Дипломатиялық және мемлекеттік құжаттарды рәсімдеу


Ресми іс қағаздар стиліне



Pdf көрінісі
бет7/173
Дата12.09.2023
өлшемі2.02 Mb.
#477250
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   173
Борибаева С.Қазақ тілінде дипломат

Ресми іс қағаздар стиліне іс қағаздары, заң құжаттарының тілі жатады. 
Олардың атқаратын міндеті іс-тәжірибеде маңызды мәліметтерді хабарлау, 
нақты жөн көрсету. Тіл тәсілдері: кітаби, ресми сөздер мен сөйлемдер. 
Іс қағаздар стиліне әртүрлі мекемелерде, кәсіпорындарда, ұйымдарда 
жүргізілетін жазу үлгілері жатады. Іс қағаздары белгілі бір форма бойынша 
жазылады. Ол форманың түрлі үлгілері болады. Іс қағаздарының 
әрқайсысының бұрыннан белгілі бірыңғай сөздері мен сөйлем үлгілері болады. 
Іс қағаздары көбінесе, сол үлгі бойынша жазылады. Мұндай іс қағаздарды жазу 
онша қиынға соқпайды, ол алдын ала танысып жаттығу, дағдылану арқылы 
меңгеріледі. 
Ресми стильдің көлемі, мазмұны және жазылу формасы жағынан іс 
қағаздарынан біраз ерекшелігі бар. Ресми іс қағаздары белгілі бір қалыпқа 
(штампқа) түсіп отырады, онда сөз қолданысы ерекше болады. Ресми стильде 
көбінесе заң, жарғы, үкімет органдарының қаулылары

халықаралық шарт, 
келісім, дипломатиялық нота, үкімет хабарлары жазылады. 
 
Ресми құжат стильдеріне тән белгілер: 
-мазмұнының қысқа, тұжырымды баяндалуы;
-тұжырымдардың дәл, нақты болуы; 
-сөздердің тура мағынасында пайдалануы; 
-терминдер мен тұрақты орамдардың бірегейлігі; 
-терминдердің қолданылу жиілігі жоғары, Мемлекеттік терминология 
комиссиясы бекіткен нұсқасының пайдаланылуы.
Ғылыми стиль – ғылыми еңбектер, лекция, баяндамаларда жұмсалады. 
Сөйлеуде жалпылама – дерексіз, логикалық, дәлелдеу жағы басым. Тіл 
тәсілдері: жалпы және дерексіз мәндегі бейтарап, кітаби сөздер, ғылыми 
терминдер. 


11 
Көркем стиль көркем шығармаларда жұмсалады. Тілдік тәсілдері нақты, 
ауыспалы мағыналы сөздер болып, сөйлеу әдетте бейнелі, жанды, әсерлі, 
сезімді болады. 
Публицистикалық стиль газет, журнал, митинг, жиналыстарда 
пайдаланылады. Сөйлеу қызу, ұранды болып, көпшілікке ықпал жасау, 
қоғамдық істерге адамдардың дұрыс қатынасын қалыптастыру міндетін 
атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   173




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет