Дипломатиялық және мемлекеттік құжаттарды рәсімдеу


Реттік сан есімдер арқылы жасалатын күрделі тіркестердің дәстүрлі



Pdf көрінісі
бет11/173
Дата12.09.2023
өлшемі2.02 Mb.
#477250
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   173
Борибаева С.Қазақ тілінде дипломат

20. Реттік сан есімдер арқылы жасалатын күрделі тіркестердің дәстүрлі 
емле бойынша қалыптасқан бірнеше ерекшеліктері бар: 
 
а) реттік санды білдіретін араб цифрына -ншы/-нші, -ыншы/-інші 
қосымшалары дефис арқылы жалғанып, анықталушы сөзбен тіркеседі, мыс., 5-
ші бап (бесінші бап), Жарғының 5-ші тармағы (бесінші тармақ), 57-інші қатар 
(елу жетінші қатар). 
ә) араб цифры мен анықталушы сөздің арасында қойылған дефис реттік сан 
есімді танытады, мыс., 90-пәтер (тоқсаныншы пәтер), 82-үй (сексен екінші 
үй); бірақ 50 орындық (елу орындық), 40 бөлме (қырық бөлме), 35 адам (отыз 
бес адам); 
б) жыл, күн аттарын көрсететін реттік сан есімдердің жазылуы төмендегіше 
қалыптасқан: 2005 жыл (оқылуы: екі мың бесінші жыл); 1997 жыл (оқылуы: 


17 
бір мың тоғыз жүз тоқсан жетінші жыл); 7 шілде (оқылуы: жетінші шілде); 
18 тамыз (оқылуы: он сегізінші тамыз); 
в) ресми құжаттардың тілінде ай-күн аттарының жазылуының төмендегідей 
үлгілері де қолданылады: 1995 жыл 11 қараша – 1995 жылғы қарашаның 11-і 
(оқылуы: қарашаның он бірі); 1990 жыл, 22 сәуір – 1990 жылғы сәуірдің 22-сі 
(оқылуы: сәуірдің жиырма екісі); 
г) рим цифрымен берілген сан есімдер дефиссіз жазылады: I тарау (оқылуы: 
бірінші тарау); XXI ғасыр (оқылуы: жиырма бірінші ғасыр); ІІІ курс (оқылуы: 
үшінші курс); I дәрежелі диплом (оқылуы: бірінші дәрежелі диплом). 
д) егер атаудағы сан есім рим цифрымен жазылса, одан кейінгі сөз бас 
әріппен жазылады: XVII Халықаралық конгресс, V Кинофестиваль,ТМД 
халықтарының III Спартакиадасы. 
21. Географиялық атаулар.
Егер өз мағынасында қолданылса, әлем бөліктерінің атаулары кіші әріппен 
жазылады: солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс, оңтүстік-шығыс, солтүстік-
батыс. 
Географиялық бөліктердің ресми емес атаулары бас әріппен жазылады: Таяу 
Шығыс, Қиыр Солтүстік, Қиыр Шығыс, Оңтүстік пен Орталық 
мемлекеттері.
«Шығыс», «батыс», «оңтүстік», «солтүстік» сөздерінен басталатын күрделі 
әкімшілік атауларындағы екі сөз де бас әріппен жазылады: Шығыс Қазақстан 
облысы, Оңтүстік Осетин автономиялы облысы. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   173




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет