзгерістерімен тығыз байланыстылығы туралы айта келіп Б.Серебренников пен Н.Гаджиева «туыс тілдерде тарихи морфологиялық тарихи синтаксис болмайды» деп, біріншіден, басқа тілдермен салыстыру дәрежесін, екіншіден, бір фактіні бір тілдің бұрынғы күйі мен қазіргі күйі тұрғысынан салыстыруды ұсынады.
Қазақ тілі ыңғайында мына тәрізді тарихи өзгерістерді айтуға болар еді. Кейбір қосымшалар бір байланысу формасындағы сөз екінші байланысу формасына ауыстырып жібереді. Мысалы, -шы қосымшасы Жүреді қашанғы өлмей адам («Топ жарған») деген мысалдағы қашан сөзі барыс жалғауында өлмей сөзімен өзара меңгеріле байланысқан сөз тіркесін құраған. Дегенмен, оған -ша қосымшасының жалғауы енді оны қабыса байланысқан сөз тіркесіне айналдырған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет