132
1953 жылы 17 мамырда дүниеге келген. Мәскеу
Мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын,
Пекин Лингвистикалық институтын (ҚХР), Ресей
Федерациясы
Сыртқы
істер
министрлігінің
Дипломатиялық академиясын бітірген.
Халықаралық
істер жөніндегі маман, саяси ғылымдарының докторы.
Ағылшын, қытай және француз тілдерін жетік
меңгерген. Дипломатиялық дәрежесі –
Төтенше және
Өкiлеттi Елшi. Мамандығы бойынша КСРО Сыртқы
істер министрлігінің орталық аппаратында, шетелдік
өкілдіктерінде қызмет
еткен. 1992 жылдың наурызынан бастап – Қазақстан Республикасы Сыртқы
істер министрінің орынбасары, бірінші орынбасары. 1994
жылдың қазанынан
бастап – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі.
1999 жылдың наурызынан бастап – Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
министрі. 1999 жылдың қазан – 2002 жылдың қаңтар аралығында – Қазақстан
Республикасының Премьер-Министрі. 2002 жылы қаңтар – 2003 жылы маусым
аралығында – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Хатшысы – Сыртқы
істер министрі. 2003 жылы маусым – 2007 жылы қаңтар аралығында –
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі.
Қазақстан Республикасы
Президентінің Жарлығымен 2007 жылдың қаңтарынан бастап – Қазақстан
Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, үшінші сайланымдағы
Қазақстан
Республикасы
Парламенті
Сенатының
Төрағасы
болып
тағайындалады. «Парасат», «Қазақстан Республикасының
Тұңғыш Президенті
Нұрсұлтан Назарбаев» ордендерімен, төрт медальмен марапатталған.
Қазақстанда және шет елдерде жарық көрген халықаралық қатынастар
мәселелері жөніндегі алты кітаптың және көптеген мақалалардың авторы.
2011 жылдың наурыз айында Қазақстан
Республикасы Парламенті
Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның Женевадағы
бөлімшесінің Бас директоры қызметіне тағайындалды.
Достарыңызбен бөлісу: