Дипломатиялық және мемлекеттік құжаттарды рәсімдеу



Pdf көрінісі
бет120/173
Дата12.09.2023
өлшемі2.02 Mb.
#477250
түріДиплом
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   173
Борибаева С.Қазақ тілінде дипломат

 
 
Көлденеңінен: 

1. Халықаралық құқықтағы дипломатиялық хат алмасу құжатының түрі. 
2. Біртараптық, қостараптық, көптараптық мәлімдеме. 
3. Бір мемлекеттің екінші бір мемлекеттегі елші басқаратын өкілдігі. 
 
Тігінен: 
4. Төлқұжатта көрсетілетін ресми белгі. 
5. Дипломатияның маңызды саяси құралы. 


156 
6. Белгілі бір елдің, ұйымның мүддесін білдіретін, оны жүзеге асыратын 
ресми адам. 
7. Республика бюджетін толықтыратын бірден бір сала.
8. Белгі, ескертпе мағынасын білдіретін құжат. 
 9. Қостараптық немесе көптараптық халықаралық шарттың атауы. 
 
52-тапсырма. Мәтінді оқып, салық жүйесі туралы өз пікіріңізді 
айтыңыз.
САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ 
Салық дегеніміз – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан 
белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. Салықтар – мемлекеттің 
тұрақты қаржы көзі.
Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында 
экономикалық тетік ретінде пайдаланады. Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің 
барлық кезеңдеріне тән құбылыс. Мемлекет қалай пайда болды, салық та солай 
пайда болған. Салық ең алғаш Қытайда пайда болды.
Қазіргі нарықтық экономикада салық жүйесі мақсатты жүргізілуі керек, 
салықтан жиналған қаржыны алдымен қажетті жерге жұмсау керек. Кез келген 
елде мемлекеттік шығындар мен салық салу мәселелеріне айрықша көңіл 
бөлінеді. Нарық қатынастары дамыған елдерде салық мемлекет қазынасын 
толтыруға үлес қосады. Содан болар, Америкада іскер адамның екі туған күні 
бар деп есептеледі: біріншісі – өзінің туған күні және екіншісі – оның салық 
инспекторымен есеп айырысқан күні.
Қазақстан Республикасындағы салықтар жалпы мемлекеттік және жергілікті 
салықтар болып екіге бөлінеді. Салық республикалық және жергілікті 
бюджеттерге түседі. Салықтық түсімдердің ішінде негізгі орынды жалпы 
мемлекеттік салықтар алады.
Тікелей және жанама салық түрлері бар. Олар салық салу принциптеріне 
негізделген. Табысқа және мүлікке тікелей салықтар салынады. Қосылған құнға 
салынатын салық, акциздер, кедендік баж салығы жанама салықтарға жатады. 
Жанама салықтарды сатушы емес сатып алушы, тұтынушы төлейді.
Салық және басқа да міндетті төлемдерді өтеуден жалтарған заңды 
бұзушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. /ҚР ҚК-тің 221-бабы/. 
( «Қазақ тілі» Қ. Қадашева, З.Ш. Ерназарова, Қ.Қ. Қанафиева)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   173




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет