129
Мысалы, әскери операциялардың, саммиттердің, кездесулердің барысы
жөнінде.
Коммюнике (фр. communique от лат. соmmunicatio – сообщение, передача)
Официальное уведомление о ходе или результатах международных
переговоров, соглашений, ключевых событиях в жизни страны. Например,
о ходе военных операций, саммитах, сборах.
37-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Халықаралық келісім жобасы, консулдық шарт қалай жасалады?
2. Дипломатиялық келіссөздер дегеніміз не?
3. Жақында өткен дипломатиялық келіссөздер туралы әңгімелеңіз.
4. Протокол дегеніміз не?
5.Декларация – халықаралық шарттардың мәмілелер түрінде жасалуы және
т.б.қандай жағдайда мәлімдемелер жазылады?
6. Коммюнике – ресми құжатының мағынасы нені білдіреді?
СӨЖ тапсырмасы. Интернеттен, БАҚ материалдары бойынша соңғы 1-
2 айдың ҚР мәлімдемелерін оқып, баяндама жазыңыз.
ЕЛШІЛІК
Елшілік – бір мемлекеттің екінші бір мемлекеттегі елші басқаратын өкілдігі.
Елшілікті төтенше және толық құқықты елші басқарады.
Елші – хаттамалық қатынас бойынша ең жоғары дәрежедегі дипломатиялық
өкілдіктің басшысы. Елші мемлекеттердің өзара келісімімен тағайындалады. Ол
тағайындалмас бұрын мына сатылардан өтеді:
1. агреман сұрау;
2. қызметке
тағайындалуы;
3. тағайындалған елге келуі;
4. сенім грамотасы тапсырылған соң қызметке ресми түрде кірісуі.
Достарыңызбен бөлісу: