3. Номинативті мән. Сөз тіркесінің сөйлемдегі атқаратын қызметі туралы де бірнеше көзқарастарды байқауға болады. Жалпы сөз тіркесімен сөйлемнің әрқайсысының өз қызметі бар. Сол қызметті сөз тіркесінде номинативті сөйлем коммунативті екені туралы пікір алғаш рет В.В.Виноградовтың еңбектерінде кездессе, соңғы еңбектерде олардың ерекшеліктері түрлі бағытта айтылып жүр.
В.В.Виноградов, А.С.Смирницкий, В.В.Бабайцева, А.Н.Баскаков сөз тіркестерінің номинативті мәнін айтса, В.Г.Адмони сөз тіркесінде номинативті мәнімен бірге коммуникативті мәні туралы да айтады. Ю.В.Фоменко сөз тіркесінің номинативті екенің жоққа шығарса, А.Моисеев, М.Балақаев сөз тіркесінің граматикалық жағына назар аударады. Жалпы номинативті мән сөзге тән, сондықтанда сөз заттың, қимылдың, санның, сынның атауы болатыны дау тудырмаса керек. Ал сөз тіркесінен номинативті мән іздеудің ойға қона қонбайтынын мынадай жайттардан байқауға болады. Сөз заттың, құбылыстың, сапаның атауы болса, сөз тіркесі сондай номинативті таулардан құралған синтаксистік топ. Сөз тіркесіндегі сөздер номинативтікте (атауышты) білдіру үшін емес, толықтауыш, пысықтауыш, анықтауыш сияқты жаңа грамматикалық мағыналарды білдіру үшін тіркеседі. Олай болса, жақсы студент, екі бала, баланың кітабы деген сөз тіркестеріндегі әрбір бағыныңқы сөздердің әрқайсысының өзіндік номинативті мәні бар екені мәлім. Енді сол номинативті мәні бар сөздердің тіркесі арқылы тағы бір номинативті мән пайда болады деуге келе бермейді. Демек номинативті мән тек жеке сөздерге тән, кейде ондай мән сөз тіркестеріне формалық жағынан ұқсас келетін күрделі сөзді терминдер мен күрделі атау, газет. Журнал, мақала, кітап аттары мен ТТ ғана болады.
КТ кемінде екі-үш сөзден құрала отырып, олардың әрқайсысының өзіндік жасалуы болады. Сол тобымен тілде номинативтік қызметте жұмсалады. Әрине сол КТ пен сол іспестес синтаксис тіркестер кейде бір-біріне үқсас та бола береді. Мына мысалдарға назар аударайық.
үлкен
кіші
тау
биік
қарлы аласа
тау ^^ қарсыз
Бұлар тау сөзінің әр түрлі сындық қасиетін көрсетсе керек. Ондай сындар тау сөзінің әр түрлі қасиеттерін көрсетеді де, өзінің анықтайтын сөзімен синтаксистік сөз тіркесін құрайды. Сол сияқты Ардақөзені бар да, сол өзеннің әр түрлі ерекшелігін білдіретін сөздер еркін синтаксистік топ құрайтын болса, енді Кіші Ардақ ән аты арқылы белгілі бір атау ретінде де жұмсалады. Осы сияқты номинативтік мән сын есімді анықтауышты тұлғадағы сөздер арқылы ғана емес, «Біз тау қиялап жүріп келеміз»немесе «Өзіміздің туган жерде еңбек ңарңынынарттырудамыз» деген сөйлемдердегі асты сызылған зат есім мен көсемшенің, есімше мен зат есімнің тіркесі «Тау қиялап, Туған жер»атауыш тіркестердің қызметі мен мәні бірдей емес. Біріншісінде кәдімгі еркін тіркес ретінде жұмсалса, екіншісі әннің аты ретінде жұмсалған. Сол сияқты осы тұлғалық ерекшеліктерде «Қазақстан әйелдері», «Қазақстан мұғалімі», «Үгітші блокты»сияқты журнал аттары немесе Мешін жылы, Тұнық су, Адамзатқа хат сияқты кітап аттары сол сияқты басқа да атаулар сол арнайы кітап, журнал беттерінде жазылған орнында ғана номинативтік мәнге ие де, егер тұнық судан іштім, мешін жылы туыппын сияқты айтылатын болса, әдеттегі анықтауыш анықталушы сөздер тобы болып шығады. Сол формада еркін тіркесте немесе осы сияқты күрделі атау ретінде жұмсала береді. Сонда күрделі атау, терминдер кемінде екі сөзден бірігіп жұмсалғанымен, олар сол тобымен бір заттың атын білдіруі, олардың еркін тіркестен негізгі айырмашылығы болып табылады. Сонымен кез келген екі немесе одан да көп сөзден келген сөздер тобының бәрі еркін тіркес ретінде жұмсалмай, атауыш қызметінде де жұмсалады. Ондай қызметте жұмсалатын сөз тіркестеріне газет, журнал, кітап аттары, КТ күрделі атаулар жатады.
Д.В.Фоменко номинативті мән туралы айта келіп: «номинативті мән анықтауыштық қатынастағы дара сөз тіркестеріне (белая березка), тән дей келіп, ал (редкая критика профорга за бездеятельность) күрделі және құрама сөз тіркестерінде ойлану керек деген болатын. Шындығында, жай сөз тіркестерінен номинативті мәнді іздеуі автордың күрделі атау мен еркін сөз тіркестерін ажыратпаудан шығып отыр. Негізінде номинативті мән сөз тіркестерінің дара түріне тән, күрделі түрі жайлы ойлану керек деген пікіріне біз қосыла алмаймыз. Негізінде сөз тіркесін дара , күрделі, тіпті аралас түрлері жайында номинативті мәннен гөрі грамматикалық жағына назар аудару - негізгі принцип.
Сонымен сөз тіркестерінен номинативті мәннен гөрі олардың синтаксистік ерекшіліктерін айқындау орынды.