15. Қысқарған сөздерге қосымша жалғауда орфоэпиялық норма
басшылыққа алынады:
ТМД – ( айтылуы: ты-мы-ды), демек, ТМД-ның, ТМД-ға (ты-мы-ды-ға);
ІІМ (айтылуы: і-і-ім), демек, ІІМ-ге, ІІМ-нің;
ЖШС (айтылуы: жы-шы-сы), демек, ЖШС – ға, ЖШС-ның;
АҚШ (айтылуы: а-қы-ш), демек, АҚШ-тың, АҚШ-қа;
ҚазҰУ (айтылуы: қаз-ұ-у), демек, ҚазҰУ-дың, ҚазҰУ-ға.
16
16.
Халықаралық
стандарт
сипатындағы
аббревиатуралар
«қазақшаланбайды»:
Мысалы: ЮНЕСКО, ЮСАИД, НАТО, МАГАТЭ, ЮНИСЕФ; оларға қосымша
дыбысталуына сәйкес жалғанады: ЮНЕСКО-ға, ЮСАИД-ке, НАТО-ға,
МАГАТЭ-ге, ЮНИСЕФ-ке.
17. Қысқарған сөздерді тасымалдауға болмайды.
18. Ресми құжатта күрделі атаулар шартты түрде қысқартылып алынуы
мүмкін:
Мысалы, Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің
Ақпараттық – баспа орталығы – Қазақпарат.
19. Жалқы есімдердің жеке басты куәландыратын құжаттарда көрсетілген
нұсқасы жазылады:
Тимур Сабырұлы Уәлиханов
Қамажай Ыдырыс
Диана Асылханқызы
Мәлік Ыбрайхантегі
Светлана Ошақбаева Сейілхан Ыбрайханов
Асылхан Кеңесұлы
Балжан Мелісқызы
Қазақ аты-жөніндегі әкесінің атын білдіретін «ұлы», «қызы» сөздері бірге
жазылады.
Қазақ тілінде кісінің аты-жөні тегінен (фамилиядан ) бұрын келеді:
А.С.Әлжанов, Т.М.Шәкенова.
Туыстық қатынастарды, әлеуметтік жағдайды білдіретін түркі және араб
халқы есімдерінің ( оглы, зада, заде, бей, паша, аш, бек, зул, шах, ед, хан,)
бөліктері кіші әріппен, дефис арқылы жазылады: Тұрсын-заде, Оспан-
паша,Омар аш-Шәріп. Әл, ал бөліктері бар есімдер сөйлемнің басында бас
әріппен, сөйлемнің ортасында кіші әріппен, дефис арқылы жазылады:
Әл-Фараби, әл-Бируни, ал-Баис.
Достарыңызбен бөлісу: |