Дипломалды Практика өтетін орны: «Барыс Мунай»



бет9/10
Дата02.02.2024
өлшемі90.65 Kb.
#490648
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Неталиева отчет

Қорытынды

Тәжірибені 21 қаңтар мен 24 сәуір аралығында «Барыс Мунай» ЖШС-нде өттім. Кәсіпорынға келгеннен кейін жалпы қауіпсіздік ережелерімен және кәсіпорын ішіндегі ұйымдық ережелермен толық таныстым.


Тәжірибе барысында келесі құжаттармен таныстым:
1) Кәсіпорын жарғысы және негізгі ережелері;
2) «Барыс Мунай» ЖШС-нің 3 жылға шоғырландырылған есептері;
3) «Барыс Мунай» ЖШС-нің қызмет ету шарттары;
4) Кәсіпорынның қаржылық есептілігі;
5) Табыс пен шығыс туралы есеп;
6) Кәсіпорын балансы.
Осы құжаттармен танысу маған келесі қорытынды жасауға мүмкіндік берді:

  1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауға мүмкіндік алдым;

  2. Дипломалды тәжірибе үшін қажетті ақпаратты жинақтадым.

Тәжирибеден өту барысында теориялық білімді толықтырып қана қоймай, жетілдіруге мүмкіндік алдым. Тәжірибе нәтижесінде кәсіпорын қызметін жүргізу бойынша жаңша мәліметтерді игердім. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау барысында қаржылық жағдайға сыртқы және ішкі факторлардың әсері болатынын анықтадым.
Практикадан өту барысында келесі дағдыларды жетілдірдім:
1) кәсіпорынның негізгі өндірістік қызметін талдау;
2) кәсіпорынның қаржылық жағдайын бақылау;
3) есептілікті жүргізуді үйрену;
4) жұмыс ортасына бейімделу.
Кәсіпорында тәжирибе өту барысында мамандыққа деген жаңаша көзқарас пен ынта пайда болды. Бұның барлығы болашақта оқу бітіргеннен кейін сапалы жұмыс жасауыма үлкен мүмкіндік береді деп есептеймін.
Кәсіпорынның өндірістік құрылымы деп оны құрайтын учаскелердің, қызметтердің құрамы және өнім өндіру процесінде олардың өзара байланысының нысандары түсініледі. "Барыс Мунай" ЖШС өндірістік құрылымының басты элементтері жұмыс орындары мен учаскелері болып саналады.
"Барыс Мунай" ЖШС түсіндірме жазбасы ұйымның есеп саясатына қатысты мәліметтерді ашып, сондай-ақ есептілікті пайдаланушыларды қосымша деректермен - есептің кестелік нысанында жеткілікті түрде ашылмаған, бірақ "Барыс Мунай" ЖШС ұйымы қызметінің көрсеткіштерін бағалау үшін пайдаланушыларға қажетті деректермен қамтамасыз етеді.
2018 жылғы 28 ақпандағы № 234-III "бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Заң" Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жүргізу ережелерін регламенттейтін нормативтік-құқықтық құжаттардың бірі болып табылады. Осы Заңның 15-бабында қаржылық есептілік өзіне кіреді:
1) бухгалтерлік баланс;
2) пайда мен зиян туралы есеп;
3) ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;
4) капиталдағы өзгерістер туралы есеп;
5) түсіндірме жазба.
"Барыс Мунай" ЖШС кәсіпорны қызметінің қаржылық нәтижесі есепті кезеңдегі оның меншікті капиталының шамасының өзгеруінен көрінеді. "Барыс Мунай" ЖШС кәсіпорнының өз капиталының ұдайы өсуін қамтамасыз ету қабілеті қаржылық нәтижелер көрсеткіштерінің жүйесімен бағалануы мүмкін. Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерінің ең маңызды көрсеткіштері жылдық және тоқсандық бухгалтерлік есептің №2 нысанында ұсынылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет