Дипломалды Практика өтетін орны: «Барыс Мунай»



бет1/10
Дата02.02.2024
өлшемі90.65 Kb.
#490648
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Неталиева отчет


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
БАИШЕВ УНИВЕРСИТЕТІ


ПРАКТИКА ЕСЕБІ




Неталиева Айдана
«5В050800» «Есеп және аудит» мамандығы, 3/3 топ студенті
Білім беру бағдарламасы: Бакалавр
Оқыту нысаны: Күндізгі қашықтан
Практика түрі : Дипломалды
Практика өтетін орны: «Барыс Мунай» ЖШС
Практика өтетін уақыты: 18 қаңтар-26 сәуір
Университеттен практика жетекшісі: Кенбейлова Г.А.
МО
Ұйымнан практика жетекшісі:_Садуакас Ж.Б.
МО

Мазмұны

Кіріспе........................................................................................................................................................3
1. «Барыс Мунай» ЖШС-нің экономикалық сипаттамасы...............................................................5
1.1Кәсіпорынның өндірістік құрылымы.................................................................................................5
1.2«Барыс Мунай» ЖШС-нің ұйымдық құрылымы..................................................................................6
1.3«Барыс Мунай» ЖШС еңбек құралдарын пайдалану сипаттамасы....................................................8
2.« Барыс Мунай» ЖШС-нің қаржылық жағдайын талдау.................................................................11
2.1«Барыс Мунай» ЖШС өндірістік үрдісін талдау..................................................................................11
2.2.Қаржылық нәтижелерді және меншікті капиталды есепке алу......................................................15
2.3 Кәсіпорынның қаржылық есептілік құрылымы...............................................................................19
3. «Барыс Мунай» ЖШС ұйымының кәсіпкерлік тәуекелін және банкроттық мүмкіндігін бағалау.......................................................................................................................................................22
Қорытынды..............................................................................................................................................24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................................................................26

Кіріспе

Дипломалды практикадан өтуіміздің мақсаты - осы 3 жыл бойы оқыған теориялық білімімізді іс-тəжірибеде көрсете білу. Жəне өз білімімізді əрі қарай жетілдіруіміз үшін жасалған шаралардың бірі деп ойлаймын.


Мен, Неталиева Айдана өз дипломалды тəжірибемді Ақтөбе қаласындағы “ Барыс Мунай ” ЖШС-нде өткіздім. Мен кәсіпорында 2021 жылдың 18 қаңтар айынан 26 сәуір аралығында іс-тəжірибеден өттім.
Жалпы мен іс-тəжірибемді өткізген мекеме яғни “ Барыс Мунай ” ЖШС қызметінің негізгі мақсаты: жарғысы бойынша қызметінен табыс алу болады. Өндірістік практика барысында дипломдық жұмысыма қажетті материалдар жинақтадым. Мен онда жүріп көптеген мəліметтерге қанық болдым, өзіме қажетті бағдарламаларды жəне осы мекеменің арнайы бағдарламаларымен таныстым.
Мен бұл есеп беру жұмысымды үш бөлімге бөліп қарастырдым. Бірінші бөлімде жалпы кəсіпорынның құрылымы сипатталған болса екінші бөлімінде кəсіпорынның қаржылық жағдайы талданған. Кәсіпорын перспективалары туралы үшінші бөлімде жазылған.
Дипломалды тәжірибенің мақсаты - кәсіпорынның бухгалтерлік және статистикалық есебін зерделеу, қаржылық жағдайды зерттеу.
Тәжірибенің міндеттері мыналар болып табылады:

  • кәсіпорының қаржылық жағдайы жайлы ақпарат жинау;

  • мамандық бойынша тәжірибе алу;

  • болашақ кәсіби қызметтің міндеттерін табысты шешудің аса маңызды шарты ретіндегі құқықтық мәдениеттің дамуы;

  • таңдалған мамандық бойынша тәжірибені зерттеу;

  • басқарушылық шешімдерді қабылдау және алынған теориялық білімдердің негізінде жүзеге асыру, сондай-ақ олардың орындалуын бақылау әдістерін меңгеру;

  • дипломдық жұмысты дайындау және жазу үшін қажетті мәліметтерді жинау;

  • есептілікті жазуға ақпарат жинақтау.

Мекеменің қаржы бөлімінде жұмыс жасап, төлем ақы не екендігін, онымен қалай жұмыс жасау қажет екендігін, кəсіпорынның қандай банктермен жұмыс жасайтындығы жайлы мəліметтермен таныстым. Жалпы кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін жүргізу тәсілдері, құжаттары және есептіліктер жайлы ақпарат алдым.
Мен бұл есеп беру жұмысымды 3 бөлімге бөліп қарастырдым.
Бірінші бөлімде жалпы кəсіпорынның құрылымы, Барыс Мунай» ЖШС-нің экономикалық сипаттамасы, кәсіпорынның өндірістік құрылымы, «Барыс Мунай» ЖШС-нің ұйымдық құрылымы, " Барыс Мунай " ЖШС еңбек құралдарын пайдалану сипаттамасы көсетілген.
Екінші бөлімінде кəсіпорынның қаржылық жағдайын талдау сипаттамасы көрсетілген. Сонымен қатар кәспорын өндірісінің кәсіпорынға қаншалықты пайда әкелетінін көрсетілген. «Барыс Мунай» ЖШС-нің қаржылық жағдайын талдау үшін " Барыс Мунай " ЖШС өндірістік үрдісін талдау, қаржылық нәтижелерді және меншікті капиталды есепке алу, кәсіпорынның қаржылық есептілік құрылымын зерттедім.
Ал үшінші бөлімде " Барыс Мунай " ЖШС ұйымының кәсіпкерлік тәуекелін және банкроттық мүмкіндігін бағалау жүргізілді.
Үш бөлімнен кейін қорытынды бөлімі көрсетілген. Онда тәжірибе барысында зерттелген құжаттар және тәжірибе нәтиже жазылған.
Кәсіпорында тәжірибе өту кезінде жиналынған ақпарат көздері мен есептіліктерді зерттеу үшін пайдалынылған әдебиеттер тізімі де көрсетілген.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет