Дипломатиялық және мемлекеттік құжаттарды рәсімдеу



Pdf көрінісі
бет107/173
Дата12.09.2023
өлшемі2.02 Mb.
#477250
түріДиплом
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   173
Борибаева С.Қазақ тілінде дипломат

2. Визаның мәртелігі 
ҚР визалары бір мәртелік, екі мәртелік, үш мәртелік және көп мәртелік болуы 
мүмкін. 
Визаның қолдану мерзімінің шегінде бір мәртелік визалар шетелдікке Қазақстан 
Республикасына бір мәрте келуге және Қазақстан Республикасынан шығуға құқық 
береді, екі, үш және көп мәртелік визалар тиісінше шетелдікке Қазақстан 
Республикасына екі, үш және көп мәрте келуге және Қазақстан Республикасынан 
шығуға құқық береді. 
3. Виза санаттары 


141 
9. Визалар санаттары бойынша төмендегідей бөлінеді: 
1) дипломаттық (ДВ); 
2) қызметтік (ҚВ); 
3) инвесторлық (ИНВ); 
4) іскерлік (ІСВ); 
5) жеке (ЖСВ); 
6) туристік (ТСВ); 
7) миссионерлік (МИВ); 
8) оқуға (ОУВ); 
9) емделуге (ЕАВ); 
10) жұмысқа (ЖЕВ); 
11) тұрақты тұруға (ТТВ); 
12) шығу визасы (ШЖВ); 
13) транзиттік (ТВ). 
 Дипломаттық виза (ДВ) 
Дипломаттық визалар: 
1) Қазақстан Республикасына жұмыс істеу үшін жіберілетін Қазақстан 
Республикасында тіркелген шетел дипломаттық өкілдіктерінің дипломаттық 
агенттеріне және консулдық мекемелердің консулдық лауазымды тұлғаларына 
және олардың отбасы мүшелеріне; 
2) Қазақстан Республикасына қызметтік сапармен жіберілетін, дипломаттық 
паспорттардың иелеріне; 
3) Дипломаттық агенттің мәртебесіне теңестірілген халықаралық ұйымдардың 
паспорттарының иелеріне; 
4) 
Қазақстан 
Республикасында 
тіркелген 
халықаралық 
ұйымдардың 
қызметкерлеріне және олардың отбасыларының мүшелеріне; 
5) шетел мемлекеттерінің, үкіметтерінің басшыларына және олардың отбасы 
мүшелеріне; 
6) дипломаттық паспорттарының иелері - шет мемлекеттері парламентінің, 
үкіметінің мүшелеріне және олардың отбасы мүшелеріне, сонымен қатар 
дипломаттық паспорттардың иелері – шетел ресми делегациясының мүшелеріне 
және олармен бірге жүретін адамдарға
7) курьерлік парағы бар болған жағдайда, дипломаттық поштаны тасымалдаушы 
дипломаттық паспорттардың иелері – дипломаттық курьерлерге; 
8) Қазақстан Республикасының құрметті консулдарына және олардың отбасы 
мүшелеріне; 
9) Қазақстан Республикасында тіркелген шетел мемлекеттерінің құрметті 
консулдарына және олардың отбасы мүшелеріне беріледі. 
Дипломаттық визалар төмендегі тұлғаларға берілмейді: 
1) дипломаттық паспорттарын көрсеткен, бірақ Қазақстан Республикасында 
дипломаттық сапасы танылмайтын тұлғаларға
2) дипломаттық поштаны тасымалдаушы адамның дипломаттық паспорты жоқ 
болған жағдайда. 


142 
Дипломаттық визалар бір, екі, үш және көп мәрте келуге және шығуға беріледі.
(Интернет материалдарынан алынған) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   173




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет