133
Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық етуі табысты өтетініне сенім
білдірді. Елші Сауд Арабиясы аш-Шура Мәжілісі (Консультативтік Кеңес)
Төрағасының Эр-Риядқа ресми сапармен келуге шақыруын Қ.
Тоқаевқа табыс
етті.
(«Ана тілі» газетінен)
42-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Дипломатқа тән қасиеттерді атаңыз.
2.Белгілі бір дипломатты таңдап, оның сыртқы және ішкі келбетін
жазыңыз.
3.Ұлы Абылай хан, халқымыздың үш дана билері – Төле би, Әйтеке би,
Қазыбек би туралы не білесіз?
4. Елшілік дегеніміз не?
5. Елшінің негізгі міндеттерін атаңыз.
СОӨЖ тапсырмасы.
«Дипломатия жаршысы» журналынан белгілі дипломаттар туралы оқып,
презентация жасау.
Халықаралық ұйымдар
Международные организации
Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы
Алғашқы кезде Еуропаның Қауіпсіздік және Ынтымақтастық жөніндегі
Кеңестің негізі 1973 жылы Кеңестер Одағының ұйытқысымен қаланыпты. 1973
жылы шілде айында Шығыс пен Батыс елдері арасында орын алған шиеленісті
жағдайды реттеу үшін Хельсинкиде 33 мемлекеттің басшылары бас қосқан еді.
Сол кезде басталған келісімшарттың соңғы қорытындысына 1975 жылы 1
тамызда Хельсинкиде қол қойылды, ол тарихқа «Хельсинки келісімі» деген
атпен енді. Еуропа Қауіпсіздігі және Ынтымақтастығы Кеңесінің ресми
құрылған кезі де сол 1975 жыл болып саналады.
Алғашқыда оның құрамында
33 ел болды. Бүгінгі таңда бұл халықаралық ұйымға Еуропа, Орта Азия және
Солтүстік Американың 56 мемлекеті мүше. Құрылғанына 40 жылдай уақыт
болған ЕҚЫҰ – әлемдегі ең беделді ұйымның бірі. Ол үш бағытта жұмыс
атқарады — қауіпсіздік, ынтымақтастық және адам құқы.
Жетпісінші жылдары бұл ұйым тек Еуропадағы Кеңес ретінде құрылды.
Тоқсаныншы жылдары күрделі
өзгерістер болып, бүгінгі аты беріліп,
заңдастырылды. БҰҰ Жарғысына сай, ұйымның басты мақсаты – Еуропада
болуы мүмкін дағдарыстың,
жанжалдардың алдын алу, болдырмау, болып
134
жатқан жанжалдарды реттеу, осы ұйымға мүше елдердің қарулануын бақылау,
сенім мен қауіпсіздік шаралары, адам құқықтары,
экономикалық және
экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сайлауға бақылау жасау, басқа да
демократиялық процестерді дамыту. Бұл халықаралық ұйым құрылған кезінен
бастап әлемдегі бейбітшілікті сақтау ісіне зор үлесін қосып келеді.
ЕҚЫҰ-ның басқарушы органы –Тұрақты кеңес болып табылады. Аталған
ұйымға мүше елдердің басшыларының және үкімет басшыларының кездесуі–
ЕҚЫҰ Саммиті сирек өткізіледі. Қырық жылдай уақытта жоғары дәрежедегі
осындай саммит
тек алты рет қана болыпты, олардың қатарында 1975 жылғы
ұйымның негізгі құжатын қабылдаған Хельсинки Саммиті, 1990 жылғы Жаңа
Еуропа Хартиясына қол қойылған Париж Саммиті, 1994
жылғы ұйымның
негізгі құрылымын өзгертуге шешім қабылдаған Будапешт Саммиті, Будапешт
келісімі бойынша
Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы болып
өзгерді.
1996 жылғы «ХХІ ғасырдың Еуропасы үшін жалпы және жан-жақты
қамтитын қауіпсіздік үлгілері» туралы Декларация, «Қарулануға бақылаудың
негіздері» және «Қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимыл бойынша форумның
күн тәртібін дамыту» туралы құжаттарды бекіткен Лиссабон кездесуі және 1999
жылғы Еуропа қауіпсіздік Хартиясына қол қойылған Стамбул Саммиті бар.
ЕҚЫҰ-ның бюджеті 2009 жылы 185,7 миллион еуроны құрады. Бюджет
қаржысы ұйымға мүше елдердің төлеген жарнасы негізінде құралады.
Ұйымның орталық аппаратында 370 адам қызмет істейді. Оған қоса,
ұйымның түрлі жобалары мен миссияларын жүзеге асыруға қатысатын 1000-
нан астам адам бар және ұйым өз миссиясын
орындайтын елдерден
тартылатын 2000-дай сол елдердің азаматтары да оның қызметіне
атсалысады.
ЕҚЫҰ Еуро
-Атлантика және Еуразия кеңістігін біріктіріп отыр. 1992
жылдың қаңтарында Қазақстан Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық
Ұйымының мүшесі болып қабылданды. 1995 жылы Вена қаласынан
Қазақстан Республикасы өзінің тұрақты өкілдігін ашты. 2010 жылы Қазақстан
ЕҚЫҰ-ға төраға болып сайланды.
Достарыңызбен бөлісу: