Дипломатиялық және мемлекеттік құжаттарды рәсімдеу


Елшінің негізгі міндеттері



Pdf көрінісі
бет98/173
Дата12.09.2023
өлшемі2.02 Mb.
#477250
түріДиплом
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   173
Борибаева С.Қазақ тілінде дипломат

Елшінің негізгі міндеттері: 
1. Өзін аккредиттеуші мемлекет пен оның азаматтарының мүддесін қорғау; 
2. өзі орныққан ел өкіметімен келіссөздер жүргізу; 
3. аккредиттеуші мемлекет пен өзі орныққан мемлекет арасында өзара 
достық қарым- қатынасты дамыту
4. елші аккредиттеуші елдің атынан сөйлейді. 
Елшілік қызметкерлерінің пайдалана алатын белгілі бір жеңілдіктері бар.
Мысалы: жеке басына, тұрғын үйіне қол тигізбеу, кедендік жеңілдік, мемлекет 
ішінде еркін жүру құқы. 
Елшілік ұстау шығыны әр мемлекеттің өз мойнында. 
Бүгінде әлемнің 30-ға жуық елінде Қазақстанның елшілігі бар, 40-тан астам 
елдің елшіліктері біздің елде жұмыс істейді.


130 
 
38-тапсырма. Мәтінді оқып, жаттап алыңыз. 
 
АНТ 
Мен, Қазақстан Республикасының азаматы–––––––––––, Сыртқы істер 
министрлігіндегі дипломатиялық қызметке кірісе отырып, маған Қазақстан 
Республикасының сыртқы саясаты мен сыртқы экономикалық саясаты бағытын 
жүзеге асыруға қатысуыма жоғары сенім жүктелгендігін терең сезіне отырып
салтанатты түрде:
- Сыртқы істер министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінде және Қазақстан 
Республикасының шетелдегі мекемелерінде өзіме жүктелген қызметтік 
міндеттерді адал да шын ниетпен, кәсіби деңгейде орындауға
- өз Отанымның ұлттық мүдделерін қасиетті парыз, жоғары жауапкершілік 
сезіммен жан сала қорғауға және ол үшін күресуге, Қазақстан Республикасы 
Президенті белгілеген саясатты дәйекті түрде жүргізіп, Қазақстан халқына 
қызмет етуге; 
-халықаралық құқық субъектісі ретінде Қазақстан Республикасының саяси 
беделі мен рөлін біліктілікпен, табанды да нақты істермен арттыра беруге Ант 
етемін! 
Бұл Антты бұзуым Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің 
мемлекеттік қызметкері деген жоғары атаққа сай келмейтінін толық түсінемін.
мерзімі қолы Т.А.Ә. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   173




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет